Сыр ақын жайлы сырлы кеш
22.06.2018
1358
0

15 маусым күні Қазақстан Жазушылар одағында Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Александр Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты Сырбай Мәуленовтың
95 жасқа толуына орай кеш өтті.

Ақынның ұлы Қасым Мәуле­нов­­тың бастамасымен ұйым­дас­тырылған кешке Мәуленовтер әу­леті мен зиялы қауым өкілдері жи­налды. Кеш шымылдығын Қа­зақ­стан Жазушылар одағы Бас­қарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып ашып, Қазақ­стан Жазушылар одағының Бас­қарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет сөз сөйледі. ҚР Еңбек сіңірген қай­­раткері Есенғали Раушанов Сыр­бай Мәуленовтың өмірі мен шы­ғармашылығы жайлы баяндама жа­сады. Қаламгер, сатирик Мың­бай Рәш жылы лебізін білдірді. Со­нымен қатар, қаламгер, сыншы Ғаб­бас Қабыш та Сырбай Мәуле­нов жайлы естелік айтты. Сырбай Мәуленовтың ұрпақтары мен туыс­­тары да сөз сөйледі. Жа­сөс­пі­рім балалар Сыр атаның өлеңдерін жат­қа оқыды, олардың арасында Сыр ақынға өлең арнағандары да болды. Кеш «Дала media» шығар­ма­шылық орталығы ұйым­дас­тырған концерттік бағдарламаға ұласып, Қазақстан ұлттық арна­сы­мен бірлесіп түсірілген Сырбай Мәу­ленов туралы деректі фильм көр­сетілді.
Ақынның кешіне орай Б.Н.Ель­цин атындағы Ресей пре­зи­дент­тік кітапхананың бас ди­рек­­торы, Заң ғылымының док­торы, про­фессор, Санкт-Петербург мем­­лекеттік универ­­ситетінің Ғы­лыми кеңе­сінің мүшесі. Александр Вер­шинин, Бүкілресейлік сыртқы сауда академия профессоры, Ресейдің Еңбек сіңірген заңгері В.Шумилов, Мәжіліс депутаты, Олим­пиада чемпионы Серік Сә­пиев, Астана қаласындағы №37 С.Мәуленов атындағы мектеп ди­ректоры А.Сегізбай, Қостанай қа­ласындағы №24 мектеп дирек­то­ры Б.Кушмурзин құттықтау хат жол­дады.
Кеш соңында Қасым Сыр­бай­ұлы әкесінің шығармашылығын насихаттап жүрген азаматтарға ал­ғыс хат беріп, сыйлықтар табыс етті.

Ж.АДЫРБАЙ,
ХАТУ-дың 1 курс студенті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір