«ҚАСИЕТТІ ҚОНАЕВ» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
22.09.2017
3161
0

Белгілі жазушы, публицист Ерғали Сағаттың «Қасиетті Қонаев» атты кітабы жарыққа шықты. Кітап мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қайраткерлік, адами қасиеттерін жалпақ жұртқа жаңа қырынан жария етуге бағытталған. Автор осы арқылы аты аңызға айналған дара тұлғаның келбетін өзінше танып, өзінше ашуға тырысады.

Аталмыш еңбекте Дінмұха­мед Қонаевтың жайсаң мінезімен ерек­шеленіп, өзі өмір сүрген за­ман­ның қайраткері бола білген тұл­ғалық қасиеттері баяндалады. Кейіп­кердің халқына көрсеткен қайы­рымдылығы, ел басқарудағы қай­сарлығы мен кеңпейілдігі сөз бо­лады. Сонымен қатар, ғажайып тұл­ғаның көрегендігі, алысты бол­жағыштығы, кіршіксіз пейіл таза­лығы, адалдығы, имандылығы мен жан дүниесінің кеңдігі әр қы­рынан ашып көрсетіледі.
Автор Дінмұхамед Ахме­тұлы­мен кездесуден алған әсерін аталмыш кітаптың екі тарауына нәзік арқау етіп пайдаланған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір