Фантаст-жазушы
06.04.2018
36594
34

Қазақ фантастикасы жанры мен әдебиеттану салаларында өзінің көркем туындылары және ерен зерттеулерімен жұртшылыққа танылған Абдул-Хамид Мархабаевқа 80 жыл!

Мен – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің «Баспагерлік-редактор­лық және дизайнерлік өнер» кафедра­сының 3курс студентімін. Осы факуль­тет­тен түлеп ұшып, кейіннен ұстаздық қызмет атқарған қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының негізін салушы Абдул-Хамид Мархабаев туралы ой өрбітпекпін.
Ұстазым Қарлығаш Қанатбек­қы­зы­ның аузынан жазушы Абдул-Хамид Мархабаев туралы осы уақытқа дейін көптеген мақтау сөздер естіп жүретін­мін. Бірде дәріс оқып жатып: «Келесі аптада Мархабаев оқулары болады, қатысқыларың келе ме?» – деп сұрады. Қазақ әдебиетіндегі алғашқылардың бірі болған фантаст-жазушы шығармашылығына, әрине, бәріміз қызығушылық таныттық. Мен содан бастап ол кісі туралы іздене бас­тадым. Жұбайы Мағрифа апаймен телефон арқылы тілдескенде: «Айнала­йын қызым, үйге кел» – деп, мекен-жайын айтты. Сабақтан шыға салы­сым­мен жазушының үйіне қарай асық­тым. Мені есіктен қаламгердің жұ­байы жылы шырай қабақпен күтіп алды. Екеуміз ағайдың кірпіштей қаланған кітап сөресі бар бөлмесінде еркін әңгімелестік. Апай Абдул-Хамид Мархабаевтың балалық шағы, шығар­ма­шылығы мен ұстаздығы туралы тебірене сыр шертті.
Абдул-Хамид Мархабаев мектепте жүргенде физика, математика пәнде­рін сүйіп оқыған. Орта мектепті бі­тіріп, Алматыда жоғарғы мектепке оқуға түседі. Институттың бір мұғалімі физикадан «төрт» деген баға қойып жіберіп, соған наразы болып оқудан шығып кетеді. Сөйтіп журналистика саласына ауысқан. Алғаш ғылыми-фантас­тика жанрына жазған әңгіме­лері республикалық басылымдарда 1959 жылдан бастап жарық көре бас­таған. Сол жылы Қазақ мемлекеттік уни­вер­­си­теті­нің филология факуль­те­тіндегі журналистика бөлімшесіне оқуға қабылданған.
Медеу Сәрсекеевтің «Ғажайып сәуле» ғылыми-фантастикалық кітабы А.Мархабаевтың осы жанрда қалам тартуына басты себеп болған. М.­Сәр­се­кеевтің бұл кітабы Қазақстан Жазу­шылар одағының әдеби сын жағдайына арналған 1960 жылдың сәуір айындағы Пленум қарсаңында үлкен сынға ұшы­райды. Сол пікірге байланысты
А.Мар­хабаев: «Сын шыншыл болсын» деген мақаласын жазған. Мархабаев­тың қиял әлеміне ойысуына Ақжан Машановтың «Жер астына саяхат» атты кітабы да өз ықпалын тигізген.
Абдул-Хамид Мархабаев журна­лис­тика факультетінде қырық жылдан астам уақыт бойы ұстаздық қызмет атқарған. Оқытушылықты бірінші орынға қойған. Ол: «Жастар – еліміз­дің болашағы, ертеңгі дүниенің тұт­қасы – солардың қолында. Оларға беретін тәрбиеміз, біліміміз болса аянбай еңбектенуіміз керек. Менің жағ­дайымда бүгінгі студент – ертеңгі жур­налист, әріптесім. Олардың әрқайсысы өздерінің ерекшеліктері­мен, мінездерімен жеке дара «жанр» тәрізді. Сондықтан оқытушылыққа үлкен жауапкершілікпен қараған жөн» – деп есептеген. Жазушы негізінен үш бағытта жұмыс істеген. Алдымен фан­тастикалық шығармалар жазуды қолға алған. Кейіннен жоғарғы оқу орнына келіп, ұстаздық қызмет атқар­ған. Оқытушылықпен қатар фантас­ти­каны терең зерттеп, оның теориясын жа­саумен шұғылданған. 1971 жылы «Қазақ фантастикасының қалыптасу жолдары мен даму тенденциялары» деген тақырыппен кандидаттық диссертация қорғаған. Жалпы қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының дамуына өз үлесін қосудағы жазушы­ның мақсаты – жастардың арманын асқақтатып, қиялдарын ұштау, бола­шақ­­тың техникаларын, технология­ларын меңгеруге жетелеу. Абдул-Хам­ид Мархабаев фантастикалық жанрда 1959 жылдан бастап әңгіме-повестер жазған. Содан бері «Арал әуендері», «Жарылқаушы…», «Балалардың аман қалғанын айт!», «Тосын ғарышхат», «Шаян планетасы,сен кінәлісің!» сияқты он-он бестей дүниелері жеке кітап болып шыққан. Осылардың ішінде біраз шығармалары «Молодая гвардия» баспасының жыл сайынғы «Фантастика» жинағында орыс тілінде, Киевтегі «Молодь» баспасында украин тілінде, Кишинев қаласында «Литера­тура артистика» баспасында молдаван тілінде жарық көрген. Ол орыс жазу­шысы В.Михановскийдің «Шексіз­дікке шеру» фантастикалық романын қазақшаға аударған. Сонымен қатар, америкалық он алты қиялгер жазушы­ның шығармаларын тәржімалап, «Фантастикалық Америка әпсанасы» жинағына енгізді.
Филология ғылымының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішұлы: «Осы Абдул-Хамидтан басқа кім фантастика саласы бойынша еңбек етті және қандай дүниелер жасады? Мен фантастиканы жақтап жүрген адамдарды кездестіргем жоқ» – деп, нақ бағасын берген екен. Қазақ әде­биетіндегі фантастика жанрына түрен салған жазушыға бұдан артық баға бола ма?
Мархабаев еңбектері жыл өткен сайын уақыт ағымымымен үндесіп, жаңарған қоғамдағы өз оқырмандарын табуда. Ол сан мыңдаған талантты шәкірттерді тәрбиелеген бақытты ұстаз. Абдул-Хамидттай ұстаздың ұлағаты, зәу көкте жарқыраған жұл­дыз­дардай, талай ұрпаққа сәулесін түсірері хақ!

Қарлығаш ЖАҒЫПАР,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің «Баспагерлік-редакторлық және дизаинерлік өнер» кафедрасының 3 курс студенті.

ПІКІРЛЕР34
Аноним 05.01.2020 | 01:59

Сәлематсыз ба? Қазіргі таңда фантастикалық шығармаларды жариялайтын немесе шығармашылық топ бар ма? Болса қандай?

Аноним 16.04.2020 | 15:28

Фонтаст жазушылар кімдер

Аноним 17.04.2020 | 11:21

Және Жүніс Сахиев фантаст жазушы

Аноним 20.04.2020 | 12:22

Фантастика жанырына жататын қандай шығармалар бар және кинофильмдер бар

Аноним 20.04.2020 | 17:30

Абдул-Хамид Мархабаев Қазақ халқының дарада,дана ерен еңбегімен жұртқа танылған нағыз фантаст-жазушы жəне ЖҮНІС САХИЕВ пен АБДУЛ-ХАМИД МАРХАБАЕВ нағыз ҚАЗАҚСТАННЫҢ《ЖЮЛЬ-ВЕРНІ》деп атауға лайықты бірден-бір тұлғалардың бірі!!!

Аноним 21.04.2020 | 02:00

Рахмет осы саитын админа

Аноним 21.04.2020 | 19:09

Жакмы

Аноним 21.04.2020 | 20:29

РАХМЕТ😍

Аноним 22.04.2020 | 12:41

Рахмет

Аноним 23.04.2020 | 11:52

Өтте керемет

Аноним 23.04.2020 | 12:57

Маган керек малыметын бары осында бар екен рахмет 😎

Аноним 23.04.2020 | 13:24

🤮баска адамдар жокпа маған көп мысал керек еді

Аноним 23.04.2020 | 14:32

рахмет но коп керек еди баска жокпа

Аноним 24.04.2020 | 09:12

Болшой спс

Аноним 24.04.2020 | 13:26

Баска адамдар жохха😐

Аноним 27.04.2020 | 16:36

Неге осы ғана

Аноним 28.04.2020 | 10:15

Тағы басқа қандай фантаст жазушылар бар

Аноним 28.04.2020 | 11:44

Түк түсінбей қалдым

Аноним 28.04.2020 | 11:45

Скылка барма

Аноним 28.04.2020 | 13:14

Өте жақсы 😊😊

Аноним 28.04.2020 | 15:27

Маган фантаст жазушылардын аты керек

Аноним 29.04.2020 | 14:23

Фантаст жасушылар есімі

Аноним 30.04.2020 | 12:05

Я қазақта жазушылар көп, бірақ барлығы танымал емес шығар!

Аноним 30.04.2020 | 12:57

Қазақтың қандай фантаст жазушыларын білесіңдер?

Аноним 18.05.2020 | 16:15

Маған керек мәліметтің барі осында екен көп ракымет

Аноним 15.04.2021 | 23:42

Жүніс Сахиев қайда?

Аноним 16.04.2021 | 10:28

Фантаст жазушыларының есімі керек

Аноним 16.04.2021 | 10:29

Бәріңде сол әдебиет білуіздеп отырсыңдарма 😂

Аноним 17.04.2021 | 22:17

фантаст жазушылардың есімдері қажет отынемын комек берыныздершы

Аноним 21.04.2021 | 21:11

Өте керемет

Аноним 22.04.2021 | 17:40

Фантаст жазушылары кімдер

Аноним 18.05.2021 | 23:20

Рахмет 😘. Бірақ фантаст жазушыларының есімдері барма? 😉😉🤨🙂

Аноним 06.11.2021 | 01:46

Мен өзім фантаст жазушымын

Аноним 06.11.2021 | 01:47

Балауса Муханбетиярова аты жөнім шет елге арналған бірнеше фантаст шығарманың авторымын

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір