«Жұлдыз» журналының №4 санынан оқитындарыңыз
17.05.2023
142
0

«Жұлдыз» журналының кезекті саны Ғайса-Ғали Сейтақтың «Әбілқайыр хан» деп аталатын тарихи дастанымен ашылады. Ал Төкен Әлжантегінің «Жанарда тұнған Желтоқсан жасы» деп аталатын повесінде сол бір қасіретті оқиғаның адамдар тағдырына салған жарасы жайлы баяндалады. «Поэзия» айдарымен Бағдат Мүбәрәктің «Енді ешкімді өліп-өшіп сүймеспін» атты өлеңдер топтамасы, Жұмаш Кенебайдың (Көкбөрі) «Атилла немесе Еділ патша» тақырыбындағы тарихи дастаны да өз оқырманын табатыны сөзсіз.

Сол сияқты журналдың жаңа шығарылымынан Тұрсынәлі Рыскелдиевтің «Күдірлі жол» деп аталатын ғұмырнамалық баянын, Сабырбек Олжабайдың «Мылқау мен мылтық» атты қызықты хикаятын, Әйгерім Иебекованың «Шырмауық», Алаш Кеңшілікұлының «Қаптағы бөлтіріктер» деп аталатын әңгімесін,«Сатира» жанры бойынша Нұрмахан Елтайдың «Шық, жекпе-жекке» атты сықақ әңгімесін оқи аласыздар.
Мерейтойларға байланысты Өмірзақ Сұлтановтың заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына орай жазған «Ш.Айтматов шыңының қайнар бұлағы» атты зерттеу еңбегі, Марат Қабанбайдың 75 жылдығына орай жазушының жары – Сәуле Хамзинаның «Оны ойласам, ұйқым қашады» естелігі мен Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тұрысбек Сәукетаевтың «Тұңғиықтан маржан сүзген» атты мақаласы жұртшылық назарына ұсынылып отыр.
Бұл сандағы жарияланымдарды Ермек Жұмахметұлының «Экс-президенттер лауазымынан кімдер айырылған?» деп аталатын мақаласы қорытындылайды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір