Болашақ-білім жастардың қолында
21.10.2024
209
0

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы – бұл Қазақстандағы жас ұрпақтың мәдени, ғылыми және білім беру салаларында дамуына ықпал ететін маңызды ұйым. Федерация ЮНЕСКО-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы) құндылықтары мен мақсаттарын насихаттай отырып, елдің болашағына белсенді түрде атсалысады. ЮНЕСКО клубтарының қозғалысы алғаш рет 1947 жылы Жапония елінде басталған.Қазіргі таңда бұл қозғалыс әлемнің 90-ға жуық елінде жұмыс істейді, оның құрамында 5000-нан астам ұйым бар.

Тарихы мен мақсаттары

2023 жылы Қазақстан ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының дүниежүзілік федерациясын басқару құқығына ие болды, бұл елдің халықаралық аренадағы беделін көрсетеді. Федерация басшысы болып Болат Ақшолақов сайланды. Қазақстандық ЮНЕСКО клубтарының тарихы 2009 жылы басталған. Сол кезден бастап, бұл ұйым ЮНЕСКО принциптеріне сәйкес келетін көптеген жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруда. Олардың басты мақсаты – жастардың мәдениаралық диалогқа қатысуын арттыру, экологиялық білімді насихаттау және еліміздегі мәдени мұраларды қорғау.

Федерация жастардың өзін-өзі дамытуына, шығармашылық жұмыстарын

Ашуына және қоғамның дамуына өз үлесін қосуына көмектесетін түрлі шараларды ұйымдастырады. ЮНЕСКО клубтары оқушылар мен студенттерді халықаралық стандарттарға сәйкес білім алуға, мәдени құндылықтарды сақтауға және оларды әлемдік деңгейде танытуға шақырады.

Қызметі

Федерацияның негізгі қызмет бағыттары мыналар:

  1. Мәдениет пен өнерді қолдау: Жас таланттарды қолдап, оларға халықаралық деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік беру.
  2. Білім беру бағдарламалары: Халықаралық деңгейдегі білім жобаларын енгізу арқылы жастардың білімін жетілдіру.
  3. Ғылым және инновация: Жастарды ғылыми ізденістерге баулу, ғылыми жобаларды қолдап,көрсету.
  4. Экологиялық тәрбие: Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сананы дамытуға арналған жобалар ұйымдастыру.

Федерация құрылғаннан бері көптеген халықаралық және ұлттық жобаларды жүзеге асырды. Олардың ішінде «Балалар үшін бейбітшілік мәдениеті» жобасы, экологиялық форумдар, халықаралық байқаулар мен фестивальдер ерекше орын алады. ЮНЕСКО клубтарының қатысушылары халықаралық деңгейдегі конкурстар мен конференцияларға қатысып, Қазақстанның атын әлемге танытып жүр.

Оның арқасында мыңдаған жас таланттар өз мүмкіндіктерін ашып, Қазақстанды әлемдік аренада танытуда. Әртүрлі елдерде құрылған ЮНЕСКО клубтары жастар мен ересектер арасында бейбітшілік, адам құқығы және тұрақты даму мәселелеріне назар аударуға ықпал етеді. Осы клубтар жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, азаматтық қоғамға қатысуын арттыруға және халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдеседі. Олардың негізгі мақсаты – әлемдік мәдени мұраны қорғау және білім беру мен ғылым саласындағы дамуды қолдау. ЮНЕСКО клубтары қоғамдағы маңызды құндылықтарды насихаттайтын тиімді алаң болып табылады.  Бұл ұйым бүкіл әлемдегі мәдениетті, білімді және ғылымды дамытуға және олардың қызметі әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға үлкен үлес қосады

Сейсенбай Ақнұр Асқарқызы,
Темірбек Жүргенов  Қазақ Ұлттық өнер академиясы атындағы

Компьютерлік технология кафедрасының медиажурналистика
мамандығының 1-курс студенті

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір