Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді

Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жүлде қоры – 3 миллион теңге.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Қорғаныс министрінің қолдауымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасын өткізетінін хабарлайды.
Мүшәйра мақсаты:
– Жеңісті жырлау, батырлар ерлігін насихаттау;
– Әскери-патриоттық рухты көтеру;
– Қазіргі Отан қорғаушыларын қолдау және олар жайлы поэзиялық туындылар қалыптастыру.
Мүшәйраның номинациялары:
1-номинация:
– Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық батырлар, қаһармандық, патриотизм және Жеңіс тақырыбындағы 1 өлең.
2-номинация:
– Қазіргі Отан қорғаушыларына арналған, Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектері (танкист, ұшқыш, теңізші, артиллерист, барлаушы, байланысшы, десант т.б) өкілдерінің бейнесін сипаттайтын, ән мәтініне лайық 1 өлең;
Бұл номинация бойынша үздік шығармаларға ән жазылып, Қарулы күштер шығармашылық ұжымдарының репертуарына енгізіледі (автормен келісім бойынша).
Қатысу шарттары:
– Мүшәйраға 50 жасқа дейінгі ақындар
қатыса алады;
– Бұған дейін жарияланбаған, ешбір байқауға қатыспаған туындылар ғана қабылданады;
– Өлең көлемі 2 беттен аспауы тиіс (электронды нұсқада);
– Шығармаға қоса автор туралы қысқаша мәлімет, байланыс телефоны, жеке куәлігінің көшірмесі міндетті түрде ұсынылуы керек.
Шығармаларды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 30 мамырға дейін.
Электронды пошта: asker_mushaira@mail.kz
Қорытынды кеш 2025 жылғы 10 маусым күні өтеді.
Жүлдегерлер ғана арнайы шақырылады.
Жол шығындары қатысушылар тарапынан.
ЖҮЛДЕ ҚОРЫ – 3 000 000 ТЕҢГЕ!
Лайықты деген 10 ақынға 300 000 теңгеден жүлде табысталады.