Жұлдыз жұлдызға жымыңдайды

0
105 қаралды

Аян-Сейітхан НЫСАНАЛИН


Содан бері сынаптай сырғып көп жыл өтті. Бұл құрылтайдан бұ­рын Абайдың туғанына 125 жыл толу мерейтойы дүркіреп аталып өтті. Жидебай мен Қарауыл жа­зығына ақшаңқан киіз үйлер тігі­ліп, кәдімгідей қалашық пайда бо­лыпты. Ақындар айтысы, ала­ман бәйге, қысқасы, даланың бар қы­зығы мен шыжығы тамсанды­рып, таңдай қақтырды. Ақын аруа­ғы ұрпақтарына риза болып, та­ғы да бір аунап түскендей…

Жазғытұрым еді. Көпті көрген Мәс­кеу Кеңес Одағы ақын-жазу­шы­­ларының V басқосу жиынын өт­­кізуге, барынша кеңінен атауға қа­пысыз дайындалып жатты. Ой­дым-ойдым ормандар тіпті жаса­рып құлпырып кеткендей. Көк кенересі сөгіліп, аспан да мей­ірленіп күлім­сіреп тұрды. Жер ша­рының алтыдан бір бөлігін алып жатқан алып елдің астана­сына түкпір-түк­пі­­рден ығай мен сығай қонақтар, сөз сор­па­сының бетіне шығарлары келді ағы­лып. Қап тауынан Расул Ғам­затов, Дәуіт Көгілдинов, Еділ бойы­нан Мұстай Кәрім, Балтық жа­ға­лауынан Эдуардас Меже­лайтис, т.б. табан тіреді. Жұлдыз жұл­дызға жымыңдап, аспан ая­сын­дағы адам­­дарға жол сілтеген­дей.
Бұндай даңғаза дүрмектен қа­зақ қаламгерлері құр қалсын ба? Ал­матыдан сол кездегі Қазақстан Жазу­шылар одағы басқар­масы­ның төрағасы Жұбан Молдағалиев бас­тап, Қалижан Бекхожин, Тахауи Ахтанов, Дмитрий Сне­гин, Қалтай Мұхмеджанов, Әбіл­мәжін Жұ­мабаев және бас­қалар ар­ты­нып-тартынып жеткен екен. Оған Мәс­кеуде оқитын біз: Сайын Мұрат­­бе­ков, Марфуға Айт­хожина, Алтыншаш Жағанова қо­сылып, тобымыз көбейе түсті. Құ­рылтай Кремльдегі Съездер са­райында өтті. Ол кезде Совет сөзста­нын, оның ішінде Қазақ әдебиетін Шыңғыс Айтматовсыз елес­тете алмайтын. Оның атақ-абы­ройы Кеңес кеңіс­тігінде ас­пан­дап тұр еді. Бұл ой-пікірдің қа­пелімде кімнен шыққаны қазір есім­де жоқ. Әйтеуір үзілісте Шың­ғыс Айтматовпен бірге суретке түсе­тін болып үйме-шүйме болып қа­лыппыз. ҚКП хатшысы С.Има­шевтың суретке түсуден неге бас тарт­қаны беймәлім, әйтпесе сон­дағы төрт көзіміз түгел қамтыл­ған­даймыз.
Арада жиырма екі жыл өткенде Алматыға бір келгенде Ш.Айт­ма­тов «Егемен Қазақстан» үнжариясы ұжы­мымен кездесті. Бас сарашы Әбіш Кекілбайұлы басқа қызметке ауы­сып жатқан болатын. Сол сар­ғайған суретті көрсетіп едім, сыр­тына: «Аян інім! Өмір озады, сурет то­­зады. Ш.А.17.12.1993 ж.» деп уа­­қытын дәл көрсетіп, қолтаң­ба­сын қалдырған екен. Екі елдің төл перзентіне айналған Шықаңмен кез­дескен күндер солай сағын­ды­рады. Ол ұлт сатира сардарының бірі Оспанәлі Иманалиевпен Құлан ауыл­шаруашылық техни­кумында бірге оқыды.
Сонау «Жәмиладан» бастап оның қаламгер ретінде қалыптасу құ­былысы көз алдынан өткендей. Жас жазушыны қазақ оқырманы­на алғаш «ашқан» досы сыншы Қал­жан Нұрмаханов еді. Ол Ш.Айт­матов туындыларын тұңғыш тәр­жі­малап қана қоймай, кеңінен та­ныс­тырды десек асық айтқандық емес. Оған әдебиеттің әйгілі ақыл­ман абызы М.О.Әуезовтің «Ли­те­ра­турная газетада» орда бұзар отыз жастағы інісіне сәт сапар ті­леп, «Жол болсын!» айтқан лебізі (1958 ж.) жас қыранға қанат біті­ріп жігер-қайрат қосқандай. Тәңі­р­­таулар қайрақтасына қайралып, шар­болаттай шыңдалып шыға кел­ді. Жалпы, мәдени байла­ныс­тарға дәнекер болып, ұлттар әде­бие­тін насихаттауға Мұқаңның қос­қан үлесі аз айтылып жүр. Ле­ниндік және Мемлекеттік сый­лық­тар ко­митетінің мүшесі кере­мет кемең­герлік үлгі көрсетіп, та­тар­дың батыр ақыны Мұса Жә­лел­дің үлкен тар­тыста қанжыға­сы­на байлап, жоғары марапат алуына қа­лай қажыр-қайрат жұмсаса, «Ма­настың» басына қаскөйліктің қа­ра бұлты үйірілгенде де көз­қа­ман­дарға қасқая қарсы тұрып, халық жанының қа­һармандығы мен сұлулығын си­паттап, ерлік пен елдік рухқа толы эпосты арашалап қор­ғап қалуы қандай қасиетті тә­лім.
Бұл тұста Қазақ аударма мекте­бінің тәжірибесі толыса түсті. Ака­­демик Зейнолла Қабдолов «Қызыл алма» әңгімесін аударды. Шерхан Мұр­таза жерлес, туысқан жазу­шы­ның «Ботакөз», «Қош, Гүл­сары!», «Бо­ран­ды бекет» («Ғасырдан да ұзақ күн») мен «Теңіз жағалай жү­гір­ген Тарғыл төбет» шығар­ма­ла­рын қа­зақ­шаласа, дарабоз дра­ма­тург Қал­тай Мұхамеджанов «Көк­­­төбе­дегі кездесуін» дүниеге әкел­ді. Бар­ған сайын аламанда ша­бысына ша­быс қосқан алқымы іспес арғы­мақтай көркем кемелдік кезеңіне келе жатқан сөз сүлейі ту­ралы «Адам­заттың Айтматовы» жа­зыл­ды. Қа­зақ қауымы қырғыз қа­лам­герінің кез келген туынды­сын қа­ғып алып, қанын жерге тигізбей оқитын. Кі­тап дәуірінің құдіреті шығар бұл да.
Бұндай шынайы бауыр­лас­тыққа кім сына қаға алады? Пара­сат патшалығының пірі, қызыл жолбарысты Жәкеңнің (Жамбыл) «сүйе­гім қазақ, етім қырғыз» дей­тіні бекер айтылмағандай.
Ш.Мұртазаның қатар жатқан өрі­сі бір қырғыз айылы мен қазақ ауы­лы адамдарының тыныс-тір­шілігін айшықтап суреттейтін «Ақ­сай мен Көксай» әңгімесі бар. Жиын-тойда, көкпар мен бәйгеде кездесетін қазақ пен қырғыз
аға­й­ындардың бір-бірін өзекке теп­се де кетпейтін өмірі. Бұл Ала­шорда ардагерлері армандайтын түбі бір түркі әлемінің терең тамыр тар­тып жатқанын лепірмей, кө­пірмей талмай қозғайды. Көркем ой көші көкжиекке қарай тартып кел­еді…

Пікір қосу