Үшінші бастама жастарға күш береді
Елбасы ұсынған әлеуметтік бес бастаманың үшіншісінде «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» туралы айтылған. Білім гранттарын арттыру жоғары білім аламын деген жастарға зор мүмкіндік және болашаққа жұмасалатын тиімді инвестиция. Қазірдің өзінде қазақстандық жастардың үштен бірі мемлекеттік грант есебінен білім алуда.
Елімізде 530 мыңнан астам жас болса, олардың ішінде 30 процентке жуығы мемлекеттік грантпен білім алады екен.
Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін Елбасымыз бірнеше шараларды ұсынды.
Жыл сайын бөлінетін білім гранты тағы 30 пайызға артқалы отыр. Яғни, 2018-2019 оқу жылында, жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша тағы да 20 мың грант бөлу жоспарлап отыр. Бұл дегеніміз 74 мың жастың оқуға түсуіне мемлекет қаржылай көмек көрсетеді деген сөз. Кеше ғана алтын ұя мектептерімен қоштасып, ҰБТ тапсырған жас түлектер үшін бұл өте қуанышты жаңалық. Жастар сол мүмкіндікті тиімді пайдалануы керек. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беру жүйесіне арнайы бағытталуы тиіс. Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласының мамандары секілді мол сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, адам ресурстарына салынатын үлкен салым да назардан тыс қалмақ емес.
Әлемдік стандарттарға сай білім алып жатқан суденттердің тұратын орны да бүгінгі сұранысқа сай болуы қадағаланған. Қалалық емес жастардың бір парасы қала шетінен баспана жалдап, өмір сүруге мәжбүр екенін білесіздер. Ондай жағдайда білім жайлы қалай айтуға болады. Сөйтіп, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз етуді дұрыс жолға қою жайы талап етілген. Бүгінгі таңда ЖОО-дар мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамту мәселесі өткір болып отыр. Ол үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жекешеленген серіктестік пен біріккен қағидасымен жатақхана салу қолға алынады.
Елбасымыз, 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырды.
Бұл алдағы жылдарда өсе түсетін сұранысты ескергеннің өзінде жатақхана тапшылығын біржола шешуі мүмкін екенін айғақтайды.
Елбасымыз «Болашақ жастардың қолында» — деп, осылайша ел басқарар жастардың білім алып дамуына бар жағдайды жасауды көздеп отыр.
Жанар ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
ХАТУ-дың 1 курс студенті.
2018 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 6735 түлек қатысты, оның 3999-ы қазақ тілінде, 2731-і орыс тілінде және 5-і ағылшын тілінде. Өткен жылмен салыстырғанда қатысушылар саны 802 адамға артты. Шығармашылық емтиханды 379 түлек таңдады.
Қала бойынша орташа балл 101,2 болды, бұл өткен жылғыдан 3,7 баллға жоғары. Бітірушілердің 55% -ы 100 және одан жоғары балл жинады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7% артық. 314 алматылық түлек 130-140 ұпай жинады.
Биылғы жылы Алматы мектептерінің оқушылары орта есеппен 101,2 ұпаймен бірінші орынды иеленді. «Алтын белгі» иегерлерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 100-ден астам бітірушілерге артты.
Ең жоғары 140 ұпайға № 123 мектеп-гимназиясының түлегі Шиара Құдайбергенова ие болды. Ал, 139 баллды № 162 мектеп-гимназиясының түлегі Дәулет Хамзин мен №104 орта мектеп түлегі Әйгерім Ибрагимова иемденді. 137 және 138 баллды 14 адам жинады.