ҚОЙСАНА АНАҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
12.07.2024
124
0

Құрметті ақындар мен талабы зор жас қаламгерлер!
«Ақжолтай Ағыбай батыр» қорының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 10-маусым – 10-тамыз аралығында Шұбыртпалы Ағыбай батырдың анасы Қойсана анаға арналған республикалық ақындар мүшәйрасының өтетіндігін хабарлаймыз.

МАҚСАТЫ
Жыр мүшәйрасының мақсаты мен міндеті:
Өскелең ұрпаққа парасатты, даңқты, қайсар Қойсана ананың өнегелі өмірін паш ету;
жас қыз-келіншектерге қазақтың батыр анасының тарихи болмысын үлгі ету;
Рухани, мәдени құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізу және тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру, оларды қолдау.
Мүшәйраға республика аумағындағы және шет елдерде тұратын қаламгер ақындар қатыса алады.

КЕЗЕҢДЕР
Ақындар мүшайрасы екі кезеңде өтеді.
Бірінші кезең сырттай өтеді. Ол кезеңде байқауға қатысушылар тақырыпқа сай поэзиялық туындысын жазып, ережеде көрсетілген электрондық поштаға жолдауы тиіс (bolatabenov75@gmail.com).
Екінші кезең Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қармыс ауылында өтеді. Екінші кезеңнің өтетін орны, уақыты бірінші кезеңнен өткен байқау қатысушыларына қосымша хабарланады. Екінші кезең бойынша ақындар өздерінің жолдаған туындыларын сахнада оқып, сұрақтарға жауап береді.

ТАҚЫРЫП АЯСЫ
Жыр мүшәйрасына қатысуға төмендегі тақырыптар­ды қамтитын туындылар қабылданады:
Қойсана ананың ерлігі мен қайраткерлігі;
Қойсана ананың әулеттегі орны;
Қойсана ананың мінезі мен өнегесі;
Қойсана ананың тәрбиесі мен тәлімі;
Қойсана ананың парасаты мен пайымы;
Қойсана ананың Ағыбай батырға ықпалы;
Қойсана ананың батыр ұл тәрбиелеу қағидасы;
Қойсана ана образы және бүгінгі қазақ қыз-келіншектері.

ӨЛЕҢДІ РӘСІМДЕУ МЕН ӨТІНІМ БЕРУ
Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек. «Times New Roman» 14 шрифт, жоларалық – 1.5. Поэзиялық шығарманың көлеміне шектеу жоқ.
Үміткердің электронды поштамен жіберетін ақпараты:
Мүшәйраға қатысушының аты-жөні;
Тұрғылықты жері (облысы, қаласы, елдімекені, көшесі, үйі);
Әлеуметтік статусы (оқушы, студент, қызметкер, т.с.с.);
Оқу орны немесе жұмыс орны туралы мәлімет (мектебі, сыныбы, жетекшісі; жұмыс орны, бөлімі, лауазымы);
Жеке фотографиясы ( 3х4 фотосы);
Ұялы телефон нөмірі мен қосымша 1 нөмір;
Электронды поштасы, е-mail;
Өлеңнің атауы;
Поэзиялық туындысының толық нұсқасы.
Жыр мүшәйрасына қатысушы(лар) өзі жайлы жазылған мәліметті жоғарыда көрсетілген тармақтар бойынша толтырып, шығармамен бірге 2024 жылдың тамыз айының 1-не дейін bolatabenov75@gmail.com мекенжайындағы электронды поштаға жіберуі тиіс. Байқауға жұмыстар қазақ тілінде жіберілуі керек.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады, жүлдегерлерге қаржылай сыйлық және диплом табысталады. Ал 3 адамға ынталандыру сыйлығы мен сертификаттар беріледі. Мүшәйрада жиналған үздік туындылардан электронды жинақ шығарылады.
орын – 200 мың теңге;
орын – 100 000 мың теңге;
орын – 50 мың теңге.
Ынталандыру сыйлығы (3 адамға) — 10 мың теңгеден.

Байқаудың марапаттау рәсімі 2024 жылдың 10-тамызында Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қармыс ауылында Қойсана анамыздың кесенесінің ашылу салтанаты аясында өтеді.
Ұйымдастырушы: «Ақжолтай Ағыбай батыр» қоры
Мүшәйра туралы туындаған сұрақтарға жауаптарды мына телефон мен электрондық пошта арқылы ала аласыздар:
Байланыс тел.: 8 777 235 59 44. e-mail: bolatabenov75@gmail.com

ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Қойсана ана – Тарақты Байғозы батырдың қызы, Шұбыртпалы Ақжолтай Ағыбай батырдың анасы.

Ескерту: Қойсана ана туралы ақпарат мұнымен шектелмейді. Түрлі дереккөздермен танысып, іздену – ақынның өз міндеті мен мүддесі. Оған қатысты тарихи-әдеби деректерді түрлі кітапханалар мен мұрағаттардан да іздеп, танысуға болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір