Жазушылар одағы: Кеше және бүгін
02.03.2018
3353
0

Әдебиеттің иесі – халық, киесі – елдің рухы

Қазақстан Жазушыларының XII Құ­ры­л­тайында жасалған есепті
бая­н­­да­мадан:
Жазушылар ұйымы екі съезд ара­лы­ғында, яғни 1996-2002 жылдар ішін­де не істеді? Қандай қоғамдық мәні бар ірі-ірі шараларға мұрындық бола алды? Әдебиет көшінің үдесінен шы­ға алды ма? Шықса, қалай, қай дең­гейде шықты деген сұрақтардың тіл ұшына оралуы заңды.
Жазушылар одағы тарапынан осы кезең ішінде атқарылған үл­кенді-кі­шілі шаралардың тізімі мен өткізілген мер­зімі көрсетіліп, ар­найы жарық көр­ген қолдарыңыздағы анықтамалық кітапшада бәрі жан-жақты қам­тыл­ғандықтан, ұсақ-түйекке уақыт өлтіріп жат­пай, негізгі сауалдар жауабын мы­на ретпен баяндағанды жөн көрдік.
Танымдық, тағылымдық бағыт­тағы шаралар
Бұл жылдар Қазақ Елі үшін қиын­­дығы мен қуанышы, азабы мен ға­жа­бы, күнгейі мен көлеңкесі қатар жүр­ген Тәуелсіздік атты ұлы ұғым­ның ая­сында өткені, елдік туымызды жел­біреткені, әлемнің түкпір-түк­пі­ріне Қа­зақ Елі мен Жерінің аты Аб­ай, Жам­был, Мұхтар, Қаныш, Сә­бит есім­дері арқылы ЮНЕСКО шең­бе­рін­де жеткені жалпақ жұртқа белгілі.
Алғашқы қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей ық­палымен ЮНЕСКО шеңберінде өткен айтулы шаралар соның айғағы. Бұл орай­да, әсіресе, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұ­қанов шараларына Одақ айрықша атсалысты. Доминанттық роль ой­на­ды. Тікелей Жазушылар одағының ұйымдастыруымен «Мұхтар Әуезов және ХХ ғасыр әдебиеті» дейтін та­қырыпта өткен Халықаралық Сим­позиумға отызға тарта елден қырық­тан астам аттары әлемге әйгілі қа­лам­герлер қатысты. Мұқанов шара­ларына да ондаған шетелдік жазу­шылар келді. Рухани кеңіс­тігіміздің мүмкіндігі мен дәре­же- деңгейін танытар арыстары­мыз бен алып­тарымыз өздерінің өлмес рух­тарымен Ел тәуелсіздігіне, тәуел­сіз ел әдебиетінің абыройы мен беде­ліне осылай қызмет етті.

***
ХХ ғасыр әдебиеті жайлы сөз ет­кенде қазақ көркемсөзі мен ойы­ның дамуына ерекше үлес қосқан Иса Байзақовтың 100 жылдығы, Әбділда Тәжібаев, Бауыржан Мо­мышұлы, Қасым Аманжолов, Иван Шухов, Тайыр Жароков, Ғали Ор­манов, Мәриям Хакімжанова, Әлжаппар Әбішев, Хамза Есенжанов, Шахмет Хұсайынов, Дмитрий Сне­гин, Мұхаметжан Қаратаев, Изим Искандеров секілді көрнекті тұлғала­рымыздың 90 жылдықтары, Әбу Сәрсенбаевтың 95 жылдығы, сон­дай-ақ әдебиеттегі ұлттық дәстүр­лерді жалғай отырып, қазақ прозасы мен поэзиясын жаңа өрістерге алып шыққан, арамызда жоқ ардақтыла­ры­мыз Хамит Ерғалиев, Тәкен Әлімқұлов, Жұбан Молдағалиевтар­дың – 80 жылдық; Ғафу Қайырбеков, Мұқағали Мақатаев, Әнуар Әлім­жа­нов, Қабдікәрім Ыдырысов, Қалтай Мұхамеджанов, Мүсілім Базарбаев, Балғабек Қыдырбекұлы, Қалжан Нұр­маханов, Айқын Нұрқатов, Сат­тар Сейтқазин, Мырзабек Дүйсенов, Әнуарбек Дүйсенбиев, Илья Бахтия, Шәміл Мұхамеджановтардың – 70 жылдық; Төлеген Айбергенов, Асқар Сүлейменов, Сабырхан Асанов, Жүсіп Қыдыровтардың – 60 жылдық; Кеңшілік Мырзабеков, Сағат Әшім­баев, Жұматай Жақыпбаев, Жарас­қан Әбдіраш, Тынышбай Рахым, Дәуітәлі Стамбеков, Әділбек Тауасаров, Өмірбай Сәуірбаев, Сей­сен Мұхтарұлы, Марат Қабанбай, Жә­нібек Кәрменовтердің 50 жылдық мерейтойларының Алматыда, туған жерлерінде аталып өткенін айтуды парыз санадық. Алда-жалда бұл тізімге ілікпей қалғандары болса, әріптестеріміздің аруақтарынан кешірім сұрап, отбасыларынан, жол­дас-жораларынан ғафу өтінеміз. Тірілер арасынан бірі былтыр 95-ке толып, бірі биыл 95-тің томағасын қайырып, ойлары сергек, жандары таза қалыпта бүтін арамызда отырған Дихан Әбілов, Ғалым Ахметов секілді абыройлы ақсақалдарымыз­дың 90 жасқа толу шаралары рес­пу­блика көлемінде кең аталып өткенін еске ала кеткенді жөн көрдік. Бұл арада 80, 70, 60, 50 жасқа толу мерей­тойлары аталған, жер басып жүрген ақсақалдарымыз бен замандас бауыр­­ларымыз, қаламдас достары­мыз бен өкшелес інілеріміз аттары атал­мады деп өкпелемес деп ойлай­мын.
Шығармашылық талдау бағы­тын­дағы шаралар
1996 жылға дейінгі тоқтап қалған дәстүрлі Әдеби жыл қорытындысы қайта жанданды. Жанрлық кеңестер іске қосылды. Кеңестердің құрамы жаңарып, жекелеген жаңа туын­ды­лар­ды талдау, әдеби бағыт-бағ­да­ры­мызды тануға, таратып айтуға септігі тиер кездесулер ұйымдастыру, т.т. көркем әдебиеттің тыныс- тіршілігін аңғартар жұмыс істеу үлгілері жолға қойылды.
Көп жылдар бойы жұмысы то­қы­рап, тоқтаңқырап қалған Әде­биет­шілер үйінің кең залына жан кі­ріп, тамырына қан жүгіре бас­тады.
Соңғы төрт жыл ішіндегі (1997, 1998, 1999, 2000 ж.ж.) проза, поэзия, драматургия, сын, балалар мен жас­өс­пірімдер әдебиеті, деректі про­за, аударма, орыс, ұйғыр әдебиеттері бойынша жасалған талдау, сараптау бағытындағы ойлы баяндамалар мен тұжырымдық хабарламалардың сан куәсі болдық.
Ұйымдастыру бағытындағы шара­л­ар
Бұл бағытта атқарылған ұйым­дық шаралардың барлығы да Анық­тамалық ішінде көрсетілген. Оның бәрін дәл осы арада тізіп жатудың керегі бола қоймас. Одақ жұмысын ұйымдастыру бағытында осы жылдар ішінде: 6 Пленум өтті; ондаған әде­би жиындар, халықаралық сим­по­зиум­дар, мерейтойлар, ЮН­ЕС­КО аясын­дағы шаралар жүзеге асты; Ресей, АҚШ, Фран­ция, Қытай, Түркия, Иран, сон­дай-ақ берісі Орта Азия, әрісі ТМД елдерінің әдеби ұйым­дарымен, орталарымен байланыс орнықтыру шаралары атқарылды. Мәскеудегі Халықар­алық Жазу­шылар Одақтары Қауым­дастығы, Халықаралық Әдеби Қор секілді беделді ұйымдармен өзара байланыс нығайтылды. Жер, Тіл тағдырына қатысты үлкен жиын­дар, үлгілі басқосулар болды. Одақ жанынан құрылған Жер тағдыры хақындағы қоғамдық комиссия тұрақты жұмыс істеп келеді.

***
Жасырмаймыз, екі съезд аралы­ғындағы, уақыттың көбі 1996 жылдан бастап бюджеттен шығып қалған қоғамдық ұйымның қаржы қиын­дық­тарын шешуге, ең бастысы, бере­кесі қашып, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кете жаздаған, талан-таражға түскен мүліктік иелік­те­рімізді (Шығармашылық Үйді, Әдебиетшілер Үйін, «Қаламгер» кафесін, Орталық мәжіліс залын) заңды жолмен – сот арқылы қай­тарып алуға кетті. Аудандық, қала­лық соттар мен Жоғарғы Сот боса­ғала­рын тоздыруға табаны күректей екі жарым жыл уақытымыз арнал­ды… Екі жарым жыл! Ол жайында егжей-тегжейлі өткен жылы қараша айында өткен Пленумда жасалған, кейін «Қазақ әдебиеті» газетінде толық басылған баяндамада қамтыл­ды. Көп қайталап жатпай, негізгіле­рін ғана айтайын. Дау, яғни соттасу екі бағытта өрбіді. Даудың бірінші бағыты – «Мейір» фирмасымен соттасу. Ол туралы сөз қысқа. Көп айтып, арылудың да, таусылудың да керегі жоқ. Кезінде бұрынғы бас­шы­лықтың, өкінішке қарай, жіберіп алған асығыс шешімінің арқасында 1992 жылы «Мейір» фирмасының жартылай иелігіне өтіп кеткен дү­ние-мүлікті қайтарып алу үшін Әде­би Қормен, аталмыш фирмамен қатар соттасуға тура келді. Сот ұзақ­қа созылды. 1998 жылдың шілдесін­де, яғни ХІ съезден тұп-тура 2 жыл өткенде қалалық сот мәселені біздің пайдамызға шешті. Бірақ қайыра соттасу жалғаса берді. Ақыры сол жылдың, яғни 1998 жылдың қаза- нында сот мәселені тағы да біздің пайдамызға шешті. Содан… 1999 жылдың қаңтарында «Мейір» фир­ма­сын Одақ ғимаратынан шығару туралы сот орындаушылары келді. Бірақ… Екі мекеменің осыған дейінгі арасын әбден шатастырып жіберген (1992 жылғы) шалағай шарттың нәтижесінде пайда болған санаға сия бермейтін Одақтың «Мейір» алдындағы қарыздары алдан шық­ты… Дау тағы да екі жылға созылды. Екі жақтың мәмілеге келуінің арқасында Одақтың соңғы 2 жыл ішіндегі әлдекімдердің жерден жеті қоян тапқандай дуылдатқан 85 мың АҚШ доллары көлеміндегі жалақы үшін төленуге тиіс қаржы Одақтың «Мейір» фирмасы алдын­дағы сол 483 миллион теңге көле­міндегі қарызының өтеуі болды. Оның үстіне фирма банкрот болған… Енді қаржыңды желге ұшырып, сот­тастың не, соттаспадың не? Тиім­сіз… Бір шалағай қағазбен осыдан он жыл бұрын төрімізге баса-көктеп кірген келімсек фирмамен бес жыл керілдесіп жүріп, ақыры осы жылдың басында құтылдық. «Пәледен ма­шайық қашыпты» деген… Құтылдық! Фирма Одақ ғимаратынан біржола қуылды. Енді базар туралы. Басын ашып айту керек. Одақтың да, Одақ басшысы – менің де ешқандай база­рым жоқ! Бұрын да болған емес. Бұл – «жаптым жала, жақтым – күйенің» кері! Қаржысы жоқ мекеменің құла­ғына келген басшы не істеуі ке­рек? Той-томалағы бар, өлім-жітімі бар, бір күн жүрсе, үш күн тоқтайтын автокөліктерінің түрі белгілі. Жөндеу күтіп, тозығы жетіп тұрған ғимараты тағы бар… Өзге мекемелер секілді компьютер қондыру – арман! Қаржы табудың көзін іздедік. Содан… Қала әкімінің көмегімен жалға жер алдық. Ақшасы бар «Натали» деген фирмаға әлгі жерді жалға бердік (субаренда). Содан қаржы-қаражат түсірдік. Қазіргі таңда «даудың басы Дайра­байдың көк сиыры болған» әлгі бар болғыр базардан (менің сөзім тек­серу-бақылау комиссиясы анықтаған цифрлар) 1998 жылдың 15-та­мы­зынан 2002 жылдың сәуіріне дейін 12 миллион 530 000 (он екі миллион бес жүз отыз мың) теңге және 38,500 $ көлемінде Одаққа дүние-мүлік түрінде көмек көрсетілген (компью­тер орталығы, Мерседес-Бенц 230, екі 3110 Волга автокөлігі). Шарт­тағыдан әлденеше артық! Зат та, қаржы да – Одақтікі! Мен ұйымның ешбір мүлкін ешқайда алып кеткен жоқпын. Ешқайда алып кетпеймін де… Әңгіменің анығы – осы. Екінші бағыт – өткен съезд шешімін жоққа шығарып, Одақ басшылығына «нелегитимный» деген айдар таққан, күллі дүние-мүлікті, ретін келтіріп, өз басқаруына алған, әрі заң жү­зінде Жазушылар одағына ешқандай қатысы жоқ жеке қоғамдық ұйым бо­лып тіркелген Әдеби Қор­мен сот­тасу. Менің сол кездегі Қор басшы­лығына «алты аласы, бес бересім жоқ». Мақсат жалғыз – қалайда «нелегитимный» деген айдардан құтылып, заңды жолмен тіркеуден өтіп, бұрынғы басшылық­тың асығыс жасаған шешімдерін түзеу, дүние-мүлікті Одақтың өз иелігіне заңды жолмен түбегейлі қайтару. Мақсат орындалды. Оның Иесі – халық, киесі – елдің рухы қалай, қандай «қылкөпірлерден» өту арқылы жүзеге асқанын жіпке тізіп отырып айтуға да болар еді… Бірақ оның енді керегі бар ма?

2002 жыл.

Әдебиет мәңгі қозғалыста

Қазақстан Жазушыларының кезекті ХІІІ Құрылтайында жасалған есепті баяндамадан:
Әуелi… Әңгiме төркiнiн өткен Құ­рылтайға бұрып, сол тұстағы әдеби өмiрiмiз бен Жазушылар ода­ғын алаңдатқан қиындықтар мен мiндеттердi еске алайықшы. Қандай едi? Мiндеттер орындалды ма, жоқ па? Соған жауап iздеп көрелiк. Шынын айту керек, Одақтың жағ­дайы қазiргiсiнен әлдеқайда ауыр, әлдеқайда қиын едi. Атқарылу күтiп, айлар мен жылдарды шаршатып, алдан тосар мiндеттер өте көп болды. Ұйымды нарық бiр бүйiрiнен қысса, iшкi текетiрес пен жанжал екiншi бүйiрiнен қысқан 2000-2002 жылдар­ды еске алып көрейiк. Ақиқат кө­рiнiсi мынау:
Бiрiншi, тиiстi сот орындары
Од­ақ пайдасына шешкенiмен, құжат жүзiнде әлi ұйым иелiгiне өте қой­маған, жадап-жүдеген, пайда­лану­ға жарамайтын әл-Фараби атындағы Шығармашылық Үйдiң тозған көрiнiсi… Мiндет – толық құжат жүзiнде қайтарып, қаржы-қаражат тауып, қазiргi «шындық iздеп шырқырағансып жүрген» кейбiр әрiп­тестерiмнiң тiкелей айлалы әре­кетiмен қолды болып барып қайтқан Киелi төрдi қалпына келтiру – күрделi жөндеуден өткiзу. Нарық… Үкiмет бiр тиын бермейтiн қоғамдық ұйым. Не iстеуге болады? Айтуға жеңiл. Ашпаған есiк, баспаған босаға жоқ. Көп жүгiрудiң, табанды әрекет­тiң арқасында бұл мiндет орын­далды.
Екiншi, кезiнде заңсыз жолмен, бұрынғы басшылықтың тұсында бiр жүгенсiз фирманың меншiгiне өтiп кеткен «Қаламгердi» сот жүзiнде қайтарып алып, күрделi жөндеуден өткiзу. Көп қиындық пен уақытты шаршатып, бұл мiндет те орындалды. Көрмеген құқай, естiмеген сөз жоқ… Орындалды!
Үшiншi, үйсiз-күйсiз, Одақтан өзге сүйенерi жоқ әдебиетiмiздiң жас өркенiнiң аянышты халi. Жас қалам иелерiнiң кiтабына көмектесiп, тұрмыстық қиындықтарын шешу… Бәрiне шамамыз келмедi. Әйтеуiр Елбасы пәрменiмен, Алматы қала­сы­ның әкiмi Иманғали бауырымыз­дың көмегiмен оншақты жас үйлi болды. Қуанышқа бөленуi үшiн күрестiк.
Төртiншi, қаламгерлер үшiн ең зәру мәселе – кiтап шығару iсiн жол­ға қою, соған араласу. Бұл да Одақ­тың жүйелi түрде атсалысуымен рет­телiп келедi. 2000 данамен болса да мемлекеттiк тапсырыспен кiтап­тар жарық көре бастады. Мiндет жарым-жартылай орындалды.
Бесiншi, жазушы үшiн ең маңыз­ды мәселелердiң бiрi – қаламақы. Осы мәселе Одақ қабырғасында әлi жаңғырығып келедi. Шешiлген жоқ. Жуық уақытта шешiлер деген үмi­тiмiз жоқ емес. Орындалмай келе жатқан бiр мiндет – осы.
Алтыншы, Орталық ғимаратты, Конференц-залды күрделi жөндеу­ден өткiзу. Тағы да қаражат табудың жолын iздеу. Қайта-қайта бюджетке қол созу – ұят! Ақыры ретiн келтiрiп, тәуекел дедiк! Күрделi жөндеудi бастадық. Өз тапқан қаржымызға… Үкiмет көмектесемiз деп уәде берiп отыр. Қаланың да уәдесi бар. Ең бастысы жұмыс жүрiп жатыр.
Жетiншi, базар жағалап, күн көрiс қамы кiтаптан алыстатып бара жатқан оқырманды қайтару мiндетi. Байқасаңыздар, бұл мiндеттiң орын­далуы үшiн күрес басталды. Қоғам әдебиетке бет бұра бастады.
Сегiзiншi, әдебиеттi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын өмiрге әкелу үшiн күресу, күш салу. Бұл мiндет те қазiр жүзеге асу үстiнде.
Тоғызыншы, Жазушылар ода­ғы­ның да, жазушы дейтiн сирек кәсiп иесiнiң де қоғамдағы орны мен бе­де­лiн орнықтыратын орын – басы­лым мен баспа. Бұл мiндеттiң орын­далуы қандай қиындықтармен жү­зеге асып келе жатқанын өздерiңiз бiлесiздер.
Оныншы, кiтап саудасы мен насихаты. Бұл мiндет үдесiнен шығу – ортақ борышымыз. Ендiгi күн­дердiң ең үлкен жұмысының бiрi осы.

***
Қырықтан астам «Мәртебелi поэзия» айдарымен орта буын, жас буын өкiлдерiнiң жеке-жеке шы­ғармашылық кеші өтті. Республика көлемiнде өткен қалың мерейтойлық салтанаттар мен шығармашылық кештердiң, кездесулердiң санын түгендеп жату мүмкiн емес. «Алтын ар­на» акциясымен облыстарда он­даған жиындар өткiзiлiп, онда бүгiнгi әдебиет жайы кеңiнен сөз болған. Мiне, үш жылдың жүзi болды ба­ла­лар әдебиетiн дамыту мен насихаттау мақсатында Қазақстан Жазушылар одағы «TSC group» корпорациясымен бiрiгiп, балаларға арналған үздiк шығармаларға Халықаралық «Дара­боз» бәйгесi жарияланып келедi. Мәдениет және ақпарат министрлi­гiмен бiрлесе отырып, мемлекеттiк тапсырыс есебiнен озық үлгiлi дра­ма­лық шығармаларға конкурс жа­рия­ланып, қорытындысы шықты. Мәдениет және ақпарат минис­трлiгiмен бiрлесiп өткiзiлiп келе жатқан «Астана-Бәйтерек» конкур­сы, республикалық, облыстық мү­шәйралар, Алматы, Астана қала­лары мен облыс-облыстарда жыл сайын өткiзiлетiн жекелеген ұлы тұлға­лары­мыздың күндерi тiкелей Одақ­тың ұйытқы болып араласуымен өтiп жүр. Мұның сыртында, аймақ-аймақта, облыс-облыста өткiзiлiп жатқан ақын-жазушыларымыздың мерейтойлары қаншама?! Облыстық әкiмдiктердiң демеушiлiгiмен жарық көрiп жатқан кiтаптар… Өте мол… «Астана жазушыларының кiтап­ха­насы» сериясын осы қатарға жат­қызуға болады.

***
Мәдениет министрлiгi жанын­дағы бiр кездерi жабылып қалған репертуарлық-редакциялық колле­гияның араға көп жыл салып қайта ашылуында да, драматургтерiмiзге қаламақы төлеу мәселесiнiң оң шешiлуiнде де Одақ пен драматургия кеңесiнiң мол үлесi болды деп есептеймiн. Сондықтан мемлекеттiк тапсырыс есебiнен жүзеге аса бас­таған мұндай игi шаруаны айрықша атап айтуға болады. Екi Құрылтай аралығындағы ауыз толтырып айтар үлкен жаңалығымыз – соңғы екi жылдан берi «Әдебиет айдыны» атты апталық басылымның үздiксiз жарық көре бастағаны
***
Екi Құрылтай аралығында ұйымның 70 жылдығына орай, Одақ әзiрлеп, дайындаған қос қалың кiтап «Ана тiлi» баспасы арқылы жарық көрдi (көлемi 65 баспа табақтық
«ХХ ғасыр: Қазақстан жазушылары» атты энциклопедиялық анықта­малық пен 70 жыл iшiнде Қазақстан Жазушылар одағы атқарған шаралар толық қамтылған көлемi 35 баспа табақтық «Әдеби өмiр шежiресi» кiтабы). Мұның сыртында Жазу­шы­лар одағы әзiрлеген 14 баспа табақ­тық «2002 жылғы сәуiр Құрылтайы» атты кiтап жарық көрдi. Жазушы­лардың толықтырылған анықта­ма­лығы мен уақыт талабына сай әдiп­телiп, сапалы былғары тыспен қапталған мүшелiк билет өз иелерi­нiң қолына тиді.

***
21 мамыр күнi Республика Прези­дентiмен болған жеке кез­десуде айттым. Елбасы елу минуттық кездесуде Төраға аузымен айтылған ол ұсыныс-тiлектердi ден қойып отырып тыңдады, бiразын табанда шештi. Бiразын анықтау үшiн тиiстi жерлерге тапсырма беретiнiн ескерттi. Осы бiр мағыналы, сапалы кездесуде көтерiлген әдебиетке қатысты проблемалар турасынан Сiздердi хабардар еткендi жөн санаймын. Кездесу кезiнде айтылған проблемалардың iшiнен Елбасының қолдау бiлдiргендерi мыналар: бiрiншiсi, әдебиеттiң күллi пробле­ма­ларын шешудiң мемлекеттiк бағдарламасын жасау туралы ұсыны­сымыз. Екiншiсi, жас ақын-жазу­шы­лардың әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларын шешу мақсатында Астана, Алматы қалаларынан тұрғын үй салу; Үшiншiсi, Мемлекеттiк тапсырыспен жарық көретiн маңыз­ды деген көркем шығарма авторла­рына қаламақы төлеудi жүйеге кел­тiру; Төртiншiсi, Мемлекеттiк тап­сы­рыспен жарық көретiн маңыз­ды деген шығармалардың республика аумағындағы насихатын жолға қою үшiн кiтап саудасын реттеу; Бесiн­шiсi, Астана қаласынан Әдебиет­шiлер Орталығын ашу; Алтыншысы, Алматы қаласындағы Орталық ғимараттың күрделi жөндеуiне қар­жылай көмек көрсету; Жетiншiсi, Қазақстанның халықаралық деңгейдегi рухани беделi мен абыройын көтеру мақсатында Отандық әдебиеттiң озық үлгiлерiн өз дәреже-деңгейiнде әлемнiң өзге тiлдерiне аудару; Сегiзiншiсi, (Ел­басы өз тарапынан қосқан) Мем­лекеттiк тапсырыспен өтетiн көркем туындыларды iрiктеу, сұрыптау жұмысын Жазушылар одағының тiкелей келiсiмiн ала отырып жүргiзу; Тоғызыншысы, (Елбасы пiкiрi) Жазушылар қауымын ыдыратуға болмайтынын ескерте отырып, Республика аумағында жалғыз Одақ­тың болу принципiн орнық­тыру; Оныншысы, қалың қаламгер­лер көңiлiн көп алаңдатқан үш әдеби басылымның – «Қазақ әдебиетi» газетi мен «Жұлдыз», «Простор» журналдарының құрылтайшылық құқын Қазақстан Жазушылар ода­ғына қайтару мәселесi. Мiне, Елбасы тарапынан қолдауға ие болған осынау iргелi-iргелi проблемалардың ұлт әдебиетiнiң iлгерi жылжуына қолайлы жағдай тудырып, үйлесiмдi кеңiстiк қалыптастырары шүбәсiз.

2007 жыл.

Көркем сөз – ұлттың ұлы қазынасы

Қазақстан Жазушылар одағының ХIV Құрылтайынан

2007 жыл мен 2012 жыл аралы­ғын­дағы орындалған, орындалмаған міндеттер мыналар: 1) Әдебиеттің проблемаларын шешу туралы бағ­дар­ламаны тиянақтау (Тоқтатылды); 2) Жас ақын-жазушылардың тұрмыстық жағдайларын реттеу (Орындалды!) Алматы, Астана қалаларынан 6 пәтер бөлінді);
3) Мемлекеттік тапсырыспен жарық көретін маңызды деген көркем шығарма авторларына қаламақы төлеуді жүйеге келтіру (Міне, дәл осы мәселе 2007 жылы шешіліп тұрып, тиісті жолмен бөлінген қо­сым­ша 193 миллион қаржы сұраусыз кетті); 4) Кітап саудасын реттеу (Болашақтың жұмысы); 5) Астана қаласынан Әдебиетшілер Үйін ашу (Әлі күнге қаралу үстінде!); 6) Ал­маты қаласындағы Орталық Ғи­марат­тың күрделі жөндеуіне қаржы сұрау (Орындалды: 2007-2009 ж.ж. аралығында жүзеге асты!);
7) Отандық әдебиеттің озық үлгілерін өзге тілдерге лайықты аудару (Қаралу үстінде. Жаңа министрмен келісімге келдік!): 8) Елбасы пікірі бойынша мемлекеттік тапсырыспен өтетін көркем туындыларды іріктеу, сұрыптау Жазушылар одағының тікелей келісімімен жүргізу мәселесі толық шешілмей отыр; 9) Билік те, қаламгерлер де Республика ау­мағында жазушылар қауымын ыдыратпау үшін жалғыз Одақтың болу принципін орнықтыру туралы айтқан Елбасы пікірін ұстанып отыр. 10) «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз», «Простор» журналдары­ның құрылтайшылығын Жазушылар одағына қайтару (Орындалды!).
Бұл айтылған он мәселенің сыр­тында тағы да: 1) Сын жанрын өрістету мақсатында: «Сын» жур­налын ашу; 2) Мемлекеттік сти­пендия көлемін екі есеге көтеру;
3) Мемлекеттік тапсырыспен жарық көретін кітаптардың таралымын республика аумағындағы бюджеттік кітапханалардың санына сай келтіру; 4) Әдеби мұражай ашу (Қаралу үстінде!). Міне, соңғы он жыл ішінде Жазушылар одағы тарапынан пленумдар мен форумдарда, әрқилы басқосуларда айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер бойынша Жоғарғы билік орындарының алдына қойылып, соның 11-і дұрыс шешілген.
***
Осы жылдар ішінде ұлт әде­бие­тінің дамуына Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып, көптеп көмегін көрсеткен қаржылық меке­ме­лер мен жекелеген азаматтарға ерекше ықыласымыз бен алғы- сымызды білдіргім келеді. Солардың арасында «Жер-су» корпорация­сының президенті Бауыржан Ос­панов бауырымыз балалар әдебиетіне «Дарабоз» деген атпен республи­калық бәйге жариялап, сегіз жыл қатарынан өткізіп келеді. Нақтылап айтар болсақ, осы сегіз жыл ішінде аталмыш бәйгеге 35 млн. теңге жұм­сап, «Кәусар бұлақ» деген атпен 16 мың дана кітап шығарып, респуб­лика кітапханаларына таратты. Сонымен қатар, еліміздің ең үлкен ірі кәсі­порындарының бірі «Қазақ­мыс» корпорациясы осыған дейінгі Халы­қаралық «Алаш» әдеби сый­лығына 3 млн. 200 мың теңге ауда­рып, «Мыс сапырған, кен қазған» ат­ты әдеби бәйгеге 2 млн. 300 мың теңге көле­мінде демеушілік жасады. Осы «Қазақмыс» корпорациясының тағы бір ұлт әдебиеті үшін жасап отырған үлкен жаңалығы, қорытын­дысы келер жылы шығатын балалар әде­биетіне арнап «Балауса» атты әдеби бәйге жариялады. Тағы бір ерекше атап өтері – еліміздің ірі кәсіпорны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы. Бұл компания биылғы Халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығына демеушілік жасап, 3 млн. 720 мың теңге аударды. Ұлт әдебиетінің өсіп-өркендеуі мен дамуына үлес қосып, түрлі деңгейдегі респуб­ли­калық шаралардың өтуіне мұрындық болған бір топ облыс әкім­діктеріне, соның ішінде үшінші жыл қатарынан «Шығыс шынары» мүшәйрасын өткізіп келе жатқан Шығыс Қазақ­стан облысының әкім­дігі мен екі мәрте жас қалам­герлердің респуб­ликалық әдеби форумын өткізіп, әдебиеттегі жаңа есімдердің жар­қырап шығуына үлкен ықпал жаса­ған Павлодар облыстық әкімдігіне айтар алғысы­мыз шексіз. Жоғарыда аталған бастаманы жалғастырып, үстіміздегі жылы «Көкшетау көк­темі» атты жастар форумын өткізген Ақмола облысының әкімдігі мен түрлі дең­гейдегі осындай іс-шара­ларға әрдайым қолдау білдіріп отыратын Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне де төрт көзіміз түгел жиналған осы бас­қосуымызда өзім­нің атымнан, сіз­дердің аттарыңыздан ерекше алғы­сымды білдіргім келеді.

2012 жыл.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір