Жаңа редакторлар
22.09.2017
1600
0

Жуырда бірқатар отандық мерзімді басылымдарға жаңа редакторлар тағайындалды. Атап айтсақ, «Түркістан» халықаралық газетіне бұрын осы басылымда бас редактордың бірінші орынбасары қызметін атқарып келген әдебиетші, публицист Жаңабек Шағатаев, ал республикалық қоғамдық-саяси, құқықтық апталық «Заң» газетіне ұзақ жылдан бері осы газетте жұмыс атқарған Айнұр Сембаева Бас редактор болып тағайындалды. Әріптестерімізге жауапты қызметтерінде шығармашылық табыс тілейміз!

ПІКІР ҚОСУ