ЖАЗУШЫНЫҢ РУХЫНА ҚҰРМЕТ
06.09.2022
397
0

Жуырда Өскеменде Қазақ­станның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті қоғам қай­рат­кері Қабдеш Жұмаді­ловті еске алуға арналған бильярд турнирі өтті. Оған спорттың осы түрін ұнататын 32 үміткер қатысты.

Өмірден озғанына бір жарым жыл өткен талантты жазушыны еске алуға арналған турнирді өткізуге Қазақстан Республикасы бильярд спорты федерациясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Серік Қасымбекұлы мұрындық болды. Реті келгенде айта кету керек, аталмыш федерация Қазақстан Республикасы бильярд спорты федерациясының президенті Аңсары Қаранеевтің ұсынысымен 2008 жылы құрылған.
Турнирге спорт жанкүйерлері, қоғам қайраткерлері мен қаламгерлер жиналып, жазушы қахындағы естеліктерімен бөлісті, ән айтылды, өлең оқылды.
Он сағатқа созылған аламан қорытындысында қорытындысында Жанболат Сейітқазин жеңімпаз атанды. Оған федерация президенті Серік Қасымбекұлы арнайы диплом мен Алғыс хатты табыстады. Екінші орынға Рүстем Қыдырбаев, үшінші орынға Ринат Алимов пен Владислав Цой ие болды. Түсіпхан Түсіпбеков «Жеңіске жігері үшін», ал Қайрат Әділбеков «Әдіскерліктің жоғары деңгейі үшін» белгісімен марапатталды.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Қазақстанның құрметті спорт қызметкері»

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір