ЖИ мүмкіндіктері кеңінен қолданылып келеді
03.08.2026
33
0

Алматы мектептерінде цифрлық технология мен жасанды интеллект құралдарын енгізу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бүгінде қаладағы барлық 227 мемлекеттік мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген. Ал білім беру үдерісіне қатысатын 200 мыңнан астам адам Gemini, NotebookLM және Canva сияқты жасанды интеллект платформаларын пайдаланады.
Ұстаздар қазірдің өзінде 83 мыңнан астам цифрлық білім беру материалын әзірлеген. Сонымен қатар барлық мектепке жасанды интеллект элементтері енгізілген 6,5 мың электрондық оқулыққа тегін қолжетімділік берілді.
Жаңа оқу жылы басталғанға дейін орта білім беру жүйесіне жасанды интеллекті енгізудің өңірлік жоспарын бекіту жоспарланып отыр.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір