Қос кітаптың тұсауы кесілді
24.11.2025
45
0

Ұлттық кітапханада поэзия мен прозада қатар қалам тербеп жүрген «Ана тілі» газетінің бөлім редакторы, қаламгер Дағжан Белдеубайдың қос кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға кітапсүйер қауым мен қаламгердің қаламдас әріптестері қатысты. Кітаптардың аты да ерекше – «Сұрқылтай» және «Жасыл сөздер».
Бірінші кітапта – «Сұрқылтай» романы мен он екі әңгімесі жарияланған. Ал «Жасыл сөздер» жинағында өлең, баллада, толғаулары бар.
Жиынды академик Қансейіт Әбдезұлы жүргізді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір