СЕГІЗ СЕРІНІ ЕРТЕГІ ЕТІУГЕ КЕЙБІРЕУЛЕР НЕГЕ ҚҰМАР?
23.01.2024
414
0

Өйткені олар Сегіз серіден кек қайтара алмай жүр. Мәселенің тоқетері – осы, ал тарыйхы әріде.
«Қазақ әдебійеті» гәзетінде менің «Ән мектебі Сегіз серіден басталады» ат­ты мақалам 2023 жылы 7-шілдеде жарыйаланған соң, Ақтөбе қаласында тұратын Бөрібай Кәртеннің «Сегіз сері ертегісіне осы жұрт неге құмар?» ат­ты маған қарсы жазған мақаласы 21-шілдеде жарық көрді. 29-шілдеде Ақтөбеліктерді жақтаған Светқали Нұржан ақын мен Алматылықтарды жақтаған Сағатбек Медеубек ғалымның екі тобы бірігіп Мемлекет­тік кеңесші Е.Қарин мен Мәденійет және спорт міністірі (сол кез­дегі – ред.) А.Оралов мырзаларға жазған хаты 29-шілдеде әлеумет­тік желіге шыға келді. Әрійне, әділет­тік үшін күресіуге әркімнің-ақ қақысы бар. Бірақ бұлардың көкейін тесіп отырған қандай әділет? Ол Бөрібайдың мақаласында анық көрініс тапқан. Ол – Сегіз сері мен Қаратай Биғожинге қарсы халық көтерілісін ұйымдастырыу. Басшыларға хат ұйымдастырып отырғанына қарағанда, олар жеңетіндеріне сенімді де сыйақты. 
Хат жазыушылар Бекет Тұрғараев деген азамат­ты да ауызға алыпты. Өйткені ол – Қожаберген жыраудың бейітін жаңартып, басына белгі ескерткіш орнатқан, сол өңірде ұзақ жыл қызмет істеп, ненің шын, ненің өтірік екеніне көзі жетіп, көңілі сенген азамат. Бұлар «жоқ» деп отырған адамды бар қылған кісіні арызқойлар неге айасын-ау?! Бекет атқарған алқаушылықтың бірде-бірін бұл арызқойлардың бірде-бірі істей алған емес. Ол – біздің Белжайлауда жерленген Салқам Жәңгірдің де басына ескерткіш орнатып, ханмен бірге шейіт болған сарбаздарының да бейітіне темір қорған тұрғызған адам. Оны жақсы білем, өте сыйлаймын. Ол – менің тұуған ауданымның құрмет­ті азаматы. Орбұлақ жеңісінің 375 – жылдығына орай ол Қазығұрт ауданының іргесінен Орбұлақ жеңімпаздарына арналған кешене ашып, ол араға Жәңгір мен Жалаңтөс батырдың ескерткішін орнат­ты. Сөйтіп қазақ халқының ұлы ерлігі бірліктің арқасында ғана жүзеге асқанын ескерткіш арқылы уағыздады. Ондай алқаушы адамды мадақтаудың орнына, бұлар оны сөге жамандап отыр. Және соны өздері әділет­тілік деп бағалап, шындықтың терісін айналдырып көрсетіуде. Жақсылық үшін жанталасып жатса, ол да жөн-ау, барымызды жоқ қылыу үшін бас біріктіріпті. Масқара!
Әйткенмен бұл Бөрібай деген «белгілі өнертаныушы» менің мақаламды соңына дейін оқый алмаған тәрізді. Сірә, ашыу бұулықтырған болар. Өйткені мен мақаламды Қ. Биғожиннің айт­қандары мен жазғандарына емес, негізінен қазақтың ең қәсійет­ті перзент­терінің бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының айт­қандары мен жазғандарына сүйеніп жазғанмын. Алайда оның мақаласында ол жайында ештеңе жоқ, тек марқұм Қ. Биғожинді жерден алып, жерге сала береді. Және Бөрібайдың «дәлел» дегендерінің бәрі – жала.
Сондай «нашар адам» зерт­тегендіктен, Сегіз сері деген адам өмірде болмаған деген тұжырым жасайды.
Шындап келгенде, бұл мақалада ғылымый ештеңе де жоқ, өсек пен өтіріктің төңірегін түртіп-түртіп, түйтесін шығарады. Бөрібайдың бұл мақаласы – Жазыушылар одағының да, гәзет­тің де беделін түсіретін, ел іргесін ажырататын, ана жақтың қазағын мына жақтың қазағына қарсы қойатын өте зыйанды мақала. Ана атақты ғалым өйдеген, мына атақты адам бүй деген деп сілтемелер жасаған болады. Солай-ақ болсын-ау, бірақ олар шынымен атақты, шынымен әділ, адал ғалымдар болса, академик жазыушы, Еңбек Ері Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпанын» , «Күнделігін» , 1950 – жылы жарық көрген Сәбит Мұқановтың «Менің мектептерімін» неге оқымаған? Екеуі де Сегіз серінің жерлестері, екеуі де ол жайында жазған ғой.
Өмірде көп білетін адам болады, бірақ бәрін білетін адам болмайды. Сондықтан «Ахмет Жұбанов неге жазбаған?» , «Исатай Кенжалиев неге білмеген?» деген сұрақтары, шындап келгенде, олардың беделіне нұқсан келтіретін сұрақтар. Өйткені оның жауабы біреу-ақ: білмеген немесе басқа бір себебі болған.
Ғылым ешкімді, ештеңені мойындамаудан тұрмайды, сан алыуан деректі сұрыптаудан құралады. Тарыйхшы И. Кенжалиев білмегенді ғұлама тарыйхшы Марғұлан жазып отырса, А. Жұбанов айтпағанды Мәшһүр Жүсіп бабамыз айтып отырса, біреу Ақандікі деп, біреу Көкбайдікі деп жүрген «Әудемжер» әнін Мәшекең мен Ж.Мұса екеуі бірдей Қобылан жыраудікі деп дәлелдеп отырса, оған несіне бұлданамыз? Бір қазақтың білмейтінін екінші қазақ анықтап отырса, оған неге құуанбаймыз? Ахаң ол жайында ештеңе жазбаса да, Сүгір күйшінің өнерін ел-жұрт боп тамашалап жүргеміз жоқ па?
Мәшһүр Жүсіптің жазғандарын арап жазыуынан біздің жазыуға аударыу тек 1992 – жылы ғана Сәрсенбі Дәуітұлының арқасында жүзеге асып, екі томдығы алғаш ірет жарық көрді. Біраз жылдан соң жеті, ал 2013 – жылы 20 томдығы жарық көрді, соның 18-томында Мәшекең жазып алған «Сегіз серінің «Туған жер» өлеңі (153-бет), «Сегіз серінің термесі «Не пайда?» (155-бет), «Ғайный сұлұуға шығарғаны» (159-бет), «1835 – қой жылы жазда шығарған өлеңі «Құуғынға ұшырап жүргенде» (162-бет), «Мақпал сұлыуға» (163-бет), «Сегіз серінің Мақпал қызды алмақшы боп Ақбұлақ өзені бойынан ат­танып, жолда кетіп бара жатып шығарған «Қалқаш» әні. 1838-жыл» (164-бет) және Ныйаз сері Бекдәулетұлының өзі тұуралы шығарған «Ныйаз» әні (165-бет) деген шығармалар бірінен кейін бірі тізіліп тұр. Мұның бәрінен мен өз мақаламда үзінділер келтіргем. Алайда «белгілі өнертауныушы» Бөрібай олар жайында жұмған аузын ашпайды. Неге? Себебі ол менің мақаламды не оқымаған, не маған қарсы мақаланы ол жазбаған.
Бөрібай айт­қандай, егер Сегіз сері деген адамның өмірде болғанын Қаратай марқұм ойдан шығарып алған болса, 1931 жылы қайтыс болып кеткен Мәшһүр Жүсіп бабамыз жоғарыдағы өлеңдерді 1980 жылдары өмір сүрген Қаратайдан қай жылы қалайша жазып алған? Бөрібай неге бұл жайында үндемейді? «Өнертаныушының» өнерге көр қазыушы екені осы арада анық байқалады деп ойлаймын. Ол тіпті Сегіз серіні былай ысырып қойып, оның атасы Қожаберген жырауды да өмірде болмаған адам етіп қойады. Оған да айызы қанбай, Қазыбек бек Тауасарұлын да өмірде жоқ адам деп жарыйалайды. Оны өз хат­тарында Светқалый ақын мен Сағатбек ғалым бастаған екі топ та қоштайды.
Менің ата-бабам Үйсін аталатын тайпалар одағынан тарайды. Сондықтан үйсін шежіресін Бөрібай мен Светқалидан гөрі біліңкіреймін. Менің тұуған ауылым Ақжазықта тұуып өскен Үсен Шыны баласының 1912 жылы 22-маусымда «Үйгентастың белі» деген жерде болыс болып сайланғаны Мемлекет­тік мұрағат­та жазыулы тұр (44-қор, 1-тізбе, 355-іс, 33-бет). Сол қорда нағашы аталарым Байсақалдың болыс, Көмекбайдың бій сайланғаны да тұр. Болыс болған Үсен атамыздың Анарбек деген баласының әйелі – Қазыбек бек Тауасарұлының тікелей ұрпағы. Тоқсаннан асып, бертінде Алматыда қайтыс болды. Алтай деген ұлы болған, қәзір оның Амангелді ат­ты баласы, Құдайға шүкір, аман-есен қасымызда жүр. Анарбек аға мен Маржан соғыс айақталған кез­де үйленіпті. «Халық жауы» Ораз Жандосов пен Үсен болыстай «кулактың» ұрпақтары отбасын құрғанда, менің атам Ешмұхамбет пен апам Батпан екі жасты отқа шақырыпты. Ол кез үшін бұл – сайасый қылмысқа барабар оқыйға. Жасы 68-ге келген атам соны біле тұра тәуекелге бел бұуған болыу керек. Он жеті ұл-қыздан аман қалған жалғыз ұлы Нұржекесінен соғыста айырылып, майдангердің отбасы болып отырған әрі Істәліннің бейнесі басылған «Жеңіс» медәліне ійе болып мәртебесі де көтеріліп отырған атам, әйтеуір, бір тәуекелге барған екен. Жамбыл атындағы калхоздың атақты жылқышысы кімге арқа сүйегенін қайдам, әйтеуір, сондай әрекетке барыпты. Атамның сол ерлігін келіні Маржан өле-өлгенше айтып жүрді марқұм.

Бексұлтан Нұржеке-ұлы мен Сегіз серінің шөбелегі Бектас

Үсен атамыздан тұуған Алтын әпкеміздің ұлы Амантай Көдеков деген інім де осының бәрін біледі, бүгінде мені ағалап, ол да қасымда жүр.
Ақжазықта Үсен болыстың Әбдібек деген баласының әйелі Айша біздің үймен қабырғалас үйде отырса, ең кенжесі Әбіләкім аға мен әйелі Әбігүл оң жағымызда көрші отырды, біз ортасындамыз. Сырт­та айтылмайтын, үйде ғана күңкілдесетін сөздер бала жүрегімде бәрі жазыулы тұр. Осының бәрін көріп, біліп өскен мен «Қазыбек бек Тауасарұлы деген адам тарыйхта болмаған» деген Қабдеш марқұмның жаласына да, Бөрібайдың бұра тарт­ты сөзіне де қалайша төзіуім керек? Онда менің кім болғаным? Анық тарыйхты айаққа басқызсақ, оны білмей, көрмей өскен ұрпақ: «Е, Қабдеш пен Бөрібайлар данышпан екен» , – деп өтпей ме?
«Ақтабан шұбырындының» алғашқы жылдары Қазыбек бектің ұлы жүз қолын басқарғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Өйткені ол – «халық жауы» болып атылып кеткен Ораз Жандосовтың атасы. Оны Сүйінбай да, Жамбыл да жырлаған, ал да, кітәбінен оқый бер. Ораз «халық жауы» аталған соң, Қазыбек бектің қолбасшылығымен соғысқан бүкіл үйсіннен шыққан батырлар Шапырашты Сатай, Шапырашты Бөлек, Сұуан Сатай, Сұуан Бөлек, Шапырашты Наурызбай, Ботбай Сәлен, Сұуан Бағай батырлар мен тағы-тағылар аталмай қалды. «Қазыбек бек өмірде болмаған адам» дегенді алғаш көтерген – марқұм Қабдеш Жұмаділов. Өйткені оның «Дарабоз» романындағы ойдан шығарылған оқыйғалар мен Қазыбек бектің естелігіндегі оқыйғалар бір-бірімен қабыспайтын, сол қабыспай тұрған жерлерді қабыстырыудың орнына, Қабекең Қазыбек бекті жоқ адам деп жарыйалағанды жөн көрді. Ал мен бала кезімнен Қазыбек бектің ұрпағымен ауылдас болғандықтан, оның бар екенін білгендіктен, оған қарсы шықтым. Ырайымбек батырдың да кейбір ауылдастары: «Біздің бабамыз жайында жазбаған, сондықтан бұл кітәп – жалған кітәп» , – деген күңкіл шығарды. Көп адам тарыйхый оқыйғаларды ғылымый жолмен талдаудың орнына, оны жоқ деп жарыйалағанды жеңіл көреді. Өйткені дәлелдеуге білімі жетпейді. Сондықтан Сталинше «Адам жоқ болса, оның мәселесі де жоқ» деп санайды. «Ақтабан шұбырындының» атақты батырларының ең жасы үлкені – Бөгенбай, Қазыбек бек, Ханкелділердің бір-бірінен бір-екі жас қана айырмасы бар. Солай екенін Қожаберген жырау «Елім-ай» дастанында да жазады. Ал Алматыдағы ескерткіште Ырайымбек батырдың тұуған жылы 1705 деп жазылған. Олай болса, ол атасы Хангелдінің он бір жасында дүнійеге келген, ал әкесі Түке ол кез­де әлі дүнійеге де келмеген болып шығады. Ғалым Сағатбек Медеубековтің сол өтірікті түзетіуге әрекет жасағанша, Қазыбек бек деген адам тарыйхта болмаған деген топқа қосылыуының бір себебі осында жатса керек.
Ата-бабасы бар, ұрпағы бар Қазыбек бекті, Сегіз серіні өмірде болмаған адамдар дейтін даугерлерді мен өз басым пиғылы теріс адамдар деп бағалаймын, өлісін де, тірісін де.
Өйткені мен Қабдешке «Жұмаділ деген кісі өмірде болмаған» , – десем, Бөрібайға да: «Кәртен деген кісі өмірде болмаған, сен қайдан шықтың?» , –десем, олар өздерін қалай сезінер еді?
Басқаларды айтпай-ақ қойайын, ақын Светқалый мен ғалым Сағатбектің Мәшһүр Жүсіптің жазғандарына да тоқтамай, Бөрібай бастаған «көтеріліске» белсене қатыса кеткеніне қайранмын. «Әй, жігіт­тер, аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды» деген, Мәшекеңнің айт­қандары мен жазғандарына тоқтайық, өйтпесек, ел болмаймыз» , – дей алмағандарынан қат­ты түңілдім.
Сегіз сері жайындағы әңгімені біздің заманымызда қайта қозғаған – Нәбійден Әбіутәлійев ағамыз. Ыйсатай – Махамбет көтерілісін зерт­тей жүріп, Сегіз серінің, Қожабергеннің өміріне, «Жыйырма бес» әнінің тарыйхына қозғау салған сол кісі болатын. Мен «Сегіз сері және Нәбійден аға» ат­ты мақала да жазғам.
Ол кез­де Ыйсатай – Махамбет көтерілісіне Сегіз сері батыр да қосылған деген дерек үлкен жаңалық болатын. Бәлкім, Бөрібай мырза қаза-қаза келе, Сегіз серіні жоқ қылыу үшін, Ыйсатай мен Махамбет­ті де жоқ қылар? Абай мен Жамбылды да жоқ қылып жатқандардан бәрін күтіуге болады.
Нәбійден ағамыздың Сегіз сері жайындағы зерт­теулері ел құлағын елең еткізген тұста «Ақбұлақ» әні Бәкір Тәжібаевтікі емес, Сегіз серінікі екен» деген әңгіме шықты. Болат Сыбановтың орындауында «Ақбұлақ» әнінің айдай аспандап тұрған кезі еді. «Ақбұлақ» әнін Сегіз серінікі қылғанша, Сегіз серіні жоқ қылайық деген әрекет сол кез­де тұуындады. 1992 жылы Қаратайдың «Ақбұлақ» әнін Сегіздікі деп мақала жазыуы отқа май құйғандай болды. Бірақ бұл әннің әңгімесін өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңында алғаш бастағандардың бірі ғылым докторы Қайым Мұқаметханов ағамыз болатын. Одан кейін Мұзафар Әлімбаев ағамыз да «Ақбұлақ» әнін Сегіздікі деп жазды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл тақырыпқа әркім еркін қалам тарта бастады. Бұрын Сегіздің атын батыл айта алмаудың өз себебі де болды.
«Жыйырма шақты орыс әскерін қырып салған адам – Сегіз сері» – деген жаламен Омбыдан қашқан Сегіз сері мен Ныйаз сері төрт жыл бойы Ғайный (Ғайныйжамал) мен Мақпал қыздың ауылын паналаған. Ғайныйды атып өлтірген патша сарбазын ол тағы найзаға шаншып өлтірген. Ол кез бен кеңес заманында орысты өлтірген адамды мадақтамақ түгіл, атай да алмағанымыз өтірік пе?
А. Затаевичтің 1963 жылы Мәскеуден шыққан «1000 песен казахского народа» кітәбінің 244-бетінде 511-нөмірмен «Ақбұлақ» деген өлеңнің екі-ақ жолдық нотасы берілген. Әннің мәтіні де, түсініктемесі де жоқ. Бұл әннің Бәкір ағамыздан да, Қаратайдан деп жазып алынбағаны анық. Әділет­ті шын іздеген адам осы әннің кімдікі екенін анықтауы керек. Осындай оңай жолмен шешіудің орнына, әнді Бәкір ағамыздікі етіу үшін, Сегізді жоқ қылыуға тырысқандардың қылығына қалайша жүрегің ауырмасын? Бөрібай бастаған Ақтөбелік топтың өз жерлестері Бәкір ағамыздың кегін Сегіз серіден алыу себебі осы болса, Сағатбек бастаған Алматылықтардың да Сегіз серіден кек қайтарыу себебі осыған ұқсас. Сегіздің екі томдық шығармалары екі мәрте басылып шықты. Екеуінде де Алматы обылысында өмір сүрген Сәдіғожа Мошанұлының «Сары быйдай» әні Сегіз серінің «Ақ быйдай» әні деген пікір айтылған. Оның қәте екенін дәлелдеудің орнына, Алматылықтардың да Сегізді жоқ қылыуға қол жыйнап жүргені сондықтан. Екі жақ та ғылымый жолдан гөрі баскесерлік әдісті таңдап отыр.
Бір сөзінде «Елім!» деп, бір сөзінде елін жерге қаратып жатқан ақын да, ғалым мен әнші де қатарымызда қаптап жүр. Олар бізге де, ұрпаққа да үлгі емес. «Досың да, жақының да – бәрі екі ұшты, Сондықтан досыңнан да дұшпан күшті» , – депті Абай. Біз әлі солаймыз, қазақтың досынан да дұшпаны әлі күшті; сөзіміз өзгергенмен, өзіміз өзгергеміз жоқ.
Өзі анық білетін, көзі жеткен нәрсені Шерхан көкеміз де, Қасым Қайсенов ағамыз да, Батыр Бәукең де барынша ашық, батырып айтатын және ешкімді де айамай айтатын. Бізге үлгі – солар.
Өзім білетін, ұрпағымен бір ауылда бірге өскен Қазыбек бек Тауасарұлын, – «Ақтабан шұбырындының» алмағайып заманында ұлы жүздің бас қолбасшысы болған ұлы бабамды, Алматының түбінде қалмақтың Боралдай батырын Қасқары деген баласы жекпе-жекте өлтірген бабамды; баласы Қасқары мен немересі Молдабай батырды Бұқар бабам жырлаған атамның арыуағын, атақ-абыройын өлі Қабдештен, тірі Бөрібайдан мен неге қорғамаймын?
Ырысбійке деген жары, Мұстафа, Мұсайын ат­ты ұлдары; Беген, Амантай деген, тағы басқа ұрпақтары болған. Ал Мұсайыннан Нұрмұхаммед (Тырқай), одан Нұрғожа, одан Қабый, одан Бектас. Бектас Сегіз серінің шөбелегі. Ал Бектастың балалары Сегіз серінің неменесі. Ыйсатай батырдың мыңбасы болған Қалдыбай батырдың Ғайный (Ғайныйжамал) ат­ты жерін қорғап қаза тапқан батыр қызға ғашық болған, оған арнап екі ғасыр бойы бүкіл қазақ жырлап келе жатқан «Ғайный» ат­ты ғажап ән шығарған; Мақпал ат­ты ғажап сұлыуды «Гауһартас» деп сыйпат­таған әнмен ел-жұртымды ырыйза еткен Сегіз сері бабамды; халқымның қәсійет­ті ұлдары Мәшһүр Жүсіп бабам өлеңдерін жазып алған, Нұржан Наушабаев пен Жайау Мұса дастан арнаған, қазақтың ән мектебін қалыптастырған, әні де саңлақ, өзі де саңлақ, еуропалықтарша айтсам, феномен өнерпаз бабамды Бөрібайларға неге талатып қойыуға тійіспін?
Барымызды жоқ қылыуға тырысатын, елді бөлектегісі немесе елден бөлектенгісі келетіндерге қарсы мен де мәңгі азамат­тық соғыс ашыуға міндет­тімін. «Тек жүрсең, тоқ жүрмекті, Қыйын емес білмекті» , – депті ғой Ахмет Байтұрсынұлы. Тек жүрем деп, елім мен елімнің ерлерін базбіреулерге талатып қойыуым керек пе? Әр біріміз осылай істемесек, ертең-ақ ел болыудан қаламыз.
«Мені неге білмейсің? Мені неге оқымайсың?» , – деп, Мәшекеңнің өзі де, кітәбі де алдыңа өзі келіп жата кетпейді; оған сен барыуың керек, оны сен оқыуың керек. Әр мекемені шоқыйып-шоқыйып бір-бір қазақ басқарып отыр, шоқыйып отыра бергеннен бір қазаққа да пайда келмейді; халықты басқарыу керек, жақсылыққа бағыт­тау керек. Азамат­тық деген – сол.
Батыс Қазақ­стан жерінде Шерныйаз Жарылғасұлы деген ақын өткен. Ыйсатай көтерілісіне қатысқан адам. Мемлекет­тік мұрағат­тың қорында (ш 1719, 313-нөмірлі папкада) «Сегіз сері мен Шерныйаз ақын» деген дерек бар. Онда Шерныйаз ақынның Сегіз серіге арнаған өлеңі берілген. Жыйнаушысы – Бейсеналыйев Өмірзақ деген кісі. Сонда деймін-ау, Сегіз сері деген адам жоқ болса, ол Батыс Қазақ­стан жеріне бармаса, Шерныйаз ақын оны қалай көріп, қалай оған өлең арнап жүр? Осыны Бөрібай мен Бөрібайды жақтаушылар біле ме екен? Жарайды, қазақ қазаққа сенбей-ақ қойсын, орыстың ХІХ ғасырда өмір сүрген оқымыстысы Н.А. Аристовтың «Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей, и сведения об их численностей» деген кітәбінде керейлер жайында жаза келіп, шіймойын («чимоен» ) ұрыуына тоқталғанда, «керей ходжа – бергень казацкий вождь» , «Ходжа – бергень в 1750 году управлял киреями» , «он же упоменялся в 1752 году в Оренбургских сведениях, как старшина баклы – гирейеского рода, зимовавший тогда на реке Ишима, восточнее всех казахов» , – делінген (С. Петербург, 1897 жыл, 84-бет).
Сонда қалай, бұл мәлімет­ті де Аристовке Қаратай берген бе? Әлде Бөрібай мен оның жақтастары білмейтін адамдар қазақ тарыйхында жоқ саналыуы керек пе? Күллі қазаққа бұлайша топырақ шашатындар кімге сенеді, оларды кім айтақтайды? Неге олар өз халқына қарсы шыға береді? Олар өзімен өзі алысып жүріп, ақырында сақтың да, құнның да, түрік қағанатының да, үйсіннің де, қаңлының да, оғыздың да, Шыңғыс хан мемлекетінің де, Алтын орданың да ыдырағанын, құрығанын оқымаған ба, білмей ме? Әлде… білсе де, әдейі істей ме?
Сегіз сері шығармаларының екі томдығы «Жалын» баспасынан 2013 жылы жарық көрді.
Оның ішінде Қ. Биғожин жазып алған бірде-бір шығармасы жоқ. Сонда бұл жұрт: «Сегіз серіні Қаратай Биғожин ойлап тапты» , – деген қауесет­ті қайта-қайта қозғап, қайта-қайта баспасөзде жарыйалап, қандай мақсатқа жетпек? Шынымен-ақ шындыққа көздері жетпей жүр ме әлде кектері қайтпай жүр ме?
«Досымнан дұшпаным көп қылған өсек» деп зарлаған Мәдій атамыз ақыры өз қазағының қолынан оққа ұшып өлген. Әзір де әр қазақтың «досынан дұшпаны көп қылған өсек» . Қашан дұшпанымыздан досымыз көп болады? Ондай өмірді бізге кім жасап береді? «Надан» , «алауыз» деген деңгейден «ұлт» деген ұлы мәртебеге бізді көтеретін баспалдақ – тек білім. Ар, ұйат, адалдық, мәденійет, сыпайылық, сыйластық, бауырмалдық, отансүйгіштік, ізгілік секілді ұлы сезімдердің ұйасы да Білімнің құндағында. Ол құндақты құры білімнің өзі де түгел аша алмайды, оны толық ашатын – білімді метір ғана!

Бексұлтан
НҰРЖЕКЕ-ҰЛЫ
жазыушы, ҚР Мемлекет­тік сыйлығының лауреаты

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір