Халықаралық әдеби сыйлықтың жеңімпазы
Мәскеу қаласында Русский ПЕН-центр тағайындаған Фазиль Искандер атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың тоғызыншы маусымының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Үздік шығармалар алты номинация бойынша анықталды: «Көркем проза», «Көркем публицистика», «Поэзия», «Драматургия және киносценарий», «Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті», «Орыс тіліне аударма».
«Көркем проза» номинациясында Александр Киров «Где-то рядом Карма» әңгімелер жинағы үшін, ал Павел Крусанов «Совиная тропа» романы үшін
лауреат атанды. «Поэзия» номинациясында Ефим Бершин «Человек параллельной эпохи» жинағымен және Игорь Волгин «Прикосновенный запас» жинағымен жеңімпаз болды.
«Көркем публицистика» номинациясында Вячеслав Недошивин «Автопортрет врага» очерктер жинағы үшін, ал Андрей Щербак-Жуков «Мой Кир Булычев, мой Рэй Брэдбери и другие мои писатели…» атты еңбегі үшін марапатталды. «Драматургия және киносценарий» номинациясында Вадим Федоров «Ладушки» атты бес бөлімнен тұратын драма қолжазбасымен үздік деп танылды.
«Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті» номинациясында Елена Албул «Нос Варвары Сидоровой» жинағы үшін және Вячеслав Ар-Серги «Удмуртское море» кітабы үшін лауреат атанды.
«Орыс тіліне аударма» номинациясы бойынша қазақстандық қаламгер Фархат Тамендаров «Гончие псы» повесі жеңімпаз атанды.

Русский ПЕН-центр – 1989 жылы құрылған халықаралық жазушылар ұйымы. Аталған сыйлық жазушы Фазиль Искандердің есімін ұлықтау мақсатында тағайындалған. Әр жылдары бұл марапаттың лауреаттары қатарында Александр Кабаков, Вячеслав Куприянов, Александр Мелихов, Валерий Попов, Эдуард Русаков, Роман Сенчин сынды қаламгерлер болған.
Аталған халықаралық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 900 мың рубльді құрайды.