Жастар рухы: Жаңа Қазақстан тірегі – жалынды жастар

Сабина Балтабекова, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ журналистика факультетінің 1-курс студенті
Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамында жастардың рөлі бұрынғыдан да маңызды болып отыр. Елдің дамуы мен болашағы тікелей жас буынның белсенділігіне, білімі мен патриоттық рухына байланысты. «Жаңа Қазақстан» ұғымы — тек саяси не экономикалық өзгеріс емес, ол — қоғамның жаңаша ойлауы мен әрекет етуінің көрінісі. Бұл өзгерістің қозғаушы күші – жастар.
Қазіргі жастар білім мен ғылымға ұмтылып, жаңа технологияларды меңгеріп, өз идеяларын жүзеге асыруға талпынып келеді. Елдің түкпір-түкпірінде еріктілер қозғалысы дамып, қоғамдық бастамаларға қатысушы жастар саны артуда. Олар экологиялық акцияларға, әлеуметтік жобаларға, мәдени іс-шараларға белсене атсалысуда. Бұл — жастардың ел тағдырына бейжай қарамай, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастырып келе жатқанын көрсетеді.
Мемлекет те жастар саясатын қолдауға үлкен көңіл бөлуде. «Жастар жылы», «Жастар практикасымен» қатар, түрлі гранттар мен жобалар жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік беруде. Бүгінгі жалынды жастар — ертеңгі көшбасшылар. Олар еліміздің экономикасын нығайтып, мәдениетін байытып, халықаралық аренада Қазақстанның беделін арттырады.
Сондықтан жастардың бастамаларын қолдау, олардың идеяларын іске асыруға жағдай жасау — Жаңа Қазақстанның басты міндеттерінің бірі. Рухы мықты, білімді, белсенді жастар ел болашағының тірегі болып қала береді.