«Жалын – 2026» – жастардың спорт мерекесі
Амангелді ауданында жалынды жастардың басын қосқан үлкен спорт мерекесі өтті.

«Жалын – 2026» аудандық жазғы спартакиадасы тек жарыс алаңы емес, жастардың жігерін, бірлігін және туған жерге деген сүйіспеншілігін айшықтаған ерекше шараға айналды.
Салтанатты ашылу рәсімінде ауылдық округтерден келген спортшылардың шеруі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бір мақсатқа жұмылған жастардың нық қадамы мен көтеріңкі рухы ауданның жарқын болашағын аңғартқандай әсер қалдырды.
Спорт алаңдарында тартысты бәсеке өрбіп, әр қатысушы өз мүмкіндігін барынша көрсетуге тырысты. Жеңіске деген құлшыныс, достық пен өзара қолдау жарыстың басты құндылығына айналды.
Осындай игі бастамалар жастарды салауатты өмір салтына баулып қана қоймай, ел бірлігін нығайтып, ауылдардың арасын жақындастыра түседі.