Діни сауат – тұрақтылық негізі
25.05.2018
1585
1

Мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру барысында қала аумағындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың діни сауатын көтеру мақсатында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырмасымен Ішкі саясат басқармасының «Мониторинг және талдау орталығының» 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, орта мектептің мұғалімдеріне «Зайырлылық және дін негіздері» атты тақырыпта күрделі 5 діни сауатты арттыру курстары өткізілуде.

Діни сауатты арттыру курстары қазіргі за­манғы прак­тикалық талап-әдістерінің негізінде жан-жақты қам­тылған. Сондай-ақ, тыңдау­шылардың сұранысын ескере оты­рып, Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқар­ма­сының «Сараптама және зерттеу орталығы» әзірлеген бірегей бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.
Аталмыш курстар теориялық және прак­ти­калық бө­лімнен тұрады. Теориялық бөлімінде дәрістер аудио және бейнефильмдер арқылы оқытылса, практикалық бөлімі семинарлар мен экскурсияларды қамтиды. Сонымен бірге діни сауаттылықты көтеру курстарын интерактивті әдістермен мультимедиалық құралдарды (ау­дио,бейне слайдтар) пайдалану арқылы жүргізу жос­парланған.
Оқытушылар құрамына теологтар, ислам­тану­шылар, фи­лософтар, психологтар, заңгер­лер, мәдениеттану­шы­лар, тарихшылар және өз­ге саланың мамандары тартыл­ған.
Курстарға қатысатын тыңдаушыларға үлес­тірмелі ақ­параттық материалдар жиынтығы мен тиісті сертификаттар ұсынылады. Аталған шара­ларды тиісті деңгейде жүзеге асыру қала тұр­ғын­дарының сауатын көтерумен қатар, Қа­зақстан Республикасындағы зайырлылықты сақтап, дәс­­түрлі емес діни ағымдардың ел арасында та­ралуының ал­дын алмақ.
Діни сауаттылықты көтеру курсы 2018 жыл­дың 16 сәуірінен басталды. Мемлекеттік тап­сы­рыс бойынша жүр­гізілетін діни сауаттылықты көтеру курсы тегін.
Қазіргі уақытта дін мәселесі қоғамда ушы­ғып тұр­ған­дығы бәрімізге мәлім. Сол себепті өскелең ұрпаққа дін­дер тарихын, мәдениетін, адам өмірінде алатын орнын біл­діру, сонымен қатар дәстүрлі-рухани, өнегелік сала­дағы діннің ролі туралы обьективті ғылыми білім беру қажет. Осы мақсатта Қазақстан аумағында 2009 жылы «Дінтану негіздері» дәрісі бойынша орта білім беретін мектептердің 9-шы сыныптарына ар­налған бағдарлама бекі­тіліп, 2010 жылдан бас­тап «Дінтану» пәні оқытыла бастаған бо­латын. «Зайырлылық және дінтану негіз­дерін» оқыту арқылы білім жүйесін гуманитаризациялауға, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне, орта мектеп мұғалімдерінің діни біліктілігін арт­тыру мақсатында бұл жоба мемлекет тара­пынан қолға алынды.
Бір елдің келешек ұрпағын жетілдіруде мұ­ғалімдердің ала­тын орны ерекше. Сол себепті келешек ұрпақтың адами құндылықтарын, парасаттылығын толықтыруда ұс­таз­дардың ролі үлкен. Осыған орай өткізілу бары­сын­дағы жо­бада мұғалімдерге діндер тарихын терең мең­ге­руіне, дінге қатысты ар-ождан бостандығына өз құқығын табысты жүзеге асыруға, нейтралдық ұстаным тұрғы­сы­нан дін туралы объективті бі­лімді қалыптастыруға, Қа­зақстандағы және әлем­дегі тиым салынған діни ұйымдар туралы то­лыққанды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Со­нымен қатар мұғалімдердің біліктілігін арт­тырудағы жос­парымызда толеранттылық көпірі мұсылмандық, хрис­тиандық және иудейлік діни құлшылық орындарына экскурсия жаса­лына­ды.

Нұрболат АЙЕКЕШОВ,
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының
«Мониторинг және талдау орталығының» қызметкері.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 19.04.2020 | 00:39

Жоқ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір