Атақоныс, туған жер
16.06.2017
3782
1

Ә.Жақыбаев.
Баркөрнеу. Өлеңдер. –
Алматы, ЖШС «Курсив», 2017.

Әдепхан Төреханұлының «Баркөр­неу» кітабына атамекен, туған жерге де­ген сүйіспеншілікке негізделген шы­ғар­малары еніп отыр. «Бал дәурен», «Ұлт­тық таным тағылымы», «Елім дар­қан, жерім бай», т.б. көптеген кітап­тар­дың авторы, ақын-этнограф, Қазақстан Жазу­шылар одағының мүшесі Ә.Төре­ханұлы өз жырларында кешегі өткен батыр бабалар ерлігін дә­ріптеп, оны бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етеді. Ұлы Даланы жау­дан азат еткен батырлар­дың ерлігін паш ете отырып, өзі­нің туған елге деген махаббатын терең толғаныспен жыр­лайды.
Кітаптың алғысөзін жазған қаламгер, Қазақстан Жазу­шылар одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым: «Сыртқы әлем­нің әсері оның жан сыры ақынның сезім күйіне айналып, өлең болып туады. Ал ақын үшін ту­ған жерден ыс­тық, қасиетті, киелі не бар дейсің? Әдеп­хан шығар­ма­шы­лығында осы тақырыптағы өлең-жыр­лардың молдығы, те­рең тебіреністі болып келуі осыған да байланысты шы­ғар… Қасиетті қарашаңырақтан өрбіген жұрттың қасиетті қо­нысында өмір кешіп, өркен жайған ба­балардың жауға есесін жібермеген ерлігінің, өрлігіні ар­қасы. Ақын міндеті – ерлік пен елдік дәстүрін, ел мен жерге деген сүйіспеншілікті болашақ ұрпаққа дарыту!», – деген екен.
Туған табиғатын жан-жақты суреттеп, оның әрбір бөл­­шегіне аса мән беретін ақын өлеңдерінен ізгіліктің, дархан­дық пен даналықтың ізін көреміз.

Бейбарыс Бақтаев.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 30.09.2019 | 00:52

Өте жақсы жазылған

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір