Рухани байланыс арта береді
18.11.2022
231
0

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бейлу Қазақстан Жазушылар одағына арнайы келіп, Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулетпен кездесті.
Кездесудің негізгі тақырыбына айналған қазақ пен түрік халқының арасындағы бүгінгі рухани байланыс жоспар бойынша іске асып келе жатқанымен, өзекті болып отырған тұстары да назардан тыс қалған жоқ. Суат Бейлу бұған дейін қазақ ақын-жазушыларын түрік тілінде оқығанын және аударма саласын әлі де болса бір жүйеге түсіру үшін, Қазақстан Жазушылар одағымен бірігіп жұмыс істеуге мүдделі екенін жеткізді. Құрметті қонақтың көтерген мәселесін қолдаған, Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет бауырлас елдер арасындағы рухани байланысты арттырып, қазақ пен түрік халқына танымал қаламгерлердің шығармашылығын жиі аударып насихаттау үшін бірігіп жұмыс атқаруға дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар келесі жылы Қазақстанда өтетін Әлемдік Поэзия фестиваліне қатысатын дүниежүзіне танымал ақындардың арасында түрік әдебиетінің көрнекті өкілі қатысатынын айтып, бүгін қозғалған мәселелер сол кезде кеңінен талқыланатын болды.
Кездесу соңында Ұ. Есдәулет арнайы келген Құрметті қонаққа сый-сыяпат жасады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір