ЕЛ БИЛЕГЕН КӨШБАСШЫ ӘРІ МЫРЗАЛЫҒЫМЕН ТАНЫЛҒАН ТАНА МЫРЗА ТІЛЕМІСҰЛЫНА АРНАЛҒАН «АЛАШҚА ТҰЛҒА БОЛҒАН ТАНА МЫРЗА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ
01.04.2026
122
0

«Алашқа тұлға болған Тана Мырза» атты республикалық жыр мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1. «Алашқа тұлға болған Тана Мырза» атты республикалық жыр мүшәйрасының қорытындысы 2026 жылдың  маусым айында Абай облысы, Ақсуат ауданында жарияланады.

2. ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

2.1. Қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын  Тана Мырза Тілемісұлының есімін жас  ұрпақ санасында жаңғырту,  ұлтжандылық қасиеттерін арттыру, ерлігін дәріптеу арқылы ұлт рухын асқақтату;

2.2. Ұлттық әдебиетімізді   рухты, тың туындылармен толықтыру, қазіргі қазақ поэзиясының талантты өкілдерін қолдау, жаңа есімдердің танылуына жол ашу.

3. ЖЫР МҮШӘЙРАСЫН ӨТКІЗУ

ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ:

3.1.Байқауға екі тақырыпқа арнап жазылған шығармалар қабылданады:

1. «Алашқа тұлға болған Тана Мырза» атты  Тана Мырза Тілемісұлы туралы поэзиялық шығармалар;

2. Еркін тақырыптағы өлең;

3.2  Жыр мүшәйрасына қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;

3.3. Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14-шрифт, жол арасы 1 интервал) Times New Roman қарпімен ұсынылуы қажет;

3.4. Жыр мүшәйрасына бұрын еш жерде жарияланбаған жаңа шығармалар ғана қабылданады;

3.5. Тақырыпқа сай келмейтін, көркемдігі төмен шығармалар қазылар алқасына ұсынылмайды.

3.6. Жүлде қорын ұйымдастырушылар тарапы өзгерте алады.

3.7. Мүшәйраға қатысушы шығармасын, қысқаша өмірбаянын, суретін, байланыс нөмірін tana_myrza@mail.ru эл. поштасына жібереді.

3.8. Жүлдегерлердің жол шығыны жіберуші жақтан төленеді.

4. ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ МЕРЗІМІ:

4.1. Жыр мүшәйрасына қатысатын шығармалар 2026  жылдың мамыр айына дейін жіберілуі тиіс;

4.2. Қабылданған шығармалардың ішіндегі  ең үздік өлең авторлары  2026 жылы маусым айында Абай облысы, Ақсуат ауданында марапатталады.

5. ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ:

5.1. Қазылар алқасы танымал ақындардан құралады.

6. ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:

Бас жүлде – 800 000 теңге;

І орын – 550 000 теңге;

ІІ орын – 450 000 теңге.

ІІІ орын – 300 000 теңге;

Арнайы жүлде – 150 000 теңге (үш адамға).

Ұйымдастырушы:

Тана Мырза атындағы қоғамдық қор

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір