Білім грантын ұтып алғандар
11.08.2017
1029
0

Білім гранты иелерінің тізімі анықталды. Биылғы жылы студенттерге бөлінетін гранттар жөнінде талдау жасаған ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова: «Соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті. Өткен оқу жылымен салыстырғанда бакалавриат 6 230 орынға көбейді. Осылайша 2017–2018 оқу жылына білім гранттарының саны 37 932 грантқа дейін өсті», – деді.

Оның ішінде, 35 082 грант 1 курс­қа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша – 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша – 300 грант), 2 850 орын – жо­ға­ры оқу орындарының дайындық бө­лімдері үшін бөлінді.
Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жі­берілген жоғары оқу орын­да­ры­ның тізімі кеңейтілген. Білім гран­тын тағайындау конкурсына 63 169 адам қатысты. Оның ішін­де 49 858 адам – қазақ ті­лін­дегі оқу бөліміне, 13 311 адам – орыс тіліндегі оқу бөліміне тап­сырған.
Оған қоса, 2017 жылдың бі­лім гранттарын тағайындауда кон­курс жоғары болған ма­ман­дықтар анықталды. Бұл жайында ұлт­тық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ай­тып берді: «Конкурс нәти­же­сінде жоғары шекті балл тір­кел­ген мамандықтар анықталды. Атап айтқанда, қоғамдық ден­сау­лық сақтауға шекті балл 129-ды, фармацевтке 130, сто­ма­то­логияға 131, педиатрияға 126, жал­пы медицинаға 128, ақпа­рат­тық қауіпсіздік жүйесі 125, ло­гистика 128, мемлекеттік аудит 126, халықаралық қа­ты­нас­тар 126, әлем экономикасы 125, қаржы 124 балды құрады», – де­ді ол өз сөзінде. Ұлттық тес­ті­леу орталығы директоры ор­га­никалық емес және органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығына түсуге 50, ағаш өңдеу технологиясына 50, қы­сыммен материалдарды өңдеу технологиясына 50 балды ғана құрағанын да айтып өтті. «ҰБТ мен кешенді тестілеу қоры­тын­ды­сында 95 595 адам межелік дең­гейден өте алды. 63 169 адам бі­лім гранттарын тағайындау кон­курсына қатысуға өтініш бер­ді. Оның ішінде 49 858 адам қа­зақ тілінде білім алуға, 13 мың адам орыс тілінде өтініш жа­сады. Конкурсқа 4 435 алтын бел­гі иегері, 1 147 жалпы білім беру пәндері бойынша халық­аралық, республикалық олим­пиадалардың, ғылыми жарыс­тар мен спорттық сайыстардың жеңімпаздары қатысты», – деді Р.Әлімқұлов.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір