Рухани байланыс нығаймақ
29.06.2018
1193
0

Қазақстан Жазушылар одағына Қытай Халық Республикасы Бас консулдығының Мәдениет пен білім жөніндегі консулы Ван Цинпин келіп Қазақстан Жазушылар одағының басшыларымен кездесті. Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, төрағаның бірінші орынбасары Ақберен Елгезек, ҚЖО төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, ҚЖО хатшысы Ғалым Қалибекұлы, «Түркістан» газетінің Бас редакторы Жаңабек Шағатай қатысты.

Екі ел қаламгерлері арасындағы әдеби-мә­де­ни байланысты нығайту туралы сөз болған кез­де­суде қазақ жазушыларының шығармаларын қытай тіліне, қытай қаламгерлерінің туындыла­рын қазақ тіліне аудару, екі ел арасында мәдени-әде­би байла­ныс­тарды нығайту жөнінде сөз бол­ды.
Кездесу соңында ҚЖО-ның Бас­қар­ма төра­ғасы Ұлықбек Есдәулет Ван Цинпинге Қазақс­тан Жазу­шы­лар одағынан шығатын басылымдарды таныс­тырып, сый-сияпат тап­сырды. Өз кезе­гінде Ван Цинпин екі ел ара­сын­­дағы рухани бай­ла­ныс эконо­ми­калық бай­ланыстан да маңыз­ды екенін айтып, әдебиеттің қар­а­шаңы­ра­ғына өз сыйлығын ұсынды.

Мейіржан СЕРАЛЫ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір