Чикаго университеті алматылық оқушыға толық оқу грантын ұсынды
22.01.2024
402
0

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-тің 12 «В» оқушысы Ильяс Муслимхановқа Америка Құрама штатындағы Чикаго университеті толық оқу грантын ұсынып отыр.

1890-ыншы жылы қаланған Чикаго Университеті әлемдегі ең жетік ЖОО-ның бірі болып табылады. Университет QS 2024 рейтінгісі бойынша әлемде 11 орында тұрса, АҚШ-та үздік бестікке кіреді. Оқу орнының тарихында профессорлары мен түлектері жалпы 99 Нобель сыйлығын ұтып алған. Олардың 16-сы экономика саласынан, бұл әлемдегі ең үлкен көрсеткіш. Сонымен қатар, университет «құқық», «саяси ғылым», «социология мен физика» салаларын оқытуда алдыңғы қатарда тұр. Бұл жерге жыл сайын әр 100 үміткердің тек 6 қабылданады.

 – Мен бұл оқу орнын ең алдымен оның ерекше Core Curriculum оқу бағдарламасы үшін таңдадым. Студентер университетте таңдаған мамандығымен қатар Arts, Humanities, Social Sciences және STEM салаларын да қосымша қамтиды. Бұл жалпы біліктілікті арттырып қана қоймай, жұмысқа тұруда да бәсекелестік артықшылық береді,– деді биылғы жылғы түлектер қатарындағы зияткер.

 Шынымды айтсам бұл жерге түскеніме әлі сене алар емеспін. Жарты жылдан соң АҚШ-та оқитыным бір жағынан қорқытарлық ой, дегенмен оған да дайынмын. Мектептің берген біліміне, мұғалімдерге алғысым шексіз,- деп ағынан жарылды Ильяс, Зияткерлік мектептің бетке ұстар оқушыларының бірі, өзін-өзі басқару ұйымының 2023 жылғы премьер-министрі, көптеген ірі шаралардың басында тұрған мектеп көшбасшысы.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір