АДАМНЫҢ АДАМДЫҒЫ ЖАҚСЫ ҰСТАЗДАН…
Ұстазды қадірлей білу – өркениетті қоғамға
тән қасиет. Біз ұлт сапасын арттырамыз десек,
бірінші кезекте мұғалімдерге барынша қолдау
көрсетуіміз керек. Бұл – мен үшін мызғымас
ұстаным.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ
Жаңа оқу жылына жан-жақты дайындықпен
келген Қарағанды облысы ұстаздар күнін жақсы
жетістіктермен атап өтті. Кәсіби мерекеге орай
кеншілер астанасында өткен «Ұстазыма алғыс»
атты алқалы жиынға мұғалімдер мен тәрбиешілер,
мектеп басшылары, сондай-ақ педагогикалық сала
ардагерлері қатысты. Өндірісті өңірде ғұмырын бала
тәрбиесі мен білім беруге арнаған жандарға құрмет
көрсетіліп, үздік ұстаздар марапатталды.

Жиын мінберінен сөз алған Қарағанды
облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев: «Болашақ
туралы сөз қозғағанда, оның мектеп қабырғасында
қалыптасатынын есте ұстағанымыз жөн. Бала дәл
осы жерде өз қабілетін ашып, қандай биіктерді
бағындыра алатынын тани бастайды. Баланың
бойындағы талантты дер кезінде байқап, оған
қолдау көрсетіп, алғашқы қадамын жасауға
жол сілтеген жан құрметті атаққа – ұстаз деген ұлы есімге лайық! Ұстаз еңбегінің жемісі арада
жылдар өткенде, кешегі шәкірт білікті маманға айналғанда көрінеді. Шәкірттеріңіз биік белестерді
бағындырып, сіздерден алған білім мен тәлімді
ел игілігіне жаратсын!» – деп педагогтерді кәсіби
мерекесімен құттықтады.
Облыс әкімі мемлекет тарапынан білім
беруді дамытуға және педагогтерді қолдауға
айрықша мән беріліп отырғанын атап өтті. Жаңа
Конституцияда педагог мәртебесі бекітіліп, адами
капиталды, білімді, ғылым мен инновацияны
дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдықтары
ретінде айқындалған. Осы тұрғыда өндірісті өңірде
атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өткен
облыс басшысының мәліметіне сәйкес, соңғы үш
жылда өңір бойынша 13 жаңа мектеп пайдалануға
берілген. Білім беру ұйымдарының ғимараттары жаңартылып, оқу
кабинеттері, асханалар
мен спорт залдары
заманауи талаптарға
сай жабдықталуда.
Мектептерде физика, химия, STEM және
р обототехника бағыттарына арналған
заманауи кабинеттер ашылуда. Әсіресе ауыл
мектептерін дамытуға
а й р ы қ ш а к ө ң і л
бөлінуде. Балалардың
бос уақытын тиімді
ұ й ы м д а с т ы р ы п ,
қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін қосымша білім беру жүйесі де кеңейіп келеді. Майқұдық пен «Көгілдір
тоғандар» шағынауданында шығармашылықты
дамыту орталықтарының, Нұра ауданында Өнер
үйінің құрылысы аяқталуға жақын. Қарағанды қаласы мен Шет ауданында психологиялық-
педагогикалық түзету кабинеттері ашылды. Ал
Шахтинск қаласында аутизмі бар балаларды қолдау
орталығын ашу жоспарланып отыр.
Өңірдің білім беру саласында атқарылып жатқан
осындай игілікті істердің нәтижесін оқушылардың
жетістіктері де айқын көрсетеді. Мәселен,
«Мұрагер» мектебінің командасы Хьюстонда өткен робототехникадан әлем чемпионатында жеңімпаз
атанса, ақпараттық технологиялар лицейінің
командасы Абу-Дабиде өткен RoboCup жарысында топ жарды. Облыс тарихында алғаш рет география
пәнінен екі алтын медаль – республикалық және
Еуропалық олимпиадаларда жеңіп алынды. Бұл –
қарағандылық оқушылардың соңғы жылдардағы
толағай жетістіктерінің бір парасы ғана.
Әрбір жетістіктің артында шәкіртінің қабілетін
танып, оны дамытуға бағыт-бағдар беретін,
қиындықтан қаймықпай, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге баулитын ұстаздардың күнделікті
тынымсыз еңбегі жатыр. Ұстаздар күніне арналған
мерекелік жиында білім беру саласындағы елеулі
жетістіктері мен айрықша еңбегі үшін облыстың
бірқатар педагогі мемлекеттік және ведомстволық
наградалармен марапатталды, бар ғұмырын ұрпақ
тәрбиесіне арнаған аяулы жандарға да ерекше
құрмет көрсетілді.
Олардың қатарында «Парасат» және «Құрмет»
ордендері, «Шапағат» және «Ерен еңбегі үшін» медальдары бар, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, «Парасат»
орденімен Шет ауданы Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейдің физика пәнінің мұғалімі Аманжол Жекебай және Қ.Сәтбаев атындағы гимназияның
тарих пәнінің мұғалімі Владислава Юшкина
марапатталды.
– Мен үшін бұл марапат – көп жылғы
еңбегімнің еленгенінің белгісі. Білім саласында 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келемін. Мен әрдайым мұғалімнің басты міндеті тек білім беру
емес, шәкіртінің өзіне сенуіне, жүрек қалауын
танып, өмірден өз орнын табуына жол ашу деп есептеймін. Сондықтан педагог үшін ең үлкен
марапат – шәкіртінің жетістікке жетіп, өз жолын
тапқанын көру, – дейді Аманжол Жекебай.
«Шапағат» медалін Астанада №3 арнайы
мектеп-интернаттың педагогі Елена Тарасоваға
Мемлекет басшысы табыстады.
Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері»
төсбелгісімен білім беру саласында 40 жылдан астам еңбек еткен педагогтер – білім саласының
ардагерлері Сара Төленова мен Лидия Салдина,
сондай-ақ Саран қаласындағы №17 мектеп-гим-
назияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Елена Крыженкова марапатталды.
– Мұғалім мамандығында ең бастысы –
балаларды жақсы көру, үнемі іздену, білімді
жетілдіру және шәкірттеріңе сену, – деп өз ойымен
бөлісті Сара Төленова.
– Б і л і м і ң ,
е ң б е к қорлығың және өз ісіңе деген
с ү й і с п е н ш і л і г і ң
болса, кез келген
қиындықты еңсеруге болады. Мен үшін
ең үлкен мақтаныш
– бүгінде дәрігер,
о қ ы т у ш ы б о л ы п
жүрген шәкірттерім. Ал қызым менің жолымды
жалғап, өзі де химия пәнінің мұғалімі болып
еңбек етіп жүр.
Ұстаздар құрметіне
арналған мерекелік ж и ы н д а д ә с т ү р
бойынша «Қарағанды
облысының білім беру саласының құрметті педагогі» төсбелгісі табысталып, облыс әкімінің 800 АЕК мөлшеріндегі, яғни 3 миллион 460 мың теңге көлемін-
дегі сыйлығы берілді. Марапатталғандар қатарында
Шахтинск технологиялық колледжі директорының орынбасары Малика Орынбасарова, №2 «Білім-Ин-
новация» мектеп-лицей-интернатының тарих
және құқық негіздері пәндерінің мұғалімі Перуза
Жайықпаева, Теміртау қаласындағы Ғ.Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш
сынып мұғалімі Сара Темірболатова, Қарағанды
қаласындағы М.Жұмабаев атындағы гимназия
директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасары Гүлнәр Уатаева және Қарағанды
облысы білім басқармасының Қарағанды облыстық
психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультация мекемесінің директоры, мұғалім-
логопед Жанар Ержоловалар бар.
Қарағанды облысының білім беру саласының
құрметті педагогі Сара Темірболатова бүгінгі күні мұғалім деген ардақты мамандық иелерінің
еңбегі жоғары деңгейде бағаланып, қолдау тауып отырғанын атап өтіп, әріптестерін Ұстаздар күнімен
құттықтады.