Хусто Хорхе қазақ ақындары хақында
Жалғасы. Басы өткен сандарда
Төлеген Айбергеновтің (1937-1967) поэзиясы сезімталдыққа, өзінің замандастары мен олардың өмір сүру салтына берілгендігі мен берік махаббатына негізделген. Оның ақындық мақсаты туған жерге деген асқақ сезімдерді жырлайтын поэзияға қол жеткізу болды.
Т.Айбергенов қазақ поэзиясының сапасын арттырды. Оның өлең өлкесіндегі орны бөлек. Оның поэзиясына ашып айту қасиеті тән. Оның күші ақиқатта, оның өлең жолдары бізге адам жанының пейзажын суреттейді. Ол көп нәрсені түйсіне білген, еркін болған ақын.
Ақынның осы антологияға енген өлеңі «Сағыныш» деп аталады және ол ақын інісі Мұхтар Шахановқа арналған. Бұл Айбергеновтің жас досына үлкен жолға шығарда берген өзінше нақты өмір сабағы. Ол шын сағыныштың өмірлік шешім қабылдауда маңызды екендігіне сендіреді. Әдемі визуалды бейнелер ой мен табиғатты біріктіреді. Бұл эмоциялық өлеңдерде талаптар мен мүмкіндіктер арасындағы кереғарлық көрініс табады. Адал достық пен адамгершілік. Оның батыл өлеңдері елге жайылып, биік шеберлік дәрежеге жеткен. Ол Қазақстанның өлеңсүйер жастары арасында сүйікті және танымал ақын болған.
Фариза Оңғарсынованың (1939-2014) шығармашылығында махаббат сыры поэзиясы көрініс тапқан. Ақынның әйелдер сыршылдығына қатты берілгендігі көрініп тұр. Ф.Оңғарсынованың тіліне, оның стиліне сезімталдық тән, мұнда оның жалғыздығының терең ауруы бейнеленеді. «Әйелдің монологы» өлеңінде қатыгездік, жан ауруы мен сағыныш көрсетіледі. Мен оның техникасының зорлық-зомбылықпен, торығумен таныс болғанын сеземін. Бұл қорқыныштан құтылу әдісі іспеттес эмоцияларды сипаттай отырып, поэтикалық нысанды (объект) сынға алады. Ақын поэзияға нәтижелі зейін қоюға қол жеткізеді. Бұл көптеген жылдар бойы үзбей өлең жазып, тілді абсолюттік билеу арқасында техниканы тазарта отырып сана-сезімді оятқысы келгендей. Онда жаралы жүрекке шағым түсіруге болмайды…
(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)
ПІКІРЛЕР1