Әдеби альманах: Қазақстан – Ресей
01.06.2018
913
0

25 мамыр күні Мәскеу қаласында екі ел қаламгерлері «Қазақстан – Ресей» әдеби альманахының тұсауын кесті. Осымен үшінші рет жарық көрген алманахтың тұсаукесеріне белгілі қаламгерлер, аудармашылар мен әдебиет сыншылары қатысты.

Тұсаукесерді «Литературная газета» басылымының Бас редакторы Максим Замшев кіріспе сөзбен ашты. 2014 жыл­дан бері Ресейдегі Қазақстан елшілігі мен «Литературная газета» басылымы Қазақ­с­тан мен Ресей елдерінің қаламгер­лері арасындағы тұрақты әдеби диалогты жүзеге асыру бастамасын қолға алды. Осы уақыт аралығында екі ел қаламгер­лері үш рет кездесу өткізіп, әдеби аль­ма­на­х­тың екі номері жарық көрді.
– Екі ел қаламгерлерінің шығарма­шы­лық кездесулері мен әдеби альманах­тың шығуы Қазақстан – Ресей арасын­дағы мәдени байланыстың қарқынын арттырды, – деді Максим Замшев.
Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, алғашқы альманах 2015 жылы жарық кө­ріп, екі елдің классик және заманауи қа­ламгерлеріне арналғанын еске салды. Ал 2016 жылғы екінші шығарылым екі елдің жас жазушыларының прозасын қамтыды. Ал үшінші шығарылымның ерекшелігі: қазақ және орыс қалмгер­лері­мен қатар, татар, башқұрт, якут, бурят авторлары мен Солтүстік Кавказ, Карелия және де Ресей елінің түкпі­ріндегі халықтар әдебиетімен таныс­тырады.
Ұлықбек Есдәулет бұл альманахтың екі ел арасындағы тамыры тереңде жат­қан әдеби байланыстарды одан әрі нығайтатын алаңға айналғанын баса айт­ты. Альманахтың Қазақстанда рухани жаңғыру, жаһандық талаптар алдындағы ұлттық ерекшелікті нығайту, қазақстан­дық мәдениеттің дамуы мен әлемдік рухани кеңістікке ену мақсатында жүзеге ас­ып жатқан «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ла­масының аясындағы маңызы зор деп атап өтті.
«Художественная литература» бас­пасының директоры Георгий Пряхин альманахтың үшінші ба­сы­лы­­­мы өте жарқын боп шыққандығын жеткізді.
Ұлттық әдебиеттің ролі турасында Қазақстан мен Ресей жазушыларының бі­рінші кездесуіне қатысқан қазақ жазушысы Төлен Әбдіковтың сөзінде айтылды. Ол саясаттан тыс осындай шығармашылық кездесулер жайын тілге тиек етті. Оның пікірінше, әдебиет моральдық сана қалыптастырып, жанды тазартады және адамдарды бүкіладамзат­тық құндылықтар төңірегіне біріктіреді. Ол Қазақстанда орыс тілін жоғары деңгейде білетіндігін атап өтті.
– Біз бір-бірімізбен достық қарым-қатынаста болуымыз керек. Нағыз жазу­шы бір сәттік саясатты басшылыққа ал­мау­ға тиіс. Саясат өзгереді, ал әдебиет қа­лады, – деді автор.
Жазушы әрі аудармашы Анатолий Ким болса қазақ әдебиетінің классик­терінің шығармаларымен жұмыс істе­гендегі таңқалысын жасырмады.
Қазақстан Жазушылар одағының орыс әдебиеті жөніндегі Кеңесінің төрайымы, альманахтың редакторы Любовь Шашкова басылым мен дайын­дық кезіндегі ерекшеліктермен бөлісті.
Тұсаукесерде шығармалары жинақ­қа енген басқа да авторлар, атап айтқанда астрахандық Юрий Щербаков, ростов-дондық Игорь Елисеев шығып сөз сөй­леді.
Қазақстанның Халық жазушысы Ол­жас Сүлейменов, Мәскеу Жазушылар ода­ғының хатшысы әрі «Литературные зна­комства» альманахының Бас редак­то­ры Лола Звонарева, әдебиетші Вла­димир Берязев, Ресей Жазушылар ода­ғының мүшесі, «Литературная газе­та»-ның Қытайдағы тілшісі Свет­лана Селиванова мен Ресей Жазушылар одағының мүшесі, Хакасия мәдениетіне ең­бегі сіңген қызметкер Наталья Ах­па­шева тұсау­кесерге қатысушыларға құт­тықтау сөздерін арнады.
«Қазақстан-Ресей» альманахының үшін­ші басылымы Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қа­ты­насқа 25 жыл толуына орай шығып отыр.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір