Желідегі әлем
29.09.2017
1884
0

Қамбар Ахметов

Ауыл десе бүйректің бүлк ете қалатын әде­ті ғой.
Ауылға интернет баратын болды. Бүгін Үкіметте ауылды жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету Жобасы тал­қы­ланды. Жобаны Ақпарат және коммуни­кация­лар министрлігі әзірледі. Сәтін салса, 2018 жылдан басталады. 2018-2020 жылдары іске асыру жоспарланып отыр.
Осының нәтижесінде:
Шамамен 1700 ауылдық елді мекенге (қазір тізім пысық­талуда) талшықты-оптикалық байланыс желісі жетеді.
2 миллионнан астам тұрғын сапалы интернетке қол жет­кізеді.
24 мың шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады.
2000 мектеп интернетпен қамтылады.
Денсаулық сақтау мекемелерінде 1200, жергілікті меморгандарда да осынша нүкте қосылады.


Жанар Оразымбет

Кеше қызым мектептен келе сала: «қазақ­та «күлкінішті» деген сөз жоқ қой иә?», – деді. «Оны кім шығарып жүр тағы?» деп едім «Бір мұғалім айтты» деді. «Қазақта «күлкінішті» деген сөз жоқ қой» деп едім, «Біз жақта бар. Бұл – диалект» деді», – дейді қызым. Жарайды, басқалар айтсын-ақ дейік. Бірақ енді мұғалімдердің айтқаны… Күлкілі!


Арман Әубәкір

Таңбалы тас ескерткіштер кешеніне барар жолдың мәселесі жайында бір­не­ше рет басылымдарға мақалалар жазып, «Адырна» сайтында да, Фейсбукте де дабыл қаққан едік. Жақында жол­дың жақсылап тұрып жасалып жат­қанын өз көзімізбен көріп, қуанып қайттық. Алматы облысы әкімшілігі тарихи жәдігердің қадіріне жетіп, мәселені шешіп жатқаны – биліктің беті бері қарағанын білдіретін тәрізді… Неде болса, алғыстан басқа айтарымыз жоқ.


Аятжан Ахметжанұлы

Үнемі үнсіз қалатынды шығардық, себебі айтқан тілді алмайды, білім саласының жоғары жағында өзім ғана білем деген қалың бизнесмен отыр…
Айтқаныңды жау көреді… Тек география емес, бар пәнге ауыр соққы жасап отыр… Қазақ тілі мен әдебиетін нокдаунға жіберген… Химия, физика, биология, информатика ағылшын тілінде өтетін болса, бізде ғылым нокаутқа кетеді… Сол кезде «осы салада жүр едік» деп кімнің бетіне қараймыз?
Ғылымға күллі өмірін арнаған ғалымды тыңдамаған кісі менің сөзімді не қылсын?
Қой, алдымдағы тірлікті істейін…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір