Құмар ойындар – қауіпті
04.08.2026
16
0

Лудомания (латынның ludo – ойнаймын және гректің mania – құмарлық, ессіздік) – адамның құмар ойындарға (ставкалар, казино, лотерея) психикалық және патологиялық түрде тәуелді болуы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бұл дертті психикалық ауытқушылықтар тізіміне ресми түрде енгізген.

Құмарлыққа ұрынудың алғашқы белгілеріне ойын туралы үнемі ойлау, ұтылған ақшаны қайтаруға тырысу (отырып қалу), қарызға бату және жақындарына өтірік айту жатады. Адам материалдық шығынға ұшырап, отбасы мен жұмысынан айырылып жатса да, ойнауды тоқтата алмайды. Бұл дерт есірткі немесе алкоголь тәуелділігі сияқты мидың қанағаттану орталығын бұзады.
Қазір елімізде лудоманиямен, әрбір бесінші адам ауырады. Біреулер жасөспірім кезінен бастаса енді бірі есейген шағында ұрынады. Емделіп дұрыс жолға түсіп жатқандар да жоқ емес. Қателіін түсінгендердің бәрі бірдей ақылы көмекке жүгіне алмайды. Өйткені, жеке реабилитациялық орталықтардан ем алуға кемінде 2 миллион теңге керек.
Жалпы лудоманияны мемлекеттік клиникалар да тегін емдейді. Қазір олар еліміздің барлық өңірлерінде бар. Бірақ бұларға жылына жалпы саны 20 адам ғана келеді.Психологтардың айтуынша, емдеу курсы жалпы 8 айдан тұрады. Лудомания ауруы бұл қауіпті ауру, бәрін жалмайды.
Бұдан былай мемлекеттік клиникаларда емделуге келгендердің аты-жөні құпия сақталады. Жақында тиісті кодекс қабылданды. Енді оны ауруханаларда іске асыру тетіктері талқыланып жатыр. Cондай-ақ, Үкімет құмар ойынмен күрестің жоспарын бекіткен. Ол үшін жыл сайын кемінде 14 мың онлайн казино мен букмекерлік сайттарды бұғаттайды. Ал лотерея ойындарын жарнамалағандар ең аз дегенде 200 мың айыппұл төлейді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір