Ұлт­тық баспасөз: БҮГІНІ мен БОЛАШАҒЫ
01.04.2024
1143
0

19 наурыз, сәрсенбі күні Алматыдағы Қазақ­станның Ұлт­тық кітапханасында TAS GROUP компаниялар тобының президенті, бизнестің әліппесін тұңғыш қазақшалаған, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Дулат Тұрсынұлы Тастекеевтің ұйымдастыруымен «Ұлт­тық баспасөз: бүгіні мен ертеңі» ат­ты дөңгелек үстел отырысы өт­ті. Жиынға Алматыдағы барлық газет-журнал мен порталдардың Бас редакторлары, арнайы өкілдері қатысты.


– Қазақ тілін өркендетудің, ұлт­тық басылымдардың таралымын көбейтудің қандай жолдары бар? Қайсыбір түйінді мәселелер төңірегінде ортақ ой тоғыстырсақ, нұр үстіне нұр болар, – деді отырыстың басты мақсатын алға тартқан Дулат Тұрсынұлы.

«Қазақ газет­тері» АҚ Алматыдағы бөлімшесінің басшысы Думан Анаш, «Алматы ақшамы» АҚ бас директоры Ержан Төлек, «Жас қазақ» газетінің Бас редакторы Сраил Смаил, «Қазақ әдебиеті» газетінің қызметкері Еркін Жап­пасұлы, «Үркер» журналының Бас редакторы Жаңабек Шағатай, Бас редакторының орынбасары Жарас Сәрсек, «Оқи отырыңыз» басылымының директор-бас редакторы Таңсұлу Алдабергенова, «Ұлан» газетінің Бас редакторы Есей Жеңісұлы, «Қазақ газет­тері» ЖШС Алматы басылымдары интернет редакциясының жетекшісі Мақсат Мәлік, басқа да сайт­тардың Бас редакторлары, Қазақ­стан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орын­басары Бейбіт Сарыбай, Крылов атындағы балалар кітапханасының жетекшісі Бақыт Беделхан қадау-қадау ойларын ортаға салды.
Бақыт Беделханның: «Осы қолға алған іс-шараны Қазақ­стан Жазушылар одағы, барлық қазақ басылымы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы үштігі бірлесе атқарса, нәтижелі болар еді», – деген ұсынысы көпшілік тарапынан қолдау тапты. Отырысты қорытқан Дулат Тастекей: «Қазақ тілі мен ұлт­тық басылымдарды өркендете өрістетудің проблемаларын біртұтастықта қарауға да, екі тармақта салаластыра, даралай өзекжарды мәселе негізінде қарастыруымызға да болады. Басты түйін – ұлт­тық тіліміз үшін қазақ жұрты біріге күресе алатындай деңгейге көтеру. Ал ұлт басылымдарының таралымын барынша молайтып, әлеумет­тік жағдайларын жақсартып, қаржы тапшылығынан құтқару», – деді.
Жиынды Asyltas қоғамдық қорының директоры, журналист Роллан Оқасұлы жүргізіп отырды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір