Фантастиканың бүгіні мен ертеңі
Нарбин Кенжеғұлова
Соңғы кезде фантастиканың қазіргі жағдайы мен болашағына алаңдайтын зиялы қауымның тарапынан жиі естіліп жүрген мәселе: «Бұл еліміздің, халқымыздың өміріне, әсіресе болашағына өте қажетті, бірақ кенжелеп қалған жанр» дегенді жиі естисіз. Шынында да бұл сөздің жаны бар бүкіл әлемдік тұрғыдан алғанда фантастиканың адамзатың болашағына ықпалы зор. Бұған бүкіл ғаламшарымыздың тарихы куәлік ете алады. 1929-1950 жылдары болған Америкадағы ұлы дағдарыстан шығуға бірден-бір факторлардың бірі осы – фантастка. Фантастиканың ықпалымен ғылым мен техника қарыштап дамып, қазіргі керемет технологиялардың негізі салынып, компьютерлік жүйелердің алғашқы нұсқалары пайда болды. Қазіргі әлемге танымал: Эдмунд Гамильтон, Клиффорд Саймак, Гарри Гарисон, Айзек Азимов, Урсула Легуин және де басқа фантастардың шығармалары тың идеялар тудырып, қоғамның сыртқы да ішкі жаңаруына әсер етті.
Біздің қазақ қоғамы да бүгінгі таңда дәл сондай жол айрығын өткеруде.
Фантастика кеңесінде жиырмаға жуық жазушылар бар. Олардың басым көпшілігі аға буыннан. Екі құрылтайдың арасында біз екі аға буыннан шыққан қаламгерлерден айрылдық Олар – Абдул-Хамид Мархабаев, Шәмшидан Абдраманов ағаларымыз.
Қазіргі қалам тербеп жүрген фантасттарымыз да сол қаламгерлердің соңынан келе жатқан лек. Республика баспаларына шыққан кітаптары да саусақпен санарлықтай. Мысалы белгілі жазушы Жүніс Сақұрпағы (Сахиев) көп сериялық кітаптар үшін Халықаралық Байқоңыр сыйлығының лауреаты атанды. «Кеңістік көшпенділері» атты романдарының жалғасы «Күзетші» атты кітабын «Елдорда» баспасынан шығарды. Жүніс Сахиевтың шығармалары бойынша ҚазМУ-дың студенті Назгүл Исағұлова «Жазушы болашақгер Жүніс Сақұрпағының авторлық сериялы ғылыми романдарының ғылыми-әдеби ерекшеліктері» атты дипломдық жұмысын қорғады.
2014 жылы Астанадағы «Фолиант» баспасынан шыққан Жүністің «Астрономия» атты ғылыми-көпшілік жанрындағы кітабы Тоқтар Әубәкіров сынды көптеген авторлардың марапатына ие болды.
2015 жылы Жүністің шығармалары бойынша биобиблиографикалық көрсеткішті филология ғылымының кандидаты Сембай Қисымов құрастырып шығарды.
2016 жылы ҚазМУ-дың магистранты Айгүл Иманова «Жазушы Жүніс Сақұрпағының авторлық «Кеңістік көшпенділері» сериялы ғылыми романдарындағы ғылыми идеялар» тақырыбында диссертация қорғады.
Келесі фантаст жазушы Бердалы Рысбеков Шымкентте тұрады. Оның «Ақ көбелектер» атты балаларға арналған фантастикалық кітабы «Аруна» баспасына, «Құмды өлкенің құпиясы» және «Жұмбақ мадоннаның сыры» атты хикаяттары «Ақ арыс» баспасына тапсырылған.
Орыс тілінде жазатын фантаст Андрей Епиктетовтың «Черный альпинист» және Бердалы Рысбековтың қолжазбалары фантастика кеңесінің сараптамасынан өтті.
2013 жылы «Антология Казахстанской фантастики» атты әрқайсысы 30 баспа табақтық үш томдық басылым «Сөздік» баспасынан жарық көрді. Антология орыс тілінде «Байқоңыр» айлағына арналған байқауға байланысты шықты. Басқа да 2 мыңнан астам шығармалар жарияланды. Көбі көркемдік жағынан сын көтермейді. Авторларды тәжірибесіз, әрі антология орыс тілінде еді. Антологияны шығаруға мұрындық болған ақын, жазушы Орынбай Жанайдаровтың еңбегін жоққа шығаруға болмас. Десе де Мемлекеттік тілде шығатын фантастикалық шығармалар ауадай қажет-ақ!
Фантастикаға елеулі қолдау көрсетіп отырған «Жер-су» корпорациясын атап өтпесе болмас. Осы корпорацияның қолдауымен «Кәусар бұлақ» атты кітаптар шыға бастады. Бұнда ең үздік шығармалар басылады. Осы байқаудың арқасында «Дарабоз» Халықаралық сыйлықтың иегерлері анықталды. Соның бірі – 2013 жылғы «Ғарыштың аманат баласы» атты фантастикалық әңгімесінің иегері – Нарбин Кенжеғұлова.
Сонымен фантастика жанрының алдында қандай мәселелер тұр деген сұраққа жауап беруге тырысайық:
1. Жазушылар одағы тарапынан фантастика жанрына көңіл бөлінуі керек;
2. Жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді шешу;
3. Физика-математика мектебімен, сонда оқитын балалармен байланыс жасау;
4. Фантастикалық шығармалардың қазақ тіліндегі антологиясын шығару;