Жаңа редактор

0
134 қаралды

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ» Дәурен Қуат келді

Қарашаңырақ – «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас ре­дак­торы болып Дәурен Қуат тағайындалды.

Дәурен Қуат – 1973 жылы 10 ақпанда дүниеге келген. Әл-Фа­ра­­би атындағы ҚазҰУ-дың жур­­налистика факультетін бі­тір­­ген.
Дәурен Қуат баспасөз са­ла­сындағы қызметін 1990 жылы ау­дандық газет тілшісі болып бас­таған.
Республикалық «Халық кеңе­сі», «Жас Алаш», «Қазақ елі», «Алтын Орда», «Қазақ әде­­биеті», «Жас қазақ» басы­лым­­дарында әр жылдары тілші, бөлім меңгерушісі, Бас редак­тордың орынбасары, Бас ре­дак­тор болып қыз­мет­ атқарған.
М.О.Әуезов атындағы Әде­биет институтының ғылы­ми қызметкері, «Abai.kz» ақпа­рат­тық порталының Бас редак­то­ры, «Абай-ақпарат» Қазақ ин­тернет кеңістігін дамыту қоры» Қо­ғамдық қорының президенті болған.
Сондай-ақ, Еуразия жазу­шы­лары одағының мүшесі, түр­кі әлемі ақын-жазушыла­ры­на арналған М.Қашқари жә­не Ғ.Мүсірепов атындағы сый­­лық­тардың лауреаты. «Дәс­­түр» баспасынан «Әлқис­са» атты кітабы жа­рық көрген.


«АНА ТІЛІНЕ» Жанарбек Әшімжан барды

Белгілі ақын, қарымды журналист, дарынды публицист Жанарбек Әшімжан Ұлт басылымы – «Ана тілі» газетінің Бас редакторы қызметіне тағайындалды.

Жанарбек Әшімжан 1976 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. 1999 жы­лы әл-Фараби атын­дағы Қа­зақ Ұлттық универ­си­тетінің жур­налистика фа­ку­ль­тетін бі­тір­ген. Алғашқы туын­дылары ау­дандық «Хан­тәңірі», облыс­тық «Жетісу» ба­сы­лымдарында жарық көрген.
1996-1999 жылдары қала­лық «Алматы ақшамы» газе­тін­де тілші, 2000 жылы «Қазақ­стан» журналында бөлім р­е­дак­торы қызметін атқарған.
Республикалық «Жас Алаш» газетінде бөлім меңгеру­шісі, «Жас қазақ» ұлттық апталы­ғын­да бас редактордың орын­басары болған. 2008 жылдан бері Қазақстан Жазу­шылар одағына қарасты «Жұл­дыз», «Простор», «Сын» жур­налдары мен «Қазақ әде­бие­ті» газеттерін біріктірген «Қа­ламгер-Меdiа» орталығы­ның директоры, Қазақстан Жазу­­шылар одағы Басқармасы тө­­рағасының орын­басары, сон­­дай-ақ, «Қа­зақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы бол­­ды.
2002 жылғы Халықаралық «Ша­быт» фестивалінің бас жүл­дегері. Түркістан қаласында өт­кен Өмірбай Сәуірбаевқа ар­налған республикалық жыр мү­шәйрасының I жүлдегері, «ТұранӘлемБанкі» ұйымдас­тыр­ған республикалық жыр бәй­гесінің, «Бір өлең – бір әлем» атты халықаралық жыр мүш­әйрасының бас жүл­де­гері.
Әл-Фараби атындағы Қаз­ҰУ ректорының «Журналис­ти­каға сіңірген еңбегі үшін» меда­лімен марапатталған. 2009 жылы ҚР Үкіметінің ар­найы жарлығымен мемлекеттік «Да­рын» жастар сыйлығының лау­реаты атанған. ҚР Прези­ден­ті Н.Назарбаевтың «Алғыс ха­тымен» марапатталған.
Өлеңдері 2004 жылы «Өлке» бас­пасынан жарық көрген «Жас ақындар антологиясына» ен­ген. «Панда жылаған жаз» кі­­табының авторы.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.