Қадірлі қаламгерлер!

0
138 қаралды
Баршаңызды есігімізден ен­гелі отырған Жаңа жылда­рыңыз­бен құттық­таймын!
Өткен жыл Тәуелсіз Қазақ Елі­нің саяси-экономикалық жә­не мәдени-рухани кеңістігі үшін ірі тарихи оқиғаларға толы жыл болды.
Сіздер мен біздер – мың­даған жыл­дық ұлы тарихы бар сөз өне­рінің өкілдеріміз. Тамырымыз тереңнен бастау алар тағдырлы қазақ әдебиетінің кешегі ұлы мек­тептерін бола­шаққа лайықты жалғау жолында еңбек етіп жат­қан әр буын өкілдеріне, осын­дай бір ерекше заманалар тоғысында тұрып, әріптестерімізге ең әуелі шалқар шабыт, сарқылмас баян­дылық тілеуге рұқсат етіңіздер!
Қазақ әдебиеті – әлемдік биік­ке көтерілген шын мағына­сындағы ұлы әдебиет. Бастауында Заратуштра, Анарыс, Майқы би, Тоныкөк, әл-Фараби, Асан Қай­ғы, Ақтамберді, Бұқар, Шал­киіз, Дулат, Сүйінбай, Махамбет, Абай, Шоқан, Ыбырай, Жам­былдар тұрған, сондай-ақ, жасампаздық рухты ұлт бойына еккен Алаш арыстары мен алыптары тұрған қазыналы бай әде­биеттің жаһандану дәуірінде бас­қаша болуы мүмкін емес. Біздің кешегі жеңістеріміз бен жетістіктеріміз бүгінгі әдебиет жасаушы, ойлы, зерделі, қаламы жүйрік ұрпаққа үлкен жауап­кершілік артатыны белгілі. Өз дамуының жаңа дәуіріне өткен тәуелсіз мемлекетіміздің Пре­зи­денті іргесін бекітіп, болашағын межелеуге бағыттар Рухани жаң­ғыру идеясы ұлы әдебие­тімізге де үлкен кеңістік ашары даусыз. Бұл – қолына қалам ұстаған әр буын өкілінің сөз өнерін өрістетудегі міндеті мен мақсатын айқын­дай­тын басты ұстанымы болуы тиіс.
Келер 2018 жыл еліміз үшін де, еліміздің көшін бастаған Ел­басымыз үшін де табысты жыл болғай! Әрқайсы­лары­ңыздың отбасыларыңызға береке-бірлік, бастарыңызға амандық, шығар­машы­лықта­рыңызға толайым жетістіктер тілеймін! Иесі халық, киесі елдің рухы саналар ұлы әде­биетіміздің өрісін кеңейтер, жаңа дәуір талаптарына сай шы­ғармалар жазайық! Отанымыз­дың іргесі берік болып, елдің іші даудан, сырты жаудан аман бол­ғай!
Құрметпен,
Нұрлан ОРАЗАЛИН,
Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы.

Пікір қосу