КЕРЕГЕСІ КЕҢ, КЕҢІСТІГІ ТҰТАС ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

0
51 қаралды

Қазақ – қай қиырда жүрсе де, өзінің рухани кеңістігінен табылатын халық. Ал осы рухани кеңістікті ұстап тұрған құбылыс ақын жазушыларымыздың шығармалары десек қателесе қоймаспыз. Жазушы Шәди Жәкенұлының төмендегі мақаласынан біз 1955 жылы басталған көштің керегесі кең, кеңістігі тұтас қазақ әдебиетіне есім-сойы елге мәлім қаламгерлерді әкелгеніне кезекті рет назар аударамыз, сол дүбірдің бүгінгі жастармен жалғасып жатқанына және куә боламыз.


Орайы туып «арғы беттен» 1955–1956, 1962–1969 жылдар ішінде ақын-жазушылар, өнер адам­дары атажұртқа оралды. Олар­дың барлығын саусақ бүгіп сан­ап жатпасақ та, белгілі тұл­ға­лар­дың атын атауға болады. Олар: Балқаш Бапин, Уаһап Әб­дыра­хман, Мұхаметжан Әбдрах­ма­нов, Жағда Бабалық, Нәбижан, Асхат Тайыпов, Қазыхан Манас­баев, Телмұхамбет Қанағатов, Ах­метқали Бітімбаев, Қалдыбай Қа­нафин, Жексенбай Еділов, Ра­мазан Қамитов, Тойбек Хасе­нов, Бәкей Әубәкіров, Патиқ Жа­бықбаев, Дәнеш Рақышев, Әкім­жан, Кәкең, Хамит Нөкі­шев, Бұқара Тышқанбаев, Ахмет Жүнісов, Рысбек Сарғожин, Жол­дасбай Тұрлыбаев, Қабдеш Жұ­маділов, Құрманбай Толы­баев, Елубек Байтақов, Уақап Қыдырханұлы, Ғалым Тыныбаев, Абы­лай Түгелбаев, Фарида Ша­ри­пова, Әмина Нұғыманова, Әлім­ғазы Дәулетхан, Нұрқасым Қа­зыбек, Нүкеш Бәдіғұлов, Жәр­кен Бөдешұлы, Қажытай Ілия­сұлы, Айтан Нүсіпханұлы, Әбдеш Дайырбаев, Ғалым Нөкіш, Жанат Ахмади, Несіпбек Айтұлы, Мар­фуға Айтқожина, Құныпия Ал­пысбаев, Зұфар Сейітжан, Сара Таңжарық, Шара Таңжарық, Ора­зақын Асқар, Кеңесжан Шал­қар, Мінуар Әкімхан, Қазы­хан Әше, Жабайыл Бейсенов, Қазтай Әбішұлы…тағы басқалар.
Қабдеш Жұмаділов есімін бұл күн­де жалпақ қазақ біледі. Ал­ғашқы еңбек жолын Шынжаңда бастап, қаламын сонда ұштаған Қабекең қазақ топырағына өзін ғана алып келген жоқ. Қазақ сөз өнерінің қаймағын қалқып алып келді. 1962 жылы атамекенге орал­ған Қ.Жұмаділов «Соңғы көш», «Тағдыр», «Дарабоз» сын­ды кесек дүниелер берді. Ро­ман­дарының дені тарихи тақырыпқа ар­налған. Оның екі кітаптан тұра­тын «Соңғы көш», «Атаме­кен», «Тағдыр» романдары Шың­жаң қазақтарының өмірінен жа­зыл­ған. «Соңғы көш» ди­ло­гиясына М.Әуезов атындағы әдеби сый­лық, «Тағдыр» романына Абай атын­дағы Мемлекеттік сыйлық беріл­ген. «Көкейкесті», «Соңғы көш», «Атамекен», «Дарабоз» ро­ман­дары мен хикаяттар топта­ма­сы орыс тіліне аударылып басыл­ған. Жекелеген әңгіме, хи­каят­тары қырғыз, өзбек, ұйғыр, украин, бе­лорус, грузин тілдерінде, «Соң­ғы көш» романы түрік тілінде жа­рық көрген. Бүгінге дейін отыз­ға тарта кітабы шыққан қа­лам­гер.
Кешегі М.Әуезов, С.Мұқа­нов, Ғ.Мүсірепов мектебін жал­ғас­тырған қаламгердің өзіндік қол­таңбасы айшықты сөз өнерін­де көрініс тапты. Бағасын алды.
Жанат Ахмади қазақ әде­бие­тіне шешен тілді, шетін еңбектер сыйлады. Оның қаламынан туған – «Дүрбелең», «Шырғалаң», «Есен­келді би», «Жарылқап би», «Қа­радан туған хан Нұрабай», т.б. ро­мандары мен хикаяттары қазақ әде­биетінің қазынасына қосыл­ды.
Балқаш Бапин, Жағда Ба­ба­лық, Қалдыбай Қанафин, Ғалым Нө­кішев, Айтан Нүсіпханұлы, сияқ­ты тұлғалар қайраткерлік ең­бектерімен, естеліктерімен бө­ліс­се, Ахмет Жүнісов, Құрманбай Толыбаев, Ғалым Тыныбаев, Әлім­ғазы Дәулетхан, Құныпия Ал­пысбаев, Зұфар Сейітжан ға­лым­дық қырларымен, зерттеу ең­бектерімен, тарихи тақырып­тарымен көзге түсті.
Қажытай Ілияс, Қазыхан Әше са­тираның сарбазына айналып, садағын тартты.
Нұрқасым Қазыбек, Уақап Қы­дырханұлы, Кеңесжан Шал­қар, Мінуар Әкімхан, Қазтай Әбіш­ұлы да әдебиет және жур­на­листика төңірегінде шама-шар­қын­ша қалам сілтеді, өз соқ­пақ­тарымен із салды.
Шынжаң қазақ әдебиетінің ұлтанды бөлігін поэзия құрайды де­сек, Жүсіпбек Шайхыслам, Әсет Найманбайұлы, Ақыт Үлім­жіұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Асқар Татанайұлы бастаған ұлы көштің дүбірі де аз болған жоқ.
Сол ауылдың түтінін түтетіп, жыр ошағын көсеген сол кездегі жас буын өкілдерінен – Оразақын Асқар, Нүкеш Бәдіғұлов, Жәркен Бө­дешұлы, Несіпбек Айтұлы, Мар­фуға Айтқожина секілді тұл­ғалар ата жұртына келіп, қара өлең­ге қамшы басудан танған жоқ.
Өз кезінде біздің (Ж.Шәке­нұлы­ның) ықпалымызбен жарық көрген Шынжаң жас ақында­ры­ның «Талбесік» («Ақбота – Ш. Ал­маты, 2002 ж) жыр жинағын көр­генде көрнекті қазақ қалам­ге­рі Қалихан Ысқақ: «Асықпай­тын, жол жорғадай әсем ырғақ, сылдыраған бұлақ көзіндей еркін төгіліп жатқан зорлықсыз ұйқас, сосын сурет, сағыныш боп жүрек­ті шымшыған пәк сезім, көңіл күй, сосын қоңыр үн! …Алтайдың ар­жағынан келген қоңыр үн. Несіпбек қайта бастаған қазақы өлеңнің жалғасындай десем қате айт­паспын деймін. Әрине, оның аржағында Мұқағали тұр: Біздің жазығымызда, тауымызда, қыс­қасы суретімізде қазақтың өз беш­­петіндей… поэтикалық қад­і­рін былай қойғанда, бұл жинақ туған жер, ата мекен туралы са­ғы­ныш, қазақы өлеңді сағынып қалып едік, бұл да сол сағыныш­тың жұбанышы болған сияқты» деп толқып еді. Қалиханның ба­ға­сын атамекен әдебиетінің алыс­тағы бауырларға деген бағасы де­сек артық айтқандық болмас.
Шынында да Жәркен Бө­деш­ұлы мен Марфуға Айтқожина қа­зақ әдебиетіне сағыныш жыр­ла­рын арқалап келді. Туған жер, өс­кен ортасынан алыстаған бей­бақ жүректің мекен сағынышын нә­зік жырға орап, жан тебі­рен­терлік үн қатты. Несіпбек Айтұлы Мұқағали жырын, қазақ қара өлеңін өзгеше, өзінше толқытты. Н.Айтұлының нәзік сезімге ор­ан­­­ған тәтті лирикалары, ай­шық­­­ты, рухты үні ұлт әдебиетінен өз ор­нын тапты.
Жәркен Бөдешұлының:
Туған жерім Жайыр тау,
Екі өркеші айыр тау.
Айыр таудан сұм тағдыр,
Тірідей мені айырды-ау
Немесе:
Қолымды созбас едім Айға бұлай,
Көзімнің жасын көрер қайда құдай?
Өр Алтай,
Тарбағатай,
Қайран Іле,
Ошақтың үш
бұтындай аймағым-ай, –
деген зарлы, сағынышты күйіне толқымауың мүмкін емес. Өлең өл­кесінің аспанынан сынық қа­нат қызғыш құсты көресің. Ол бірде Махамбетше жыраулар са­ры­нымен саңқылдайды. Бірде қо­рыған көлін айналып, жағаға, жар­тасқа мұң шағады. Енді бірде ша­ғалаға айналып, шабыт кө­гінде бұлттармен қатарласады.
Сағыныш – Марфуға Айтқо­жи­на жырының да өзегі.
Құстар қайтып,
шұбырып барады елге,
Қауышады аңсаған дала, көлге!..
Алып кетер ажалдан бұрын мені,
Елге деген сағыныш –
Қара жерге…
Немесе:
Кеткен алыс аралап сағым қырды,
Жаным жырлы, айтатын әнім нұрлы.
Амалым жоқ айтпасқа
бұл шындықты,
Сағындырды туған жер,
Сағындырды…
Жүректі езерлік, поэзия тілі­мен өрілген өлең жолдары қа­ның­­ды тулатады, жаныңды шөл­де­теді.
Оразақын Асқардың да еш­кім­ге ұқсамайтын өзіндік қыры мен сыры, қолтаңбасы бар. Ба­ла­лар әдебиетінде де бағын сынаған же­місті қаламгер. О.Асқарұлы, Б.Тышқанбаев, Н.Аманжолов, Е.Байтақов, А.Жүніс, т.б. сынды бір топ ақын кезінде Шынжаң қа­зақ поэзиясының алғашқы өкіл­дері қатарында қолына қалам алғандар болып есептеледі.
Жәркен де, Несіпбек те, Мар­фуға да, Оразақын да қазақ әде­биетінің өлең аталатын өлкесіне көл-көсір дүниелер сыйлады. Ер­кін, шабытты, талықпас қал­пымен өнімді еңбек етті.
1991 жылы қазақ елінің ер­кін­дік алып, көк жалауын жел­біре­туі, әлем алдындағы асқақ тұл­ғасы қазақ қаламгерлеріне де қа­нат бітірді. Алыс-жақын шет­ел­дерден атамекенге оралған қа­ламдастар саны аз болған жоқ. Соларға бір көз салсақ, төмен­де­гідей есімдерді атауға болады.
Алдыңғы буыннан: Серік Қап­шықбай, Тұрсынәлі Рыс­кел­диев, Жақсылық Сәмитұлы, Ора­занбай Егеубай, Зейнолла Сәнік, Жұмәділ Маман, Ахметолла Қа­лиұлы, Сейітхан Қалиұлы, Мел­лат Рамет, Дәулетбек Қаңбақов, Мұқаш Дайырбаев, Сәли Сә­дуа­қа­сұлы, Ғазез Райысұлы, Рахмет Қойшин, Қабылқақ Күлмес­хан­ұлы, Керейғазы Нұрсадық, Слам­хат Сейітқамзаұлы, Хал­қа­зат Төлеуханұлы, Армиябек Сағын­дықұлы, Болат Бопайұлы, Өнер­хан Өгізбай, Ахметжан Қайбар, Ыбырай Файзуллин, онан кейін – Керім Елемес, Алмас Ахметбек, Ғалым Қалибек, Дүкен Мәсім­хан, Тұрсынхан Зәкенұлы, Ләззат Игісін, Дәулетбек Байтұрсынұлы, Бекқожа Жылқыбек, Тұрсынбай Дәуітұлы, Серік Нүсіпұлы, Серік Нұ­ғыманұлы, Тұрсынбек Бай­жұ­маұлы, Мақсұтхан Дәлейұлы, Ома­ралы Әділбек, Әбдібек Әбма­нап, Қайрат Құлмұхамет, Өркен Ақантайұлы секілді орта буын бар. Жастардан – Адалбек Ахмә­ди, Мұратхан Шоқан, Иманғазы Нұрахметұлы, Ауыт Мұқибекұлы, Ермұрат Зейіпханұлы, Ардақ Нұр­ғазыұлы, Мағиза Құна­пия­қы­зы, Мұрат Шаймаран, Қалбан Ынтыхан, т.б. есімдерін атауға бо­лады. Бұл есімдер көбеймесе азай­ған жоқ. Толысып, толық­сып, өсіп отырды. Айталық, Ырыс­бек Дәбей, Ұларбек Дәлей, Тоқ­тарәлі Таңжарық, Ұларбек Нұр­ғалым, Гүлманат Әуелхан, Қой­шыбек Мүбарак, Талапбек Ты­нысбек, Ерболат Әбікен, Ораз­бек Сапархан, т.б. кейінгі буын – жастардың шоғыры тіп­тен мол. Олардан кейінде құйрық тістесіп жеткен жастүлектер мен тастүлектер де жетерлік.
Аталған топтың ізін басқан ор­да бұзар отыздың арғы-бергі жа­ғындағы жастар да жұрт көзіне тү­сіп, әр түрлі жүлделермен қан­жы­ғасын майлап жүр. Халық­ара­лық, республикалық бәйгелерде маңдайы жарқырап көрінген кер­бестілердің шоғыры мол. Олар күйі келіп, күні оңынан ту­ған тұлпарлар мекенінің дүбіріне дү­бір қосуда.

Жәди ШӘКЕНҰЛЫ,
жазушы Қазақстан Жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі.
Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.