Үздік актер атанды
5-11 қыркүйек аралығында Татарстанда XIII Халықаралық мұсылмандар киносы фестивалі өтті. Аталмыш фестиваль 2005 жылдан бері Татарстанда өткізіліп келе жатқан Ресейдің ірі кинофестивальдерінің бірі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кинофорумның мақсаты – мұсылман елдердің фильмдерін үлкен экранға шығарып, діни ғана емес, адами құндылықтарды да дәріптеу, ұлтаралық диалог қалыптастыру.
Осы кинофестивальде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер Дулыға Ақмолда режиссер Сәбит Құрманбековтің «Оралман» фильмінде басты рөлді сомдағаны үшін «Үздік ер адам рөлі» жүлдесімен марапатталды.
«Оралман» фильмінде туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жылдар өткен соң Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыздың өмірі баяндалады.«Оралман» көркем фильмі осы жылдың басында Иранның астанасы Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалінде Бас жүлдені, сонымен қатар XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде Бас жүлдесін жеңіп алған болатын.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.