Сырым Ертаев: Бастаған істі бүгін істеу керек. Ешқашан ертеңге қалдыруға болмайды
13.07.2018
1879
0

Елдің есінде болар, әйтсе де, қайталап айту артықтық етпейді: былтырғы жылдың 18 қазаны мен 10 қараша аралығында www.100esim.el.kz сайтында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ақтық кезеңіне қатысушыларға арналған онлайн-дауыс беру өтті.

Осы 3 апта аралығында «Қазақ­с­танның 100 жаңа есімі» жобасына 1 376 396 адам дауыс берді. Сол да­уыс берудің нәтижесінде «100 жаңа есім­нің» бірі Сырым Ертаев болды. Сы­рым – оңтүстіктің тумасы. Кәсіп­­кер. Жуырда оңтүстікқазақс­тандық жастар Сырыммен жүздесіп, емен-жарқын әңгіме жасады. Осы ретте айта кетейік, «Рухани жаң­ғыру» Оңтүстік Қазақстан облыстық жо­ба­лық кеңсесі және жастар ре­сурс­тық орталығының ұйымдас­ты­руы­мен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген бірегей тұлғалармен жастарды жүздестіріп, олардың ғылым, шығармашылық, кәсіпкер­лік саласындағы жеткен жетістікте­рін өскелең ұрпаққа таныстырып, Ел Тәуелсіздігінің тұғырлы болуына, әлеуметтік ахуалдың жақсаруына өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлғалардың еңбегін қоғамға таныту, үлгі ету мақсатында үлкен бастаманы қолға алып отыр.
Сонымен жастардың кезекті кездесуі «100 жаңа есім» жобасына енген Сырым Ертаевпен өтті. Іс-шара барысында Тәуелсіздік дәуі­рінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан тұлғаның жүріп өткен жолдары жөнінде ролик көрсетіліп, сөз қозғалды. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағ­дырларына өздері иелік ете ала­тын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынылды.
Сырым Ертаев — бүгінде «Қайып ата» ЖШС басшылық етеді. Қожалығында 5000 бас ірі қараны бағымға алып, одан күніне 30 тонна ет өндіруде. Ол сондай-ақ, ауылында бірқатар азаматтарды тұрақты жұ­мыс­пен қамтып, баспанамен қамта­масыз еткен. Кәсіпкердің қолдауына ауылдастары шынайы риза. Бас­қосуда кәсіпкер Сырым Махам­бетұлы кәсіп ашудағы тәжірибелерін ортаға салып, азаматтарды ынталан­дыратын тұшымды ойларын жет­кізді:
— Жастайымнан қолымда бар қаражатпен кез келген істің көзін тауып, одан табыс табуды құп көре­тінмін. Ауылда өскендіктен болар, малшаруашылығын өз ішімізде дамытып, біздің қоғамның арасында кеңінен насихаттауға бел будым. Сондықтан да, бүгінде айналысып жатқан кәсібімді өзім туып-өскен жерімде бастадым. Біздің өңірдің етіне шетелдіктердің сұранысы жо­ғары. Өйткені, күннің нұрын, жер­дің нәрін алған мал еті құнарлы болады.
Армандамаған адамның нақты ұстанымы болмайды. Армандаған соң, мақсат та құрылады. Көздеген іске де жетуге болады. Тілге тиек етер­лігі, бастаған істі бүгін істеу ке­рек. Ешқашан ертеңге қалдыруға болмайды.
Кездесуде жастардың бизнеске деген қызығушылығы айқын аң­ғарылды. Олар бизнесті ашу және бренд қалыптастыру бағытында сұрақтар қойып, қызықты мағлұмат­тарға қанықты. Сонымен қатар, жоба кейіпкері басқосу барысында кәсіп ашуға ынтасы бар жастарға тегін мастер-класс ұйымдастыруды ұсынып, бұл бағытта жүйелі түрде жұмыс істейтінін жасырмады. Сондай-ақ, жастар қауымы пайдалы кеңес айтып, тәжірибесімен бөліс­кен «100 жаңа есім» жобасының кейіпкері Сырым Махамбетұлына алғыстарын білдірді.
Қазақстанның кеңестік кезең­дегі, һәм Тәуелсіздік жылдарындағы дамуы – екеуі екі бөлек, ерекше дәуір. Жаңарған, жасарған елдің қуатты күшін «100 жаңа есім» жоба­сы әйгілей түскендей. Абыройлы тізімге Оңтүстік Қазақстан облысы­нан қатысып танылғандардың бірі – Әсел Далиева. Ол – тоғызқұмалақ­тан әлемнің 7 дүркін чемпионы. Бала кезден қызыққан ойын түрі бойынша оған дүниежүзінде тең келер қарсылас жоқ.
Бұдан бөлек, тағы 2 спортшы – мұ­қым қазақ елі мақтан тұтатын тұлғалар тізімінде. Олар – самбодан Азия және Еуропа чемпионы Құ­рал­бай Орынбасар және 15 жастағы каратэден әлемнің 2 дүркін чем­пионы Эдуарда Вельк. «100 жаңа есімде» аты аталғандар қатарында елімізге аты мәшһүр айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков, белгілі кә­сіп­кер, Түркістан, Шымкент қалала­ры­ның бұрынғы әкімі, «Отау груп» ком­па­ниясының президенті, Оң­түс­тік Қазақстан облыстық мәсли­хаты­ның депутаты Қайрат Молда­сейітов те бар. Сондай-ақ, еліміздегі ет экс­портының патшасы, ең ірі «Қайып ата» шаруа қожалығының бас­шысы Сырым Ертаев та осы санатта.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір