«Просторға» жаңа редактор тағайындалды
24.07.2023
97
0

Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов одақтың басшылық құрамымен келісе отырып белгілі ақын Фархат Тамендаровты «Простор» журналының Бас редакторлығына тағайындап, ұжымға және редакция қызметкерлеріне таныстырды.

«90 жылдық тарихы бар «Простор» журналын жаңартып, журналдың таралымын көбейтетініңе сенемін.
Алдағы жұмысыңа табыс тілеймін», – деді Мереке Құлкенов жүрекжарды тілегін жеткізіп. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын Тамендаров Фархат – 1959 жылы 18 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. «Үш інжу», «Күн сәулесінің нұры», «Алақандағы айна», «Гулистаның алтын раушаны», «Бір сәттік дем», «Аңшы иттер» кітаптары жарық көрген. 2012 жылы Уфа қаласында өткен «Ақ тырна» халықаралық аудармашылар байқауының жүлдегері, 2018 жылы Бангкок каласында өткен «ӨРЕХ ЕЦК.А7ІА» әдеби фестивалінің екінші орын иегері.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір