Қазақстан мен Чувашия арасындағы әдеби-мәдени ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды
02.09.2025
206
0

Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов Чуваш Республикасынан (Ресей) келген әдебиет және мәдениет өкілдерін қабылдады.

Кездесуге Қазақстандағы Чуваш ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Храмов Никита Данилович, белгілі жазушы-өлкетанушылар Лаврентьев Василий Михайлович және Осипов Виталий Петрович, сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасының орынбасарлары қатысты.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Чувашия арасындағы әдеби байланыстарды кеңейту, екі елдің қаламгерлері арасында шығармашылық алмасу ұйымдастыру мен бірлескен жобалар жасау сынды тақырыптарды кеңінен талқылады. Сондай-ақ екіжақты мәдени іс-шаралар ұйымдастыру, шығармашылық байланысты жандандыру мәселелері де назарға алынды.
Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов қонақтарға алғысын білдіріп, екі ел арасындағы тарихи-мәдени үндестіктің маңызды екенін атап өтті. Ол Қазақстан әдеби қауымдастығының халықаралық деңгейде ынтымақтастық орнатуға қашанда ашық екенін жеткізді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір