Еске алу кеші өтті
22.10.2018
1880
1

Өткен аптада Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы мен Қ.Қожамияров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театрының ұйымдасты­руымен белгілі жазушы, актер, драматург, режиссер, аудармашы Шайым Шаваевтың туғанына 80 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті.

Кешке қазақ және ұйғыр ақын-жазушылары, зиялы қауым өкіл­дері мен мек­теп оқушылары қатысты.
Мерейтойлық еске алу кешінде алғашқы сөз кезегін алған Қазақ­с­тан Жазушылар одағы Басқарма төр­аға­сының орын­басары, фило­логия ғылымда­ры­­ның докторы, ақын Бауыр­жан Жақып жазушы­ның шығармашылықтағы жетіс­тік­тері мен қаламгерлік қайрат­керлігіне тоқтала келе, қазақ әде­биетіне қос­қан зор үлесін де атап өтті.
Мұнан кейін сөз алған Қазақ­станның Еңбек сіңірген қайрат­кері, жазушы Йолдаш Азаматов Шайым Шаваевтың ұйғыр әде­бие­тіндегі орнына тоқталды. Жазу­шы­ның жерлесі, Ұйғыр әде­биеті кеңесінің төрайымы, фило­ло­гия ғылым­да­рының кандидаты, ақын Па­тигүл Махсатова Шайым Ша­ваев­қа ар­наған өлеңін оқыса, Ұй­ғыр театры­ның көркемдік жетек­шісі, Қазақ­станның Халық әртісі Мұрат Ах­­мадиев «Бірінші махаббат» әнінің қалай жазылға­нын тебіре­ніс­пен айта келе, сөзін әнге ұлас­тырған­да кезде залда отырғандар да қосыла шырқады.
Мемлекеттік сыйлықтың ие­гері, ақын-драматург Иран-Ғайып, жазушы Жанат Ахмади, драматург-жазушы Ахметжан Ашири, ақын Дәулетбек Байтұр­сынов, жазу­шы­ның жақын досы Аян Нысаналин, режиссер Мұ­хит Изимов, «Уйғур авази» газе­тінің бас редакторы Ершат Асметов, «Атамұра» баспасы ұйғыр редак­ция­сының редакторы Малик Ма­хам­динов, Ұйғыр ауданы «Шон­жы» ауылының әкімі Адыл­жан Қур­ба­нния­зов, жазушының туған жері – «Тиір­мен» ауылының әкімі Миршат Насиров, «Төле би» қо­ры­ның прези­денті Оралжан Масатбаев, «Сұлтанқорған» ауы­лы­­ның ақса­қалы Ғайрат Мәмә­та­лиев­­тер қөп қырлы қалам иеге­рінің адамгер­ші­лік қасиеттерін еске алды.
Кеш барысында Ұйғыр теат­ры­ның «Нава», «Рухсара» ансам­бль­дері өнер көрсетіп, әншілер Ну­ра­лим Варисов, Пархат Давутов Шайым Шаваевтың сөзіне жазыл­ған әндерді орындады. Театр актерлері Шайым Шаваевтың «Билал Назим» және Иран Ғайып­пен бірге жазған «Қашқария» спек­такльдерінен үзінділер кө­рсетті.
Көзі тірісінде «ұйғырдың Шук­шині» атанған Шайым Ша­ваев­тың 80 жылдық еске алу ке­ші­нің кө­рер­мен көңілінен шық­қаны анық.

ПІКІРЛЕР1
Авут Масимов 24.10.2018 | 15:38

«Өлік риза болмай, тірі байымас» деген екен халқымыз. Қалын жүртшылықтың Шәкеңді еске алғаны жақсылықтың белгісі деп ойлаймын. Бір адамдың соншама тірлік жасағаны, көзінің тірігінді орыстың «Шукшини» аталған Шаваевтың еңдегі, әсіресе, жастарға үлгі болуы тііс. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы мен Редакция коллективіне різашылығымды білдірем.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір