«Судағы сағым» оқырманға жол тартты
02.06.2026
58
0

23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай Орталық Азиядағы ең ауқымды IX халықаралық «Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрмесі аясында «Жайық үні» газетінің редакторы, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және «Шабыт» фестивалінің лауреаты Мира Шүйіншәлиеваның «Судағы сағым» атты кітабы мен қазақ ертегілері топтастырылған «Ертегілер» жинағының таныстырылымы өтті.

Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы Мереке Құлкенов, «Атамұра» баспасының президенті Рахымғали Абрарұлы, ақын, Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазы жаңа жинақтың лентасын қиып, авторға шығармашылық табыс тіледі.
«Кітабымды керемет қылып шығарып, Елорда төрінде тұсауын кескен «Атамұра» баспасының ұжымына, бас құрылтайшысы Құл-Мұхаммед Рахымғали Абрарұлына алғыс айтамын.
Сол секілді уақыт тауып қуанышыма ортақтасып, мерейімді өсірген Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновке, танымал ақын Серікзат Дүйсенғазыға, көптеген тұлғаларға ризашылығымды білдіремін.
Кітапқа құштарлық артып келеді. Бұған Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан Ұлттық кітап күніндегі қуаныштар куә! Жалпы, Халықаралық кітап жәрмеңкесінен алған әсерім, айтар жаңалығым көп», – дейді жазушы қуанышын бөлісіп.
Бұған дейін «Махаббат бағы», «Шүберек қуыршақ», «Жүректегі құпия», «Өкініш», «Ар азабы», «Сабаз» атты әдеби-драмалық шығармалары мен кітаптары арқылы оқырманға кеңінен танылған
Мира Шүйіншәлиева бұл еңбегі арқылы өмірдің өткінші сәттерін астарлы түрде бейнелеп, оқырманды терең ойға жетелеуді, сондай-ақ жаңа көзқарас қалыптастыруды мақсат еткен.
Кітап тұсаукесеріне жазушының туы ндыларын сүйіп оқитын оқырмандары, қаламдастары, сонымен қатар тоқсандағы Олжабай Жармақин қария да арнайы келіп, ыстық ықыластарын жеткізді.

Әсел САХИ,
ҚазХҚжӘТУ университетінің студенті

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір