Жаңа мүшелер қабылданды

Ақтау қаласындағы Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновпен маңғыстаулық қаламгерлердің кездесуі өтті.
Кездесу барысында филиал басшысы Әнуар Бимағамбет 2023–2024 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Әнуар Қосымұлы бұдан әрі бұл қызметті ақын Сұлтанбек Құдайберген атқаратынын айтты.
Одақ төрағасы М.Құлкенов одақтың алдағы жоспарларымен бөлісіп, өңірлік әдебиеттің де дамуына күш салатынын айтты. Кездесу соңында тоғыз қаламгерді одақ құрамына қабылдады.
Атап айтсақ, Мұқамбетулла Кемер, Қабыл Шілдебай, Сәрсен Қадыр, Гүлай Дәуітбай, Сұлтанбек Құдайберген, Үмітгүл Нұрмұқан, Жұмагүл Мұрсал, Тілеген Әли, Алтынбек Әлібаев одақтың жаңа мүшелері болды.
Маңғыстаулық қаламгерлерді құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!
Сағындық Рзахмет,
Маңғыстау облысы