Желідегі әлем
22.09.2017
1226
0

Арман Сқабылұлы

Жарты әлемді жаулап, Алтын Орда­ның құлауына себепкер болған Әмір Те­мірді өз­бек­тер өз бабамыз дейді. Тәш­кеннің ортасынан ойып тұрып сал­ған Темірдің мына мұра­жайы­на бір кі­­ріп шықсаңыз, көңіліңізде титтей де бол­­са күмән қал­майтыны сөзсіз. Өйткені, дә­лел жеткілікті. Бұл дүниеде Ақсақ Темірге қатысты қандай мұра­ғат бар, соны өзағаңдар осы мұражайға жинап алыпты. Темір сал­дырған Тәж-Махал, Иассауи кесенесі, Самарқандағы жәді­гер­­лерге қатысты түпнұсқа құжаттар мұражайда тізіліп тұр. Ал біз?.. Әл-Фарабиге осындай құрмет көрсете алдық па? Сұл­тан Бей­барысқа Атырауда ескерткіш орнатқаннан аса алмадық. Осы ба­ба­ларымызға қатысты құжаттардың ең құрығанда көшірмесін жи­нап, мынадай бір алып мұражай сал­сақ қой, шіркін! Қысқасы, қы­зығып та, қызғанып қайт­тым.


Сағыныш Намазшамова

Баламмен кітапты бірге оқуға тура келеді. Күлетін жерінде бірге күліп, тал­қылайтын же­рін­де бірге талқы­лама­саң, жалығып кетеді, иә болмаса бір­сыдырғы эмоциясыз оқып шығады. Анам мұндайда тіпті де жақтырмай: «Баяғыда кітапты өздерің айтқызбай-ақ, тіпті тығылып оқи­тынсыңдар. Ал қазіргілер мына түрімен оқып жарыта ма?», – деп кейиді. Қайтеміз, қалай болса да, алдап болса да, ақыл айтып бол­са да, өз уақытыңды сарп етіп болса да, көркем әдебиетті оқы­туымыз керек. Мархабат Байғұттың «Интернаттың баласы» хикая­ты – жасөспірімдер үшін қызық та тартымды шығарма, сөз жоқ. «Ноқ­табайлармен бірге өмір сүрген сияқтымын» дейтін қимастық бар балада. Жас өркеннің кітапқа деген қызығушылығын арттыра­тын тағы қандай кітаптарды ұсынар едіңіздер? (Бердібек Соқ­пақ­баев, Сайын Мұратбековтен басқа).


Ербол Азанбек

2018 жылдан бастап мектеп оқу­шы­лары «Кә­сіпкерлік және бизнес негіз­дері» пәнін оқи бас­тайды. Мұның қа­сына «Қаржы сауатты­лы­ғы» пәнін қос­са, тіпті тамаша болар еді. Қар­жы­сын үнемдеп, сақтап, басқара алған адам­нан мықты кәсіпкер шығады. Сосын ІТ-ға қа­тыс­ты бі­лім беру де өзгеруі керек. Ол баяғы ЭВМ пәні деңгейінде қа­­лып кеткен. Оның қасына «Ақпараттық сауат» пәні керек. Бұл енді «Атамекеннің» жұмысы емес. Бірақ кәсіп­керлік, бизнестің бір жағын толықтыратын салалар бол­ған­дықтан, тиісті орындарға ұсыныс жасап қалар…


Ерлан Қалмақов

Аманг елді, Арқалық өңіріне іс­са­пар­ға барып келдім. Облыс басшы­лығы Кейкі батыр бабамыздың тойына дайын­дықты пысықтап, ұйымдастыру ал­қасына тиісті тапсырмалар берді. Ба­тыр баба рухына арнап тұрғызылған ке­сене «Қазақстанның киелі жерлерінің картасына» ұсы­нылып отыр…
Кейкі батырды жерлеу рәсімін өткізу және бірқатар ша­ралар 15 қыркүйекке, республикалық ақындар айтысы
16 қыркүйекке жоспарланды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір