ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
24.12.2024
122
0

Жуырда Алматыдағы Жамбыл атындағы Жасөспірімдер кітапханасында Халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреа­ты, белгілі ақын Әлібек Шегебайдың 50 жасқа толу мерейтойына орай, «Көңілімнің көктемі» және «Өмірімнің өткелі» атты қос кітабының тұсауы кесілді. Ердің жасы – елуге толған қаламгер оқырмандарына осылай есеп берді.

«Көңілімнің көктемі» жинағына поэзия жыршысының әр жылдары жазылған өлеңдері енген. Ал «Өмірімнің өткелі» кітабында ақынның шығармашылығы туралы баспасөз беттерінде әр жылдары жарияланған мақала, сұхбаттар, аға буын қаламгерлердің және әдебиеттегі замандастарының пікірі жинақталған. Сондай-ақ ұлы тұлғалар мен қайраткерлерге жазған арнаулары да бар. Әлібек Шегебайдың осыған дейін жарық көрген «Алакеуім», «Әйнекке түскен Ай сәуле», «Ақ қауырсын» жыр жинақтары да кезінде оқырмандарының жоғары бағасын алған болатын.


Астанадан арнайы келген ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев мерейтой иесіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғысхаты мен «Алтын Барыс» төсбелгісін табыс етті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Кітап ісі басқармасының басшысы Алмас Мырзахметов министр Аи­да Балаеваның құттықтау хатын тапсырды
Сонымен қатар осы шараға арнайы келген шетелдік қаламгерлер кеш иесіне деген ыстық ықылас, жылы лебіздерін білдірді.
Кешті Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лау­реаты, белгілі ақын, баспагер Темірғали Көпбаев жүргізіп отырды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір