Қаһарман рухына тағзым
11.06.2018
1456
0

 

Жеміс БАПАЕВА,
«Қаһарман Қасым Қайсенов»
атындағы №33 орта мектептің
директоры.
Атырау қаласы.

_____________________________________________________________________

Қазағымыздың ақиық ақыны Хамит Ерғалиевтің «Қасым Қай­се­нов» деген арнау өлеңінде:
Әжем айтса ертегінің маңызын,
Тез таусылып қалушы еді таң ұзын.
Ендігіге біздің Қасым Қайсенов –
Ертегіден артығырақ аңызым! –
деген көрегендік түйін бар. 2007-жы­лы шыққан «Қаһарман» атты кі­таптан осы өлеңді оқып, Хамит аға­ның: «Ертегіден артығырақ аңы­зым!» деген адамының пар­тизандық-жауынгерлік жолына үңіле түскім келді. Қасым ағаны сырт­тай білетінмін, өзінің кітап­та­рын, ол кісі туралы жазылған ма­қалаларды, өлең-жырларды оқы­ғанмын.
Қасым аға 89 жасында көз жұм­ған жылы шығарылған естелік кі­тап – «Қаһарманда» басқа да өте тар­тымды, толғанысты, тебіреністі ма­қалалар, өлеңдер бар екен, со­ларды оқып, ерлік даңқы Қазақ­стан­нан тыс елдерге жетіп жатқан Ба­тырдың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандығына тәнті болдым. Атақты партизанымыз туралы де­рек­ті, әсерлі көркем фильмді кө­ріп, қуанып, мақтаныш еттім. Ме­ні сол сезімім баурап, мек­те­бі­міз­ге «Қазақстанның Халық қаһар­­­маны Қасым Қайсеновтің» атын қою жөн болар еді деген ой сал­ды. Облыс басшылығына ұсы­ныс жасап едім, бірден қолдады.
Сонымен, биылғы 9-мамыр – Жеңіс күні алдында қуаныш тойы­мызды жасауды ұйғарып, күні­ бұ­рын Алматыға, Жазушылар ода­­­ғына те­лефон шалып, Қасым атаның от­басымен байланыстым. Жұбайы – 97 жастағы Асыл апа тың екен, той­ға шақырғанымызға ерекше ри­за болып, алғысымен алқап: «Ай­на­лайын балаларым, Қа­сым­ның аруағын ардақтағандарыңа ри­замын, ұстаздық табыстарың көп болып, жүз жасаңдар! Өкініш­ке қарай, мен үйден ұзап шығудан қорғанамын, тойларыңа бара ал­май­мын, ақ ниеттеріңе рахмет!» де­ді. Ал балалары Қасым атаның ту­ғанына 100 жыл толуын атап өт­пек атамекеніне – Шығыс Қа­зақ­­станға аттануға дайындалуда екен.
Мен Жазушылар одағымен қайы­ра хабарластым. Одақ бас­қар­масының төрағасы Ұлықбек Есдәулетов іссапарда екен, оның орын­басары, белгілі жазушымыз Ме­реке Құлкеновке біздің мек­теп­ке Қасым Қайсенов аты берілуін және Қаһарманның 100 жылдығын ұйыстыра тойлау жоспарымызды, тойға Қаскеңнің отбасынан келе­тін­дер болмай тұрғанын, Асыл апа­мызбен сөйлескенімді айтып, Жа­зушылар одағы атынан өкіл жі­беруді өтіндім. Мереке бірден: «Қас­кеңмен көп жыл аралас-құра­лас, сапарлас болған бүгінгі ақ­са­қал жазушымыз Ғаббас Қабы­шұлы­ның барғаны дұрыс болады, мен ол кісімен сөйлесейін, келі­сер», – деді.
Сөйтіп, мамыр айының маңай­ды шұғыла-шуаққа бөлеген күнін­де сәті келіп, біздің Атырау об­лы­­­сы­­ның орталығындағы №33 мек­­­­­тебімізде салтанатты жиын бо­лып өтті.
Мектеп алдындағы алаңға көп­­теген ата-аналар мен ардагер ұстаз­дар жиналды. Оларды тарихи Жеңіс күнімен және мектепке «най­задан қол босаса, қалам ал­ған» (Бауыржан Момышұлы) даңқ­ты партизан-жазушы Қасым Қай­сеновтің аты берілуімен құт­тық­тап, тойға арнайы шақырумен Ал­матыдан келген меймандарды – қазақ әдебиетінің қазіргі ақса­қал­дарының бірі, қоғам қайратке­рі, публицист-жазушы, сатираның сар­дары Ғаббас Қабышұлын және республика Жазушылар одағы тө­рағасының орынбасары, белгілі қа­ламгер Мереке Құлкеновті көп­шілікке таныстырдым.
Одан кейін шәкірттердің «Әс­ке­ри парады» басталды. Оны әс­ке­ри істер мұғаліміміз Ж.Бегешев ұйым­дастарып, жаттақтырған. «Пар­тизан» шәкірттер қаһарман Қа­сым аталарының кітаптары бойын­ша партизан өмірінен сах­наланған шағын көріністермен, жауын­герлік ән-бимен жұртшы­лық­ты риза етті.
Мектепте Батыр атамыздың бөл­ме-мұражайы бар. Онда әр­жылдардағы фотосуреттері ілулі, ша­пан-бөрік дегендей киімдері қойыл­ған. Кітапханада Қасым аға­ның кітаптары, Батырдың өзі ту­ралы жазылған өлең-дастандар, гә­зет-журнал мақалалары бар. Сал­танатқа жиналғандар игі шара­мыздың бағдарламасындағы басқа да істерімізбен мұқият танысты, шә­кірттеріміздің партизан отря­ды­ның командирі Қасым Қай­се­но­втің басқыншы фашистердің ко­мендантын штабында атып өл­ті­ріп кеткен ерлігін паш еткен сах­налық көрінісін тамашалады. Одан соң бөлме-мұражайда әңгі­ме­лесу, пікір алысу болды.
Жерлес жазушымыз, көптеген игі істердің басы-қасында жүрген Мереке Құлкенов:
– Ертістің жаға­сында туып-өскен Қасым Қайсе­нов­тің 100 жыл­дығы Жайық жаға­сын­да тойлануы жарасымды. Бұл қа­зақ халқының тарихи тұтасты­ғын, басқын­шылардан елін қор­ға­ған батыр­ла­рының ерлігі жал­ға­сып жат­қанын көрсетеді. Қасым аға – біздің әде­биетімізге партизан­дық өмір шы­ғар­­маларын алғаш бер­ген жазушы. Оның әңгіме-хи­каяла­рында автор­дың өзі бастан кеш­кен шындық бар, боямалау жоқ. Өзі де тура жүретін, батыл да әділ сөй­лей­тін, батыр болу үшін ту­ғандай адам еді. Кітап­тары бір­неше тілге аударылды. Қаһар­ман­дығын баян­даған көркем фильмді көрген шы­ғар­сыздар, шын мәнін­дегі қайсар­лығы, өжеттігі, украин же­рін қан сасытқан фашис­терден кек алу тәсілдері ғажап емес пе?! Қас­­кеңнің кітаптары – жас ұрпаққа жігер-қайрат беретін, отан­сүйгіштікке баулитын тәлім-тәр­бие құралы. Бүгінгі мына ша­ра­­ла­рыңызға көңіліміз толды. Жақ­­­сы­лықтарыңыз көп болсын! – деді.
Ғаббас Қабышұлы:
– Қаскең­мен алпыс жылдан астам аралас-құ­ралас болдым. Біздің ауыл­дары­мыз іргелес еді. Алматыда бірге өткізген қырық бір жылда сан рет са­парлас та болдым. Қаскең екі ел­дің – Қазақстан мен Украи­на­ның ұлы еді, оны өздеріңіз біле­сіз­дер. Бұрында мүшелтойы өзімізде де, Украинада да өткізілетін. Ішкі-сыртқы сұрқылтай саясаттың қия­метіне ұшырағаннан беріде Ук­раи­на қайсар партизаны Қасым Қай­се­новын іздей алмайтын бол­ды. Сая­­саттың ықпыл-жықпылы көп қой. Соңғы жиырма жылда шет ел­дерде де, Ресейде де дүние жүзін гит­лерлік фашизмнен сақ­тап қал­ған кешегі Ұлы Отан соғы­сын те­ріс­теген сан-сапалақ мақала жа­зылып, кітап, кино шығарылып ке­­леді. Әдейі жос­парланған ол сұр­­қиялықты қостау­шылар жер-жер­де табылып жа­тыр. Бізде де бар. Олар: «Орыс пен неміс соғы­сын «Ұлы Отан соғысы» демеу ке­­рек, ол – қазаққа, басқа ұсақ ұлт­тарға да сор болған со­ғыс!», «9 мамыр – қазақ үшін Жеңіс күні емес, қаралы күн!», «Соғысты Ста­лин мен Гитлер ымыраласа ашты, дү­ние жүзін екеуі бөліп ал­мақ бол­ды!», «Соғысты Гитлер бастаған жоқ, Сталин бастады!» деп сан­да­лып, есі дұрыс адам сен­бейтін өсек та­ратып жүр. Жас­өспірімдерді он­дай сасықауыз­дық­тан сақтан­ды­ра білуіміз керек. Аран­датушы­ларға қарсы тарихи нақты деректі, ғылыми кітаптар шыға бастады, ұс­таздар соларды тауып оқып, шә­кірттерін саяси сауаттылыққа баулу­ға тиіс», деді де, сөзін: «Тари­хи тұлғаларымыздың киелі мекені болған өңірдің батыр­лары мен билері, ақындары мен сазгерлері ха­қындағы әңгімелерді Қаскең құ­мартып тыңдайтынын, оның аруағын ардақтаушы той иелеріне ал­ғысым шексіз!» деп тұ­жырды.
Қаһарман партизан Қасым Қай­сеновтің аты берілген мек­те­біміз­дегі шараны ұйымдастыруға, ой­дағыдай өткізуге ыстық ықы­лас­пен кіріскен Т.Хамитова (ди­рек­­тордың әдістеме істер жөнін­де­гі орынбасары), А.Юханова мен Н.Тахаева (директордың тәлім-тәрбие ісі жөніндегі орынбасар­лары), барша ұстаздар жауап­кер­шіліктің өнегесін көрсетіп, жұрт жа­дында сақталар, мектеп тари­хы­на жазылар жақсы істі абырой­мен атқарды.

 

 

Солдан оңға: Ж.Бапаева, Т.Хамитова,
Ғ.Қабышұлы, М.Құлкенов «Көрме
бөлмесінде».

Салтанатты жиынға бүгінде  90 мұ­ғалімі, 957 шәкірті бар орта мек­те­біміздің ардагер ұстаздары:  Е.Аман­ғалиев, Н.Ғаббас, Н.Бе­лова, М.Айбосынов, С.Елсейітов, М.Ер­­­мұханова және басқалар, Об­­лыс­тық ардагерлер кеңесінің тө­ра­ғасы М.Мұхаметов, Қалалық бі­­лім бөлімінің бас маманы Ж.Жол­мұқанова, М.Отарәлиев атын­дағы мектептің директоры Л.Өтеу­лиева, №17 мектеп-лицей ди­рек­то­рының орын­басары Ғ.Жа­­нұзақова, №32 мек­теп ди­рек­то­рының орынбасары С.Бимұ­ха­нова қатысты. Құрметті мей­мандарымыз – Ғ.Қабышұлы мен М.Құлкеновке салтанатты жиы­нымызға келгендері үшін рах­мет айтып, сый-сияпат жасадық. «Аты­рау алабына жолдарыңыз түс­кенде бүкіл қазаққа ортақ Қа­сым Қайсеновтің атындағы мек­тебімізге ат басын бұра жүр­гей­сіз­дер! Батыр атамыздың бәйбішесіне дұ­ғай сәлем айтыңыздар! – деп, Асыл апамызға тойдан шашу беріп жі­бердік.
Республикалық «Парасат» бі­лім сайты «Рухани жаңғыру – бі­лім берудің жаңа көкжиегі» атты бай­қау өткізетінін жариялаған бо­­­латын. Сол байқауға мекте­бі­міз­де өткізілген осынау шараларды ұйым­дастырумен қатыстық. Бай­қау нәтижесінде бізді 1-орын дип­ломымен марапаттады. Бұл – біз үшін үлкен абырой! Шә­кірт­тері­мізге сапалы білім беру, отан­сүй­гіштікке баулу, халқымыздың та­ри­хын, Қасым атамыздай тарихи тұл­ғалардың аруағын құрметтеу не­гізіндегі тәрбие жұмыс­та­ры­мыз­ды алдағы уақытта да жүйелі жүр­гізетінімізге сенімдімін!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір