«Жасыл ел» – жастар тірегі
18.08.2017
42746
3

«Жасыл ел» – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Сол жылы Астана қаласында «Жасыл ел» Жастар еңбек жасағы­ның Республикалық штабы құры­лып, ұлан-ғайыр мекеннің барлық аймағанда бөлімшелері ашылып, өз жұмысын бастап кеткен еді. Аталмыш бағдарлама он екі жыл ішінде көптеген жастың Отанға деген сүйіс­пеншілігін оятып, елімізді жа­сыл желекке айналдыру мақса­тын­да олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген философияны өс­ке­лең ұрпаққа ұғындырып, жазғы де­малыстарын босқа өткіз­бей, жұ­мыс істеп, қосымша қаржы табуға мо­лынан мүмкіндік тудырды. Уа­қыт өткен сайын жалпыұлт­тық ба­с­тамаға үн қатып, қолдау біл­діру­ші студенттердің, жалпы жас­тардың қатары артып келеді. «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет» немесе «бір тал кессең, он тал ек» деп ата-ба­ба­мыз бекер айтпаса керек. Жасыл желек – жан саясы. Қай дамыған мем­лекетті алып қарасаңыз да, жас­тардың белсенділігі өте жо­ғары еке­нін көріп, бар шаруа жас­тардың жұ­мыла қатысуымен бітетіні бел­гілі. Сондықтан да бізде де елі­міз­дің гүлденуі үшін, озық мем­лекет­тердің қатарынан орын алуы үшін бә­ріміз жұмыла жұмыс жасауымыз ке­рек. Бұл бағдарламадағы басты ба­ғыт – табиғатты қорғау, экология­ны сақтауға ғана емес, жас­тардың тәр­биесі мен еңбекке баулу. «Бағ­дар­ламаның тағы бір тиімді тұсы – жас­тарды еңбекке тарту. «Жасыл ел» бағдарламасының аясында тоқ­сан мың адам жұмыспен қам­тылған екен. Жастар тек қана қалаларда ғана емес, орманды өрт шалған ау­мақтарда да жұмыс істейді. Аталмыш бағдарлама ая­сын­да еңбектеніп жүрген жастар бүгінгі күнде көше­лер­ді, арық бойларын тазалап қана қой­май, футбол алаңдары ауласында тазалап, қураған ағаштарды ке­сіп, тасжол жиектерін әктеу сияқты игілікті іс жасау барысында үлкен бел­сенділік көрсетуде. Маусым, шіл­де тамыз айларында жасақшылар тынбай жұмыс жасады. «Таза болса маңы­мыз, сау болады тәніміз» деп атам­ қазақ айтпақшы, «Жасыл ел» жа­сақшылары қоршаған ортаның көркеюіне, қоғамдық орындардың таза тұруына өз септігін тигізуде.
Сөз басында аталмыш бағдарла­ма 2005 жылы қабылданып, жүзеге аса бастады дедік. Басқа-басқа емес, бес жылдың ішінде-ақ «Жасыл Ел» бағ­дарламасы кеңінен жайылып, нә­тиже беріп, «Жасыл Ел» еңбек отряд­тары құрылды. Бес жылдың нәтижесі бойынша «Жасыл Ел» отряды жауынгерлерінің саны бүкіл республика бойынша жүз он төрт мыңнан асқан еді. Ол отрядтар ағаш отырғызу, саябақтарда, темір және автокөлік жолдары бойында кө­шет­терді отырғызумен айналысады. Ол ұйым елді көркейтіп жатыр десек, артық болмас. Санасақ, осы күнге дейін «Жасыл ел» жасақтары құра­мын­да екі жүз жиырма мыңға жуық жас еңбек етіпті. Со­ның ар­қа­сын­да елімізде жүз гектар жер абаттандырылып, елу миллиондай ағаш егілген екен. Ал биыл бұл көр­сеткіш тағы да есе­ленбек. Енді, жас­­тар жұмыс істе­гені үшін лайықты еңбека­қы алатын бо­лады. Студент жас­тарды жазғы мезгілде бос уа­қы­тын тиімді пай­далану үшін әрбір аудан, қалада «Сту­­дент­тік құрылыс жасақтары» мен «Жасыл ел» еңбек жасақтары жұ­­мыс­тар істемек. 2015 жылы тек студенттерді ғана емес, сонымен қатар, жұмыссыз жастар да жасаққа шақырылыпты. Бұл да жұмыссыз­дықтың азаюына өзіндік септігін тигізері анық. «Жасыл ел» – тек пат­­риоттардың, елін сүйетін аза­мат­тардың орны. Әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Осы орайда аянбай еңбек етіп, өз туған жерінің мәртебесін көтеру әр қа­зақ­тың, ел бо­лашағы болып саналатын жас­­тар­дың міндеті. Қазақстан – жас мем­лекет. Бұндағы халықтың ба­сым көпшілігі бойында жалыны-қуаты тасыған жастар екені мәлім.
Жастар – ұлт келешегі, қоғам айнасы. Оларға қарап ертеңгі күн­нің, болашақтағы қоғамның қандай болатынын болжаймыз. Со­ндық­тан да олардың қызығушылығын қоғам игілігіне қара бұру дұрыс дүние. Жал­пы, қандай елде болсын аза­маттарының, жастарының ел ісіне араласуы жақсы құбылыс!.. Қазіргі танда, елімізде жастар саясаты қол­ға алынуда. Бұл орайда, көптеген игі бастамалар өз жемісін беруде. Осы саясатты іске асырудың негізгі мін­деттерінің бірі – жастарды ел­жан­­дылыққа тәрбиелеу, ішкі саяси тұ­рақ­тылықты нығайту. Аталған мін­деттерді іске асыру мақсатында республика бойынша жастарды пат­риоттық тәрбиелеу іс-шаралары да әзірленген. Солардың бірі – «Жасыл ел» бағдарламасы. Елбасы бас­тауымен бұл бағдарлама кең етек алды. Республикамыздың он төрт об­лысы мен Алматы, Астана қала­ла­рында «Жасыл Елдің» аймақтық шт­абы өз жұмысын бастаған еді. Бү­гінде, қазақ жастары осы бағ­дар­ламаның іске асуына барынша атсалысуда. Солардың көмегімен әлгі бас­тама осы күнге дейін жақсы нә­тиже көрсетуде. Жалпы, бағдар­ла­маның негiзгi мақсаты – жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, ел­ді-мекен айналасын жасыл ағаш­тармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, та­би­ғатқа деген махаббатын, пат­риот­тық сезiмiн ояту. Ең бастысы, жылына қаншама жастарды осы іске тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету. «Жасыл ел» бағдарламасы жақсы бастама ретінде бүгінгі күнге дейін өз өзек­­тілігін жоғалтқан емес. Қан­ша­ма студенттерiмiз бос уақытын тиiм­дi өткiзе отырып еліне қызмет етіп жүр. Сондықтан мынадай iс-ша­раға барлық оқу орындары атса­­лысса, тiптен жақсы болар едi. Қо­­ғамға, өз ұлтына пайдасын тигі­зер кезде аянып қалмайтын жасақ­шыларымызға алдағы уақытта сәт­тілік тілейміз!..

Ақерке БЕРШІМБЕКОВА,
№143 Сүйінбай атындағы жалпы білім беретін мектеп оқытушысы.

ПІКІРЛЕР3
Аноним 03.12.2019 | 11:16

👏👏

Аноним 01.09.2020 | 22:08

Жасыл ел бағдары аясында еңбекке тартылған мектеп жасындағы жастарға дұрыс жетекші тағайындалған абзал. Ол жас білікті мұғалімдерден болса деген пікір білдіреміз.

Аноним 19.09.2021 | 13:35

Паталок

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір