Ақан серінің 180 жылдығына арналған  «Балқадиша» ән кеші өтеді
13.10.2023
390
0

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ФИЛАРМОНИЯСЫ

Баспасөз баяны   

2023 жылдың  17 қазан күні, 19.00 -де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының қатысуымен Ақан серінің 180 жылдығына арналған  «Балқадиша» ән кеші өтеді. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов.

Жеке орындаушылар: ҚР Еңбек сiңipген әртici Рамазан Стамғазиев,

ҚР Еңбек сiңipген қайраткерi Айгүл Қосанова, Мәдениет саласының үздігі

Мақпал Қазыбекқызы, Халықаралық байқаулардың лауреаты

Бipжан Бәзiлжан.

 Бағдарламада: Ақан серінің әндері.

 ҚР Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрамына 1935 жылы кірді. Бүгінгі таңда капелланың репертуары өңделген халық әндерін, үлкен формаларды – сюиталарды, өлеңдерді, кантаталарды және ораторияларды қамтиды. Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының репертуарында шетелдік классиктер мен қазақстандық композиторлардың шығармаларын мықтап енгізді. Көркемдік-шығармашылық әлеуеті жоғары ұжымның мұндай бағдарламасы капеллаға Қазақстанда және шетелдік сахналарда өнер көрсетуге мүмкіндік берді. Ұжымның көркемдік жетекшісі және бас дирижері-ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов.

  Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы  — ақын, әнші, композитор. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады. Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Ақан серінің елуге жуық муз.-поэтик. мұрасы енген. Ақан сері шығармалары поэтик. тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтик. және муз. тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық тазалығымен ерекшеленеді. Шығармалары: Ақан серінің «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Тер қатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр», т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Көкжендет», «Құлагер» әндерінде халық арасында кеңінен тараған.

 

   Байланыс: +7 7017518985 Мәриям Алиасқарқызы

    E-mail: philarmon@mail.ru

   Сайт: https://jambyl-philharmonic.kz/

  Инстаграм: kazakh.philharmonic

  Фейсбук/YouTube: Казахская государственная филармония  им.Жамбыла

  Телеграм: Филармония  им.Жамбыла

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір