Сырлы, сұлу жырлар
12.05.2017
2096
0

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын-драматург Нұрлан Оразалиннің он томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. 

Терең мазмұнымен ерек­ше­ленетін жырлар топтасқан жи­нақтың тұсау­кесерін ақын, «Алаш» әде­би сыйлы­ғының иегері Ғалым Жайлыбай мен ақын, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Жанарбек Әшімжан жүр­гізді. Ғалым Жайлыбай «Соғыстан кейін туған­дар» деген атпен танылған буынның қазақ поэзиясына қосқан үле­сі мен қазақ өлеңіне енгізген жаңа си­паты туралы кеңінен толғана келе, сол буынның белді өкілі Нұрлан Мырқасымұлының шоқ­тығы биік – «Қарақазан ғасыр» поэмасына тоқта­лып өтті. Нұрлан Ора­за­линнің «Құра­лайдың салқыны» атты кіта­бына алғысөз жазған заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов ақынның жырларына «Ғарыш мінезді жырлар» деп баға берген екен. Кеш те осы атау­мен өтті. Н.Оразалиннің өлеңдері бұ­ған дейін де бірнеше тілге ауда­рыл­ған еді. Бұл жолы он томдық жинақ­пен қатар, Мәскеу қаласындағы «МИК» баспасы шығарған «Избранное» кітабының да тұсауы кесілді.Кешке ҚР халық әртісі Сәбит Оразбаев, қоғам қай­рат­кері, мәдениет­тану­шы Мұрат Әуезов, қоғам және мемлекет қай­раткері Кеңес Ау­хадиев, белгілі жазушы, кино­сценарист Сма­ғұл Елубаев, Марал Ысқақбай, Қуа­ныш­бай Құрман­ғалиев, Кәдірбек Сегізбаев, Бексұлтан Нұржекеұлы, Сәбит Досанов, Ұлық­бек Есдәулетов, Шөмішбай Са­риев сынды қабырғалы қалам­герлер мен ау­дармашы Любовь Шашкова, тележурналист Нұртілеу Иман­ға­лиұ­лы ­қатысып сөз сөйледі. Шығар­машы­лық жолын «Қазақстан пионері» га­зе­тінен бастаған ақынның сезімтал әрі әсершіл, ұлт пен ұлысты бай­ла­ныс­­тыратын өлеңдеріне тоқ­талған қа­ламгерлер оның азаматтық қа­сиет­терін де ерекше атап өтті. Кеш ая­­сын­да Қазақстанның еңбек сіңір­ген қай­­раткері, профессор Дариға Тұран­­құлованың шәкірттері, Т.Жүр­генов атындағы Өнер академия­сы­ның сту­денттері ақын өлеңдерінен оқыса, Абай атындағы қазақ педаго­гикалық универ­ситетінің сту­денттері Шерәлі Ша­пағат пен Әділет Ықылас ақынға арнаған өлең жолдарын оқыды. Тұсау­кесер жиынды Ұлттық Ғылым ака­де­миясының академигі Мәкен Тойшыбек түйін­деді. Қазақ әдебие­тіне сүбелі үлес қосқан қа­рымды қа­ламгерлер, олардың соңын ала іле­сіп келе жатқан орта буын ақын-жазу­шылар, әде­биет­тің табал­дыры­ғын енді ғана аттаған жас буын өкіл­де­рі мен әдебиет сүйер қауым қа­­тыс­­қан әдеби кеш соңында Мем­ле­кеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қай­раткері, ақын, драматург Нұрлан Оразалин өлеңін оқып, жи­налған қауымға алғыс айтты.

Нұрсәуле МЕЙРАМБАЙ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір