Тарихи-мәдени мұра – құнды қазына
27.04.2026
38
0

Тарихи-мәдени мұра – ұлтымыздың өткенінен сыр шертетін құнды қазына. Ол халықтың рухани байлығы, ұлттық бірегейлігінің негізі және ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы күш ретінде маңызды рөл атқарады.

Тарихи мұра – материалдық мұра, материалдық емес мұра болып екіге бөлінеді. Материалдық мұраға: көне қалашықтар, қорғандар, ғибадатханалар, археологиялық қазбалар (мысалы, Тайқазан, Алтын адам) жатады. Материалдық емес мұраға: ауыз әдебиеті, музыка, салт-дәстүрлер, қолөнер, ұлттық ойындар жатады.
Қазақстан – бай тарихи-мәдени мұраға ие ел. Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы елдегі көптеген тарихи ескерткіштердің сақталуына себеп болды. Қазақстанда 10-нан астам нысан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген, ал 12 мыңнан астамы республикалық маңызы бар ескерткіштер ретінде арнайы қорғалады.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 30-дан астам қалашық пен қоныста ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіліп, мыңдаған құжаттар мен жәдігерлер анықталды. Мәселен, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енген ерекше сәулет ескерткіші. Отырар қалашығы – ортағасырлық өркениеттің ірі орталығы ретінде танылған тарихи орын. Беғазы-Дәндібай мәдениеті – ерте темір дәуірінен қалған археологиялық құндылықтардың бірі.
Бұл мұралар ұлттың өзіндік ерекшеліктерін сақтап, ұлттық сана мен мәдени бірегейлікті қалыптастыруда айрықша қызмет атқарады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір