Қазақ пен латын
11.08.2017
2338
0

Қалиев Бектұрсын Аманқұлұлы,
Қарағанды Мемлекеттік университеті,
Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты


Қазақ халқы кеңестік қызыл империяның пәрменімен ХХ ғасырдың 20-30 жыл ішінде үш рет әліпбиін (алфавитін) ауыстырған екен. Мұның астарында халықтың ғасырлар бойғы жинақталған бай рухани тарихын біржолата ұмыттыру, отарлау, орыстандыру, жалған «сауаттандыру», мәңгүрттендіру саясаты жатқандығын бүгінгі ұрпақ жақсы біледі.

1929-1940 жылдар аралығында рес­ми түрде қолданылған латын әліп­биімен үкіметтің қаулы-қарарлары, мем­лекеттік баспасөзі, көркем әде­бие­ті, т.б. жарық көріп тұрды. Кейін­нен бұл жазу кеңестік идеологияның саясатын мүлтіксіз жүргізуге кедергі кел­тіреді, біртұтас кеңес халқын жа­сай­мыз, барша жұрт орыс тілінде сөй­лесе, солғұрлым коммунизмге тез же­теміз деген желеумен әліпбиді ки­риллицаға көшіріп жіберді.
Соңғы уақытта осы латын жазуына қайта көшу немесе қайта оралу мә­селесі көпшілік арасында біраз пі­кір­таласқа айналып отыр.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2006 жы­лы өткен Қазақстан халқы Ассам-блея­сының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліп­биін латынға көшіру жөніндегі мә­селеге қайта оралу керек. Бір кез­дері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де, латын қарпі коммуни­кация­лық кеңістікте басымдыққа ие және көп­теген ел, соның ішінде посткеңес­тік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақ­ты ұсыныстармен шығуы тиіс.
Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылық­тары мен кемшіліктерін зерделеп алуы­мыз керек», – деген пікірі 2012 жы­л­ғы желтоқсан айында жария­ланған «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «2025 жылдан бастап латын әліп­биіне көшуге кірісуіміз керек», – деген мәлімдемесі, әсіресе зиялы қауым ортасында үлкен резонанс ту­дыр­ды.
Радио, теледидарда, газет-журнал беттерінде латын жазуына көшу не көш­пеу туралы қызу пікірталас бас­талды. Жаңа әліпбидің бірнеше үлгі жобасы жасалғандығы айтылғанымен, мына жобаны пайдалануға болады деген нұсқасы халықтың талқылауына ұсынылған жоқ.
Украина мен Қырымдағы 2014 жыл­ғы саяси оқиғаларға байланысты ла­тын әліпбиіне көшу мәселесі күн тәртібінен түбегейлі алынып тасталмаса да, мемлекеттік мекемелер мен бұ­қаралық ақпарат құралдары бұл жазу жайында мүлде жақ ашпай кетіп еді. Мұндай үнсіздік бәріміздің ойы­мызға Қазақ елінің 2025 жылға қарай латын әліпбиіне көшу, көшпеуі екі­талай деген күдік ұялатқаны жасырын емес. Бұл күдікті Ұлт көшбасшысы Н.На­зарбаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 2017 жыл­дың 12 сәуірінде жарық көрген «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ат­ты мақаласы [3] әбден сейілтті деп ай­та аламыз.
«2025 жылға қарай іс қағаздарын, мер­зімді баспасөзді, оқулықтарды, бә­рін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз.
Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бас­тан қолға алуымыз керек. Біз осынау ау­қымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліп­биіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек», – деген мемлекет басшысының сөз­дері латын әліпбиіне көшу туралы дау-дамайға нүкте қойғандай болды. Де­сек те, латын әліпбиіне көшуді жақ­тайтындар бұл мемлекеттік тілдің ны­ғаюына оң ықпалын тигізеді десе, қарсы жақ халық арасында сауатсыздық басталады деп үрейленуде.
Яғни «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген бүгінгі күннің сауалы – ел ке­лешегін ойлаған әрбір азаматтың кө­кейкесті мәселесі. Қолданылып келе жат­қан әліпбиімізді латын жазуына ауыс­тыру бізге не береді, неден ұтамыз, неден ұтыламыз деген секілді сұрақтарға келсек, оған мынадай жауаптар беруге болады:
1. Тілдері ұқсас, діні бір, түп негізі ор­тақ түркі тектес елдер осы күнге дейін әр түрлі әліпбимен жазып келеді, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес мем­лекеттердің жазуы да бірізге түсі­ріл­мей келеді, барлығына ортақ әліпби құрастыру (жазу) түркі мемлекеттерінің тарихи, рухани, мәдени байланыс­тарының нығаюына, ынтымақтастыққа, өзара интеграцияға алып келер еді;
2. Өткен ғасырларда түрлі тарихи, сая­си жағдайларға байланысты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақ баласының басын қосушы фак­тордың біріне айналар еді. Өйткені, бә­ріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әр­түрлі әліпбиді пайдаланамыз, мәселен, Ресейде, Монғолияда өмір сүретін қан­дастарымыз – кириллицаны, Қытай, Ауғанстан, Пәкістанда тұратын бауырларымыз – төте жазуды (араб жазуын), ал Түркия мен Еуропа мемлекеттерін ме­кендейтін алаш перзенті – латиницаны қолданады. Бұл, әрине, өзара хат-хабар алмасуды күрделендіріп, жазу арқылы тілдесуді қиындатады. Мұны шет­елдің жоғары оқу орындарыаралық келісімшарт негізінде білім алып жатқан Қытай мемлекетінен келген қандас сту­денттерімізді оқыту барысында көріп жүр­міз. Яғни латын әліпбиі – әлем қа­зақтарының рухани бірлігінің негізі деп айта аламыз.
3. Біздің мұрағаттарда шаң басып жатқан көптеген мұрамыздың дені латын әліпбиінде жазылған. Латын әліп­биіне өту арқылы баға жетпес інжу-мар­жан, бай мұраларымызды кеңінен зерт­теуге мүмкіндік алар едік. Мәселен, алаш арыстарының латын әліпбиімен жа­зылып жарияланған қаншама еңбегі көп­шіліктің кәдесіне асырылмай, іздеу­шісін күтіп жатқаны жасырын емес.
4. ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры десек, бүгінгі компьютер заманында әлемдік ға­ламтор жүйесіндегі ақпарат кімнің қо­лында болса, сол өз билігін емін-ер­кін жүргізе алады. Ал ақпараттың басты құралы – жазу. Яғни ғаламтор жүйесінде үстемдік жасаушы – ол латын графикасы.
Білім, ғылым, өндіріс саласына еніп жатқан жаңа технологияларға латын әліп­биі арқылы қол жеткізудеміз. Сон­дықтан латын әліпбиіне көшумен ха­лықаралық ақпараттық кеңістікке шығу жеңілдейді, яғни ғаламтор жүйесін хал­қымызға ана тілінде меңгеруге жол ашы­лады. Қазір бәріміздің көзіміз ашық, көкірегіміз ояу, бірнеше тілді бес-алты айдың ішінде қорықпай, еркін үйреніп алып жатқанда, ана тіліндегі дыбыстарды басқаша таңбалауды ғана меңгеріп алу бүгінгі жас ұрпаққа көп қиындық келтірмейді. Әрі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көбі осы графикамен жазылуда.
5. Латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңей­туге мүмкіндік жасайды. Тіл тазалығы мәселесіне келсек, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қыс­қартып, сол арқылы қазақ тілінің та­биғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Қазақ тілін оқытуда басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелер қыс­қарып, мектептен бастап барлық оқу ор­н­ында оқыту үдерісі жеңілдейді.
6. Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлт­тық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік.
Қазақстанның кириллицаны тастап латынға көшуі – көршіміз Ресеймен дос­тық байланыстарынан бас тартуы деген сөз емес. Бұл – тәуелсіз елдің ішкі ұлттық мәдени мәселесі. Ол мәселенің көрші елдермен қатынастарға қатысы жоқ. Ресей мен Қазақстанның достық негіздегі байланыстары екі ел үшін де пайдалы екені анық. Сондықтан Қа­зақ­станның латын әліпбиіне өтуі Ресеймен достық байланыстарды жалғастыруға еш кедергі келтірмейді.
7. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тіл­ді үйренуіне де өз әсерін тигізер еді. Мәселен, бұған дейін кириллицамен жазылып келген қазақ тіліндегі сөздерді латын әрпімен таңбалайтын болсақ, тіл үйренушілер ол сөздерді басқаша қабыл­дайды, олардың ойында басқа ассоциация пайда болады: Қазақстан – Qazaqstan, өнер – öner, өзен – özen, өмір – ömir т.б.
Қазір қолданылып келе жатқан кө­зіміз де, құлағымыз да әбден үйреніс­кен кирилл жазуы аса жетілген, кемел еместігін қазақ сөздерінің орфографиясына, орфоэпиясына келгенде анық бай­қадық. Жазуда қазақ тілінің дыбыс­тық жүйесіне бағынбайтын жат тіркес­тер, көпшілік үйреніп кеткенімен, кірме сөздердің орыс тілі заңдылықтары негі­зінде сақталып жазылуы, басы артық ь, ъ таңбалары, в, ф, ц, щ, ю, я әріптері, т.б. қиын­дықтар кездесуде.
Бүгінгі ұрпақ дыбыстардың тіркесім заңдылығына, дыбыс үндестігіне мән бер­мей, жазудың жетегінде, әріптің не­гізінде сөйлеп (дыбыстап), тіліміздің ең басты ерекшелігі болып табылатын, мыңдаған жыл бойы атадан-балаға мирас болып келе жатқан үндестік заңды­лығын бұзып, артикуляциялық база­мыз­ды бүлдіруде. Мысалы, Құнанбай – Құнамбай, көкөніс дүкені – көгөнүс түкөнү, күн күркіреді – күң гүркүрөдү, таза ауа – тазауа, т.б. болып тіл және ерін үндесіміне бағынып барып дыбысталуы тиіс.
Сөйтіп, орыс жазуына негізделген 42 әріптен тұратын әлемдегі әрпі көп жазуы­­мыздың арқасында әріппен сөй­лейтін ұрпақ қалыптаса бастады. Тіл ма­мандарының таңба басқа, дыбыс бас­қа болады деген пікірі ескерілмеді. Орыс жазуына негізделген қазақ жазуы ды­быстық жүйеге мынадай өрескел қате­лік­тер әкелді:
– қазақ тілінің фонетикасы қате тео­риялық түсінік бойынша оқытылды;
– и, у дыбыстары біресе дауысты, біре­се дауыссыз деген қате тұжырым пай­­да болды;
– кірме сөздер мен терминдер тіліміз­дің басты заңы – сингармонизмге ба­ғын­дырылмады, таза орыс тілінің ды­быстық заңы бойынша айтылды;
– қазақы акцент жоғала бастады;
– жуан және жіңішкелік белгі бойынша сөйлеу қалыптаса бастады, мә­селен, Асель, халің қалай? (Әсел, қалың қалай?)
– сөзде екі дауысты дыбыс қатар жа­зы­латын орфограмма енгізілді, мысалы, киім, киік, тиын, қиын, жиын, суық, буын, т.б.;
– ерін үндестігі есепке алынбады, мек­теп бағдарламасына енгізілмеді;
– қазақ тілінде дыбыс «сингема» емес, «фонема» деген тұжырым енгізіл­ді;
– орфографиялық сөздікте фонети­калық ұстаным басты болмады, орфогра­фияда ала-құлалықтар пайда болды;
– сөйлеуде орфоэпиялық норма бас­ты болмай, орфографиялық норма бас­ты болды;
– емле саласында күрделі қиын­дық­тар пайда болды, т.б.
Бүгінгі қазақ жазуына тек әліпби ауыс­тыру ғана емес, түбегейлі реформа керектігін қазіргі фонетист-ғалымдар­дың бірі Ә.Жүнісбек тынбай айтып келеді. Ғалымның: «Реформа бір ғана әліп­би ауыстырумен шектелмейді. Реформа үш мәселені – дыбыс, әліпби жә­не еміле-ереже бірдей қамтиды: ды­быс – өзге тілдерден бөлектеп тұратын тіл­дің тұрпат-тұрқы; әліпби – сол ды­быстың қауызы, басқаша айтқанда, қорғаны мен оққағары; еміле-ереже – дыбыстардың басын біріктіріп, сөз құрап тұратын дәнекері. Осы үш мәселе бір-бірімен байланысты және қатар шешілмей төл жазу қалыптаспайды. Ал әліпби ауыстыру қазақ жазуына реформа жасаудың алғышарты және ең төте жолы болып табылады. Егер латын таң­баларын баптап қабылдай алсақ, онда көптеген тіл бұзар әріптер мен еміле-ере­желер өзінен-өзі түсіп қалады», – деген пікірі көңілге қонымды ай­тыл­ған.
Қазақ тілінің төл дыбыстарын түген­деп, соған лайықтап таңба санын ық­шам­дау – қазіргі күннің талабы. Ұлы А.Байтұрсынұлы бастап белгілеп берген қазақ тілінің төл дыбыстарының саны 28 (а, ә, б, ғ, г, д, е, ж, з, й, қ, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ш, ы, і) десек, осы ды­быс­тардан бөлек қазақ тілінің дыбыс­тарын іздеп әуре болмау керек, өзге ды­быс жоқ. Осы жердегі бәрімізді шатастырып жүрген й, у таңбаларының дыбыс мәні, тілімізде өте жиі кездесетін, езу­лік, еріндік, үнді [y, w] дауыссыз ды­быстарға жатады: ми [mɪy], қи [qɪy], ти [tіy], ауа [awa], әуе [äwe], су [suw], суы [suwu], у [uw], уық [uwuq], уіл [üwül], күлу [külüw], аю [ayuw], үю [üyüw] т.с.с. Мұндай дауыссыз дыбыс орыс тілінде жоқ, ал ағылшын тілінде бар, қазақ тілінде де бар.
Яғни латын таңбасына негізделген қазақ әліпбиін жасауда тілдің дыбыс жүйе­­сіндегі төл дыбыстар мен орыс ті­лінен кірме дыбыстар жеке-жеке қарас­тырылып, әрқайсысының өзіндік ерек­ше­ліктері мен жазу барысында туын­­­­дайтын әр түрлі заңды­лық­тары ескерілуі тиіс. Бұл істі кез келген адам ат­қа­ра алмайды, арнайы фонолог мамандар мен ком­пьютер тех­­­но­­логиясының тілін жетік меңгерген прог­­раммистердің әліп­би мәселесіне ғы­лыми тұр­ғыда зерт­теу жүргізіп, оны әб­ден пысықтап алып барып, жүзеге асыруына тура ке­леді.
Біз, қазақ елі, уа­қыт кө­шіне ілесіп, қа­­лып қоймай, әлем­дегі өркениетті мем­лекеттердің қата­ры­на қосылу үшін, жал­пы ұлт ре­тінде сақ­талып қаламыз де­сек, көп кешікпей, әліп­­биімізді латын жазуына көшіруіміз ке­рек. Бұл – бүгінгі күн­нің талабы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір